Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
№ 26 ОЖББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Акбалина Бақытқаным Ермеккалиевна
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сахналық қойылым
Қазыбек бидің даналығы
Басты кейіпкерлері:
Абылай хан: Темірболат Қуанов
Тайкелтір би: Дастан Жалмуханбетов
Бертіс хан: Манас Төлепқалиев
Малайсары батыр: Ернар Дуйсенов
Қазыбек би: Мади Хамидуллин
Қоңтажы: Елжас Едресов
Сыншы: Ғиният Сагидуллиев
Әжесі: Гульназ Елғондиева
Анасы: Аружан Құлымжанова
Қыздар: Гаухар Тюлюшева
Ұлы: Айгерім Жанбота
Қалмақтар: Наргиз Турақ, Ару Рысқали, Динара Мухамбетова
Шымылдық ашылады. Сахна төрінде жайдары жаз мезгілін суреттейтін декорация.(Тау суреті, жайлау, киіз үй, ауыл адамдары) жайлы әуен ойналады.
1-акт. Сахнада киіз үй жанында көрпе тігіп жатқан әже мен ана, асыр салып ойнап жүрген жастар.
Автор: Жайдары жаз мезгілі, алаңсыз бейқам жатқан қазақ елі.
Осы кезде ( қатты күй ойналады) арқасына оқ тиіп жараланған жас бала:
-Апа, жау шапты, қалмақтар қаптап келеді! -деп құлап түседі.
Анасы:
-Құлыным-ау, дүние не боп кетті, құдайым-ау!,-деп зарлайды.
-Анашым, құтқара гөр!
-Қызым, Гаухар, жіберіңдер жауыздар!
Барлық адамдарды қалмақтар байлап, матап алып кетеді.
2-акт.Хан ордасының суреті. Киіз үйдің іші, төрде Абылай хан қасында Тайкелтір би, Малайсары батыр, Бертіс хан.
Автор: Қалмақтың ханы Қоңтажы қазақ елін үш рет шауып алғанда, малдан бөлек , сол шабылғанның ішінде бірталай ұл мен қыз да кетіпті. Соны сұрап қазақтар елші жібермек болыпты.СондықтанАбылай хан ордасында Тайкелтір би, Малайсары батыр, Бертіс сияқты қазақ билері боп бас қосыпты.
Тайкелтір би:
-«Уа,хан ием, қалмақта шынымен-ақ ұлымыз құл, қызымыз күң болып кеткені ме? Қол жинап , бір шайқассақ қайтеді?» -деп Абылайдың алдына келіпті.
Сонда Абылай: «Біз әлі де тілі өткір елші жіберіп сынасқанымыз жоқ,іріктеп елші жіберейік ,оған есе бермесе шайқасайық!»-дейді
Осы кезде Қазыбек келеді.
Қазыбек: -Ассалаумағалейкум!
Абылай:
-Уағалейкумассалам! Көп жаса ,балам !
Кімнің баласысың, жөніңді айтшы?-дейді
-Атым Қазыбек, әкем Келдібек , Шаншардың немересі боламын,- дейді.
-Балам осылай асық ойнап , тай үйретіп жүргенің жақсы ма, жоқ, жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз танығаның жақсы ма?
-Балалық дәуір өтеді екен, оны да тастағым келмей тұр, бірақ жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз таныған теріс болмас,- дейді.
-Олай болса төрлет, балам.
Малайсары батыр:
-Ендеше аттанайық!
Қазыбек:
-Уа, хан ием батаңызды беріңіз!
Абылай хан:
-Ал,жігіттер, барыңдар! Жолдарың болсын, алдарың олжаға толсын, басшыларың Тайкелтір би болсын, хандарың Бертіс болсын, батырларың Малайсары болсын, атшыларың мына Қазыбек бала болсын! Аумин!
Автор: Сонымен Абылай қош айтысады.Елшілер бірнеше қиыншылықты басынан өткізеді, қиын асу белдерден де асады, суы ащы көлдерден де асады. Сұрай-сұрай Тарбағатай тауының таң жағында, Алтай тауының оң жағында отырған хан ордасына барып жетеді.
3-акт. Қалмақтың елінің ханы Қоңтажының ордасы.Төрде хан отыр, қасында сыншы қария бар.
Қазақты елшілері келеді.
-Кімсіңдер?
-Біз қазақ елшілеріміз
-Қонақтарды орналастырыңдар!
Қалмақ ханы сыншысына:
-Қазақтарды сынап көрдіңдер ме?
Сыншы:
-Уа, хан ием, жылқының ішінде бір бала жатыр, екі аяғы екі екі жақта, екі қолы екі жақта, құлаш ұрып жатыр екен. Аузынан жалыны атқылап тұр екен. «Аузым жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін,төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлеуге жараймын, халықты қара шыбындай аузыма үймелетемін»,-деп тұр екен.
Автор:
Ол өзі бала болса, өзі аттың ішінде жатса, бұл жолы атына ие болып қайтар.Ол ер жетіп сүбемізді суырғанша талай өмір өтер. Олай болса, бұларды қамамайын, қазақтарды еркіне жіберейін ,-деген ойға келеді хан.
Хан:
-Иә, қазақтар неге келдіңдер, айтатындарың болса, айтыңдар,-депті
Тайкелтір:
Өлеңді өзгеге бердік,
Өрлікті төменге бердік.
Алдияр тақсыр, алдыңа келдік.
Берсең алдық.
Сөзді өзіңе салдық!-деп үш ауыз өлеңмен сөз бастайды.
-Олай болса, кешке дейін бір жауап айтармын, аман тұрғандарыңда елдеріңді тапқандарың дұрыс болар –деп менсінбей сөйлейді.
Осы кезде Қазыбек шыдамай Қоңтажыға келіп қарысып тұрып:
-Дат, тақсыр!
-Датың болса айт,дауысың қаздың дауысындай қаңқылдап тұр ғой!
Қазыбек:
-Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт- береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп , найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса ,күң боламын деп тумайды.Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.
Сен қалмақта біз қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз,
Сен темір де біз көмір,
Еріткелі келгенбіз,
Екі еліктің лағын
Теліткелі келгенбіз,
Танымайтын жат елге
Танысқалы келгенбіз,
Танысуға келмесең,
Шабысқалы келгенбіз,
Сен қабылан да, біз арыстан,
Алысқалы келгенбіз,
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз,
Тұтқыр сары желімбіз
Жабысқалы келгенбіз,
Берсең жөндеп бітіміңді айт,
Бермесең дірілдемей жөніңді айт,
Не тұрысатын жеріңді айт!-депті
Сонда Қоңтажы не дерін білмей сасыпты.
-Өзің сөзге келетін бала болатын болсаң, отырған орның қандай төмен еді,былай жоғары шықшы, жоғары!
-Жаным, Қазыбек, сен жаңа үйреткен жас тұлпар екенсің, саған екі түрлі белгі беремін. Біреуі- сенің даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен,сондықтан сенің атың бұдан былай «Қаз дауысты Қазыбек» болсын:
Екінші –Тоқсан жеті жүлдені саған арнап байладым, бұдан былай сен екі сыбағалы бол!-депті.
-Қане, тұтқындағы қазақтарды босатыңдар!(Халықты босатқан кезде бәрі мәре-сәре болып қуанып бір-бірімен құшақтасып жатады)
Қазыбек:
-Ал, менің дауым бітті, енді қош айтысуларыңа болады.
Қонтажы:
-Қош болыңдар!
(Бәрі қоштасып сахнадан шығып кетеді)
Сыншы қария:
-Бір жұдырықтай баладан қарасуға түсіп, осынша дірілдеп кеткеніңіз не?
Қоңтажы:
-Сендер білген жоқсыңдар. Сөзді өңменімнен сұғып айтқан кезде, екі иығымнан екі аю аузынан от шашып «тыпыр» етші, «көрейін» деп тұрды.Мінеки мен содан қатты сескендім.
Автор: Мал –жанын түгел қайырып алып, Қазыбек бастаған қазақ елшілері көшкен елдей гулеп жүріп кеткенде, қасында бір топ кісісі бар Қоңтажы тоналғандай мең-зең болып бір дөңнің үстінде қала беріпті.Қазақ халқы сол бір жаугершілік заманда қазақтың биі
Қаз дауысты Қазыбектің даналығының арқасында аман-есен елге оралыпты.
|