Сабақтың тақырыбы
|
күні /уақыты
|
Сынып
|
Мамандық таңдау –жауапты қадам
|
26.02.15ж.
Сабақ ұзақтығы - 45 минут
|
10 сынып
Оқушылар
саны - 9
|
1) Сабақтың мақсаты:
1.”Мамандық “ құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау туралы ұғым беру, мамандық таңдаудың негізгі тәсілдерін таныту.
2. шағын мәтіндерді құрастыруға үйрету; сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін
дамыту, диалог арқылы еркін сөйлеуге үйрету; топта, жеке жұмыс істеу;
Оқушылардың оқу, жазу, тыңдау және ойлау дағдыларын қалыптастыру.
3. Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.
Еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру.
|
2) Сілтемелер: интерактивті тақта, плакат, маркер, суреттер, стикерлер,
смайликтер.
Үй тапсырмасын сұрау: 120 бет. 3-тапсырма
Мәтіннен туынды зат есімдерді, қос сөздерді теріп жазу.
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
3) Тренинг өткізу. Слайдтарды көру.
|
Слайд арқылы сабақтың
тақырыбын анықтау.
Оқушыларға түрлі – түсті смайликтер
беріледі, түстері бойынша
балаларды топтарға бөлу.
|
4) Қызығушылығын ояту
Мұғалімнің іс-әрекеті
- Балалар, мамандық дегеніміз не?
Балалардың пікірлерін тыңдау.
5) «Миға шабуыл» стратегиясы 121 бет
1-тапсырма. Мәтіннің басты ойы кандай?
«Менің сүйікті ісім» жаттығуы
/Мысалы: Мен тамақ дайындауды ұнатамын. Мен аспазшы болғым келеді.
Мен сурет салуды жақсы көремін, бірақ суреші болмаймын. Мен құрылысшы боламын. Бұл керекті мамандық./
|
Оқушылардың іс-әрекеті
Оқушылардың сұрақтарға
жауап беру
Ол:Кәсіп, Сүйікті іс,
Шығармашылық,
Қызығушылық, Еңбек көзі.
/Түйін:
Тек қана еңбек адамды
адам қылады.
Еңбексіз өмір –
сөнген көмір/
Басты ой:
Мамандық таңдауда
қателеспеу керек,
өзіңе не қажет екенін білу.
Әркім өздерінің
істейтін сүйікті істерін
айта отырып,
өзінің болашақ
мамандығын атайды.
|
6) Мағынаны тану:
СТО- бойынша жұмыс ұйымдастыру
Топ құру. Тапсырмаларды бөліп топтарға беру. 121 бет 2 тапсырма
|
Жаңа тақырыпты ашу.
/ «Мамандық таңдау
–жауапты қадам» /
|
7)
Топтарды атап, тапсырма бөліп беру.
1-топ «Аудармашылар» жаңа сөздердің лексикалық мағынасын анықтау.
2-топ «Журналисттер» III деңгей тапсырмасын орындап, шағын диалог құрастыру .
3-топ «Кеңесшілер» 123 бет мәтіннің мазмұнын түсіну және кеңес нұсқасын құрастыру.
|
Оқушылар мәтінді /
121 бет 2 тапсырма
/ өз беттерімен жеке оқиды.
Сөздіктерді пайдалана,
жаңа сөздерді аударып
тақтаға жазып дайындайды.
Оқушылар өз беттерімен
сұрақтарын оқып,
жауатарын мітіннен табады, көпшілікке дайын
диалогты ұсынады.
Оқушылар мамандық
таңдау тәсілін кеңес
ретінде басқа
топ балаларға береді.
|
8) Қорытынды. Мұғалімнің іс-әрекеті
Әр топқа тапсырма беріледі «Ұстаз», «Диқаншы», «Дәрігер» мамандықтарды флипчарт жасап қорғау.
|
Оқушының іс-әрекеті
«Автор микрофоны»
Оқушылар топпен
жұмыс жасайды,
ой бөліседі,
талқылайды және
бір шешімге келеді,
плакатқа түсіреді.
Спикер ортаға шығып,
флипчартты қорғайды,
басқа топтың сұрақтарына
жауап береді.
|
9) Рефлексия. Топтарға құрамы екіге
бөлінген мақал-мәтелдер беріледі.
Еңбек ерді танытады, ер елді танытады.
Жақаулық аздырады, еңбек оздырады.
Жақсы жұмыс – жанға тыныс.
Тек жүргенше – тегін істе.
Тігіншіні – ине асырайды.
|
Бөлінген мақал-мәтелдерді
жинап, мағынасын ашу.
|
10) Бағалау. Сабақтағы топтардың жұмысын, оған белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
|
Топтар бір- бірін бағалайды
|
11) Ү/ж: 122 бет
IIIдеңгей. Еңбек туралы мақал – мәтелдерді қайталау.
IIдеңгей: Туынды зат есімдерді тауып талдау. кейінді ықпал бар сөздерді теріп жазу.
I деңгей: Бір мамандық бойынша берілген жоспар негізінде презентация дайындау.«Менің болашақ мамандығым» тақырыбына эссе жазу.
|
Күнделікке
тапсырманы жазу.
|
|
|
|
|
|