Қ Ы С Қ А М Е Р З І М Д І С А Б А Қ Ж О С П А Р Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі : Байбосынова Алтынай Бейбитбайевнаның
Пәні: қазақ әдебиеті Сынып :10 Тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы .Жаман мен жақсы Мақсаты:. Өмірбаяны туралы мәлімет жасау Міндеттері: 1. Жеке жұпта, топта жұмыс жасауға үйрете отырып, бір-бірімен пікірлесуіне мүмкіндік беру; 2.Өлеңнің мазмұнын талдау арқылы негізгі идеясын түсіндіру; 3.Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді ажыратып, жақсыдан тәлім алуға тәрбиелеу. Қолданылған модульдері: диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, ОүБ және ОБ, АКТ қолдану, талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық. Стратегиялар: «Ыстық орындық»; миға шабуыл, түртіп алу әдісі, жұптас,ойлан,бөліс;Де Бононың 6 қалпағы Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет? Стикер, топ аттары жазылған қағаздар, флипчарт, маркер. «Өзін-өзі бағалау» ресурсы. Флипчартқа .Өзін-өзі бағалау парағы
Сабақ жоспары Сабақ кезеңдері Уақыты Кіріспе . Тұсаукесер. Жоспар мазмұны Ұйымдастыру кезеңі. 5минут Мұғалімнің іс-әрекеті Психологиялық ахуал тудыру. Шеңбер формасында оқушыларды тұрғызып,бір оқушыға гүл ұсыну,қасындағы оқушыға реттілікті сақтай отырып, тілек айтқызу. Бірден беске дейін реттілікті сақтап санау арқылы топқа бөлемін. Топ ережесін құру. Неліктен шағын топқа бөліндік, шағын топқа бөлінудің мәні неде деп деп ойлайсыздар, шағын топқа бөлінген оқушылармен қандай жұмыс істеуге болады деген сұрақ реттері қойылады.
Оқушының іс-әрекеті Оқушылар шеңбер формасында тұрып, бірінші оқушы қолына гүл ұстап, қасындағы оқушыға әдемі сөздермен бүгінгі сабағына сәттілік тілеп, қолындағы гүлін ұсынады. Әрі қарай екінші, үшінші.т.б. оқушылар осы реттілікті сақтап жалғастырады. Сынып оқушылары 5 адамнан 5 топқа бөлінеді. Әр топ топтық жұмыстың «Алтын ережесіне» өз қағидаттарын ұсынады. Топ ережесі постерге тізбектеліп жазылған соң, оқушылар қолдарын қойып, қағидатты бекітеді. Қызығушылықты ояту сатысы «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы үйге берілген тапсырманы тексеремін. Миға шабуыл. Жамбыл Жабаев кімнен бата алған? Сабақтың мақсатын айтамын да, енді оқушылардың мақсатын білгім келетіндігін хабарлаймын. Ал, балалар, сіздердің бүгінгі сабақтан не білгілеріңіз келеді? Допты алған бірінші оқушы тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Жауап берген соң допты лақтырып келесі оқушы жауап беруге келеді. Сүйінбайдан бата алғандығын айтады.Оқушылардың мақсаттары толық тыңдалып, ескеріледі. Сөйтіп оқушы да сабаққа мақсат қоюға тартылады.
Негізгі бөлім : Мағынаны ажырату сатысы Жамбылға өз батасын берген Сүйінбай кім екен? Бейнеролик арқылы Сүйінбайдың «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» толғауын тыңдатамын. Жақсы деген немене, жаман деген немене? Қандай адам жақсы, қандай адам жаман? Осы сұрақтар Сүйінбай ақынды да толғандырған екен. Олай болса, ақын өлеңінен жауап іздеп көрелік. Ал енді тақтадағы сөздерге, сөз тіркестеріне мән беріп қарайық. Бұл сөздердің мағынасы не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар? Жақсы және жаман сөзін естігенде ойларыңа не келеді?
Мұғалім мен оқушының диалогы: Жақсы деген сөзді неге, қандай жағдайға байланысты айтсақ болады? Жаман сөзі туралы не айта аласыңдар?
Топтық жұмыс: Топтарға үлестірме материал ретінде таратылады. 1-топ Жақсы адам туралы өз ойларыңды жазыңдар 2-топ Жаман адам туралы өз ойларыңды жазыңдар 3-топ Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді бағалайсыңдар? 4-топ Егер жаныңдағы досыңның бойынан жаман қасиетті байқасаң, қалай көмектесер едің? 5-топ Адамның жақсы,жаман болып қалыптасуына ненің әсері күшті?
Топтастыру арқылы әр топ жұмыс жасайды Әр топтан 1 оқушыдан шығып қорғайды
«Түртіп алу» әдісі Оқи отырып, қарындашпен өздерің үшін түсінбейтін жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің немесе өлең қатарының тұсына + белгісін қойып отырыңдар. Жазып болған соң топта талқылайды.
Тақтадағы кестеге ретімен әр топтан оқушы шығып толтырады.. Топ болып талқылайды,тақтаға шығып, 1 оқушы оқып немесе түсіндіріп береді
«Жұптас,ойлан,бөліс» стратегиясы (жеке ойлануға 1 мин,жұпта ой бөлісеміз,топта талқылаймыз, топтан 1 оқушы жауап береді)
Ешкімді жатсынбайды,сөзіне сақ, жүзі жылы, сөзі майда, үлкен –кішіні сыйлайтын, ақылшы адам. Өтірікші,өсекші, ұрыншақ, тентек,өсек-аяң айтатын адам
Қорытынды. Ой толғаныс сатысы Жаңа сабақ барысындағы алған білімін саралап, өздерінің не үйренгенін байқап, тереңдете түсу мақсатында Де Бононың 6 қалпағын қолданамын. Қызыл қалпақ Жақсы мен жаман туралы ойыңды айт Сары қалпақ Саған не ұнайды Жасыл қалпақ Сенде қандай идея бар? Ақ қалпақ Саған қандай ақпарат қажет? Қара қалпақ Саған не ұнамайды? Көк қалпақ Осы қасиетер туралы жалпы түсінігің қандай? Қорытынды : Оқушылар сабақтан алған,түйгендерін саралайды. Ойлаудың алты қалпағынан өткізеді.
Рефлексия Мұндағы мақсат оқушының өз идеясының дұрыстығына көз жеткізу. 2 жұлдыз,1 тілек
Бағалау. Өзін-өзі бағалау парағы арқылы (Әр тапсырма әр смайлик 1 ұпай болып саналады. Сабақ аяқталып, бағалайтын кезде әр оқушы жинаған смайликтерін дауыстап айтады, мұғалім соған қарап, бағалайды. ) Стикерге жазады Оқушылар кестені толтырады, мұғалімге жинап бермес бұрын, ниет білдірген оқушылардың талдауы тыңдалады.
Үйге тапсырма беру. Сүйінбай Аронұлына хат жазу, жақсы мен жаман сөзіне байланысты мақал-мәтелдер жазып келу.