Сабақтың тақырыбы: Себеп бағыныңқылы сабақтас.
Білімділік мақсаты: оқушыларға жаңа ұғымды, себеп бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқысының жасалу жолдарын ұғындыру, басқа сабақтас сөйлемдерден ажырата білуге және ұқсастығын тануға дағдыландыру, білім,білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: әдебиетті оқуға баулу, жақсы мінез-құлыққа, ұқыптылыққа, ойшыл, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Өз ойын дәлелді, жүйелі айта білу, ой қорытындысын жасау қабілетін дамыту, сөйлеу тілін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндірмелі оқыту, сөзжұмбақ шешу,сөйлемдер талдау (синтастиктік, морфологиялық), сұрақ-жауап,ой қорыту.
Пәнаралық байланыс: әдебиет. Әдеби көркем шығармалардан алынған мысалдар.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кубик.
Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру. кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемге бес-алты сөйлем жазып, жасалу жолдарын түсіндіру.
III.Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Сабақ құпиясы-сөзжұмбақ.
4.Жаңа сабақ (кесте бойынша ауызша талдап түсіндірy).
5.Ойлан, тап (мәтінмен жұмыс).
6.Оқулықпен жұмыс (себеп-салдар салаласты себеп бағыныңқылы сабақтасқа айналдыру).
7.Ой жалғау.
8.”Кубизм” әдісі бойынша сабақты қорытындылау.
9.Үйге тапсырма.
10.Бағалау.
IV. Сабақ құпиясы- Сөзжұмбақ.
Өз бетімен жеке сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысатын сөйлем.
Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің мағыналық өзгешілігі.
Сабақтас құрмаластың салаластан айырмашылығы ?
Бөжейлер әбден жайланып отырғаннан кейін, бұл үйге Құнанбай келіп кірді.Сабактастың қай түрі ?
Айтушының көңіл-күйін білдіретін сөйлемнің түрі (Лепті).
V. Жаңа сабақ
Оқушылар назарын тақтада жазылған мысалдарға аударамын. Жаңа сабақты кестеде жазылған мысалдарды оқи отырып, түсіндіремін.
Бағыныңқының баяндауышы
Тұлғалық белгісі
Сұрауы
Мысалдар
1.Есімше
-қан {+дықтан}
-кен {+діктен}
қан
(-кен) соң
Неліктен?
Қайткен соң?
Не еткен соң?
Неге?
Қастарында көлденең кісілер болғандықтан, Оспан Абайға айтам деген оқшау сөзін бастаған жоқ.
Айтқандарым жаққан соң, алыс –жақын тыңдайды.
2.Көсемше
-ма,-ме+й
Қайтпей?
Не етпей?
Не себепті?
Үйге кірерін де, кірмесін де білмей, Асқар есік алдында тұрып қалды.
3.Етістік негізді
-ып,-іп,-п
деп
Қайтіп?
Неліктен?
Алдыңа келіп тұрмын деп, ар-намысымды қашырман.
VI. Ойлан, тап (мәтінмен жұмыс)
А) Абай есіктен кіре, үйде отырған үлкендерге ашық
дауыспен, айқын сәлем берді. Қонақтар көптен бері
Абаймен көріспегендіктен ғана, бүгін қонақша отыр.
Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің
бәрі де дағдыдан тыс, ерте көшіп еді. Қонысымыз
алыс болғанымен, көңіліміз жарқын. Ербол да сөздің
асыл болатын сипаттарын білсе, досы Абай сияқты
сөзін таза, мінсіз шығаратын еді.
1 . Себеп бағыныңқылы сабақтасты тауып,
жасалу жолдарын түсіндір
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
Б) Орындары ауысқан басыңқыны анықта
Араларына түсетін Абай кейін өзінше түйін түйді
арашашы болмай,
екеуі де әбден
титықтап шаршады
Бұл мәжіліс еңбек
айынан басталған-
дықтан,
(Сабақтас құрмаластың түрін анықтап, бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштарына морфологиялық талдау жаса)
VII. “Ой жалғау” Төмендегі сөйлемдердің басыңқы сыңарларын ойдан жазып, себеп бағыныңқылы сөйлем құрау
Қуанышы қойнына сыймай, ...
Соны Ербол біліп қоймасын деп,...
Қастарында көлденең кісі болғандықтан,...
Қысқа жіп күрмеуге келмей,...
VIII. «Кубизм» әдісі бойынша сабақты қорытындылау.
а) Суреттеңіз. Себеп бағыныңқы туралы айтады
ә) Салыстырыңыз. Себеп – салдар салаласты себеп бағыныңқы сабақтаспен салыстырады.
б) Зерттеңіз.Себеп бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдарын баяндау.
в) Саралаңыз. Басқа сабақтастармен ұқсастығын әңгімелеу.
г) Қолданыңыз. Себеп бағыныңқы сабақтасқа ойдан сөйлем құрайды.
ғ) Қорытындылаңыз.
8.Үйге тапсырма.
196 - жаттығу
9.Бағалау.
Презентация;
https://yadi.sk/i/eJWNDLOPcZym6
|