Воскресенье, 22.12.2024, 11:07
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 950
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Казахский язык и литература

Зат есім
[ · Скачать удаленно () ] 04.02.2015, 14:25

 

Жақсылықова Райхан Молдахметқызы

Сабақтың тақырыбы:  Зат есім

 Сабақтың мақсаты: 

1.Білімділік:  Оқушыларға сөйлем ішінен зат есімді табуды, оның  түрлерін ажыратуға,басқа сөздермен байланысын анықтауды, сұрақ қоюға,дәлелдеуге  үйрету.

2. Дамытушылық:  Оқушылардың ойлау қабілетін , сауаттылығын, тіл байлығын дамыту.

3.Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, кішіпейілділікке,ұйымшылдыққа,жан-жақты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу .

Сабақтың жоспары:   

  • Ұйымдастыру
  • Психологиялық дайындық
  • Үй тапсырмасын тексеру
  •  Қызығушылықты ояту
  • Мағынаны ашу
  • Оқулықпен жұмыс
  • Ой толғау
  • Үйге тапсырма
  • Бағалау

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

  • Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік.

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім!

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

- Міне, балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі-туған тіліміз қазақ тілі сабағыма бүгін қонақтар қатысып отыр.

Қонақтарға амандасып сабағымызды бастайық .

      Амансың ба, Алтын күн!

      Амансың ба, көк аспан!

 Амансыз ба ,ұстаздар!

      Амансың ба,достарым!

Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

     1. 7-жаттығуды тексеру

     2.Өткенді пысықтау

ТЕСТ алу

1. Түбір сөзді тап.

    а) жақсылық        ә) күй        б)әншілер

2. Түбірге жалғанған бөлік не деп аталады?

    а) қосымша         ә) түбір      б)түбірлес сөз

3. Қосымшаның неше түрі бар?

    а) 4                       ә) 2             б)3

4. Жұрнақ деген не?

    а)  сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша    

    ә) сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі

    б) сөз мағынасын өзгертетін қосымша

5. Жалғау деген не?

    а) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша

    ә) сөз мағынасын өзгертетін қосымша

    б) бір түбірден жасалған сөздер

6. Сөз таптарын тап.

    а) жұрнақ, жалғау        ә)тұрлаулы мүшелер   

    б) зат есім, сын есім, сан есім, етістік

ІІІ. Жаңа сабақ. Ребусты шешу. Зат есім

Зат есімді топтастыру.

Жалпы есім,жалқы есім,зат есімнің жекеше,көпше түрі,зат есім тәуелденуі,негізгі зат есім,туынды зат есім

   а)Зат есім туралы не білеміз? ә) Зат есім нені білдіретін сөз табы?,ол қандай сұрақтарға  жауап береді ?  б) Зат есімнің  қандай түрлері бар? в) Негізгі  зат есім деп  қандай зат есімді айтады?Мысал келтір д) Туынды зат есім деген не?Мысал келтір.т.б   

Терме диктант.Сөздердің ішінен зат есімді теріп жаз.

 Сағат                               Келді                              

Секірме                            Күн

Балапан                           Дорба

Оқыды                             Гүл

Бота                                 Биледі

Тырна                              Домбыра

Күлді                               Үйренді

ІV. Оқулықпен жұмыс:

 1-жаттығу. Суреттерге қара.Суреттегі құстардың атын білмеген жағдай-ларды білу үшін қандай сұрақ қоясың?

2-жаттығу. Суретке қарап,зат есімдерді тауып айт.

Адамға қатысты сөздерге кім? кімдер? жануарлар мен заттарға не? нелер?деген сұрақ қойылады?

Сергіту сәті: «Қол шапалақтау» ойыны

3-жаттығу.Мәтінді көшіріп жазу.Мәтіннен зат есімдерді тауып,астын сызу.

Өздік жұмыс.

 (Әр топқа жеке-жеке жұмыс беру)

             1-топ: Мақалдардан зат есімді табу:

1.Әке- асқар тау.

2.Шешен сөз бастайды,батыр қол бастайды.

3.Ер қанаты –ат.

            2-топ: Сөздерді сызбамен байланыстыру

Шымшық                                        сайрайды

Үйрек                                              қаңқылдайды      

Бұлбұл                                            шықылықтайды 

     Жылқы                                            барқылдайды

Қаз                                                  кісінейді

 

4-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып,көшіріп жазу.

Жұмбақтар шешу.

Шығармашылық тапсырма:«Орным қайда?» ойыны.

5-жаттығу.Оқы,әр қатардағы сөздерді жинақтап бір сөзбен қалай атауға болатынын айт.

«Гүлдерді орналастыр» ойыны

V .Сабақты қорыту: Семантикалық картамен жұмыс

  • Зат есім  туралы не білеміз?
  • Зат есім нені білдіретін сөз табы?
  • Ол қандай сұрақтарға  жауап береді ?
  • Зат есімнің қандай түрлері бар?
  • Жалпы есім деген не?
  • Жалқы есім деген не? 

VІ.Үйге тапсырма: 6-жаттығу

Бағалау. 

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Kairat
Просмотров: 1394 | Загрузок: 378 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика