|
сабақ жоспары
| 23.01.2015, 10:09 |
СҚО,Тайынша ауданы, КММ «Тайынша қаласындағы №1 орта мектебі» қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Байзульда Зура Хамитовна Сабақтың тақырыбы: «Менің досым» 6-сынып Сабақтың мақсаты: Білімділігі:Жаңа сабақ бойынша ауызекі сөйлеуін қалыптастыру.Жаңа сөздерді меңгерту .Сан есімді ажырату білу. Дамытушылық: Оқушылардың мәтін арқылы тіл-байлығын дамыту. Тәрбиелік: Достық қарым-қатынасты нығайту. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, пікірлесу. Көрнекілік:суреттер,интерактивті тақта. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі ІІ Үй тапсырмасын тексеру «Миға шабуыл»әдісі арқылы тексеру. Жаңа сабақ Бейнетаспадан «Екі дос» арасындағы әңгімені тамашалау арқылы сабақтың тақырыбын ашу. Сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Сенің досың бар ма? 2. Ол қалай оқиды? 3. Оның аты кім? 4. Оның мінезі қандай? 5.Досың неше жаста? 6.Қалай ойлайсың ол адал дос бола па? 7.Досың қандай үйірмелерге қатысады? Жаңа сөздермен жұмыс. Аласа – не высокий Орташа- среднего Жомарт – щедрый Жауапты -ответственный Адал -верный Әдепті -вежливы Мінезі –характер 1-тапсырма. Керекті сөздер арқылы досына мінездеме бер? Мейірімді Сабырлы Кешірімді Тәртіпті Ақылды Жомарт Адал 2-тапсырма. Мақалды жалғастыр. 1.«Дұшпан .... айтады, дос....айтады». 2. «..........ақшаң болғанша, жүз досың ...». 3. «Досы көппен .... , Досы жоқпен ... ». 4. «Досы ... , жау алмас». 5. «.... басқа қарайды, ... аяққа қарайды». Керекті сөздер:күлдіріп, жылатып,жүз сом,болсын,сыйлас,сырлас,дос,дұшпан,көпті. 3-тапсырма. Сан есімнің түрлерін ата? Менің досымның аты-Денис.Ол он бір жаста.Біз №1мектепте алтыншы сыныпта оқимыз. Астана көшесінде жүз екінші үйде тұрады.Досымның менен бір жас үлкендігі бар. 4 -тапсырма. Сұрақтарға жауап жаз. Сенің досың бар ма? Менің досым ........ Аты кім? Аты ......... Ол қайда тұрады? Ол .......тұрады Қай мектепте оқиды? Ол ......мектепте оқиды Нешінші сыныпта оқиды? Ол .....сыныпта оқиды Ол қалай оқиды? Ол .......оқиды. Жаңа сөздер Тірек- сызбамен жұмыс.Сабақты қорытындылау. жасы салмағы қанша?
қалай оқиды? Менің досым ермегі не?
аты кім? бойы,шашы қандай?
Тегі аты бойы мінезі шашы үлгерімі Медведев Дима ұзын момын Қысқа,сары Оқу озаты Үйге тапсырма : Дос туралы мақал –мәтелді жаттап келу. Бағалау.
|
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: qwer
|
Просмотров: 2387 | Загрузок: 0
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|