Воскресенье, 22.12.2024, 11:16
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 950
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Химия и биология

«Жас химиктер» Интеллектуалды сайыс
[ Скачать с сервера (59.5 Kb) ] 31.03.2013, 12:26

Турешов Мирасбек Берікқалиұлы

ЖББ Т.Жароков атындағы орта мектептің

химия пәнінің мұғалімі

 

«Жас химиктер»

Интеллектуалды сайыс

 

 

Жүргізуші: - Армысыздар ұлағатты ұстаздар, құрметті оқушылар!!! Елбасымыз өз жолдауында Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі ең біріншіден білім беру саласына қатысты екендігін қадап айтқан болатын. Алдыңғы қатарлы елдермен бәсекеге қабілетті болу үшін де сапалы білім болуға тиіс екендігі бұлжымас заңдылық. Сапалы білім – саналы ұрпақ. Ендеше, осы мақсатта оздырылғалы отырған «Жас химиктер» интелектуалды сайысына қош келдіңіздер!!!

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, алдымен сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырсақ. (сайысқа қатысушылар таныстырылады.)

Сайыс  болға жерде төреші болатыны даусыз. Сайысымызға бақылау жасайтын тәуелсіз сарапшыларымызды таныстырып өтсек. (сарапшылар таныстырылады)

 

Жүргізуші: - Сайысқа қатысушыларды сайыс барысымен таныстырып өтсек.

Сайысқа 6 ойыншы қатысады.

-         Бірінші айналым «Бәйге». Бұл бөлімде 8-9 сынып химия пәнінен 10 тест сұрақтары беріледі. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

-         Екінші айналым «Дода». Бұл бөлімде алғашқы айналымда жинаған ұпайлар толығымен сақталады. Сонымен қатар, 6 ұяшық берілген. Бірінші айналымда ең төмен ұпай жинаған ойыншы ұяшықты бірінші таңдау құқына ие. Әр ұяшықта 5 сұрақтан жасырылған. Әр сұраққа жауап беру уақыты 10 секунд. Осы айналымнан кейін екі тур қорытындысы шығарылып, ұпайы төмен 3 ойыншы сайыстан шығарылады.

-         Үшінші айналым «Көкпар». Бұл айналымда 3 тақырып беріледі. Әр тақырыпта қиындығына байланысты 10, 20, 30, 40, 50 ұяшықтары бар. Сайысты ұпайы жоғары ойыншы бастайды.

Сайыс барысымен таныс болсақ, «Жас химиктер» интелектуалды ойынын бастаймыз.

Іске сәт!!!

Бірінші айналым «Бәйге».

 

І-айналым тапсырмасы.

  1. Төмендегі құбылыстардың химиялық реакцияға жататыны:

А) мұздың еруі    

 Ә) қанттың еруі     

 Б) күкірттің жануы

 В) сүттің қайнауы

 

2. Қай қосылыста оттегінің тотығу дәрежесі -1 - ге  тең?

А) Na2O          Ә) H2 O2      Б) OF2  В) KNO3

 

 

 

3. Өнеркәсіпте оттегі алу үшін қолданылатын зат:

А) судан   Ә) KMnO4      Б) KClO3   В) ауадан

 

4. Бром Br2 молекуласындағы химиялық байланыс түрі:

А) иондық 

 Ә) сутектік   

Б) ковалентті полюсті  

 В)ковалентті полюссіз

 

5. Диссоциация кезінде анион ретінде тек гидроксид – ион түзетін заттар:

А) сілтілер   Ә) қышқыл тұздар   Б) қышқылдар  В) қос тұздар

 

6. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері:

А) ақ , қызыл , қара;     

Ә) алмаз, графит, карбин;     

Б)ромбты, моноклинді, пластикалық; 

 В)кристалды, аморфты;

 

7. Атомның электрондық деңгейлер санын қалай анықтайды?

А)реттік нөмірі бойынша   

 Ә)топ нөмірі бойынша   

Б)период нөмірі бойынша     

В) атом массасы бойынша;

 

8. Еріген заттың массалық үлесі өлшенеді:

А) граммен  

Ә)мольмен  

Б)г/мольмен   

В)пайызбен

9. Na2 SO4  қосылысындағы күкірттің валенттігі нешеге тең?

А)3  

Ә)4  

Б)5  

В)6

10. Суды толық тазарту үшін қолданылатын әдіс:

     А)фильтрлеу   

Ә)хлорлау  

Б)дистельдеу 

В)тұндыру     

 

 

 

 

 

 

 

 

Екінші айналым «Дода».

 

ІІ-айналым тапсырмасы.

І-ұяшық.

1.     Периодтық жүйенің кіші периодтарындағы химиялық элементтердің ядро заряды ұлғайған сайын атом радиусы қалай өзгереді?

(периодты өзгереді немесе кішірейеді)

2.     Электртерістіктері бірдей атомдардың арасындағы байланыс түрі.                                      (ковалентті полюссіз)

3.     Диссоциация кезінде катион ретінде тек сутек ионын түзетін қосылыстар. (қышқылдар)

4.     Зат массасының сақталу заңын ашқан ғалым. (Ломоносов)

5.     Қалыпты жағдайда 5 моль газдың көлемі. (112 л)

 

ІІ-ұяшық.

1.     Периодтық жүйеден негізгі топша элементінің валенттігін қалай анықтайды? (топ нөмірі бойынша)

2.     Электртерістіктері әр түрлі, ортақ электрондар жұп есебінен түзілетін байланыс түрі (ковалентті полюсті)

3.     Диссоциация кезінде катион ретінде сутек және металл иондарын түзетін қосылыстар (қышқыл тұздар)

4.     Электролиттік диссоциациялану теориясының авторы. (С.Аррениус)

5.     10 моль күкірттің массасы. (320 г)

 

ІІІ-ұяшық.

1.     Период бойынша бейметалдық қасиеті қалай өзгереді?

              (солдан оңға қарай артады)

2.     Авагадро санының сандық мәні. (6,02*1023)

3.     Мыс атомындағы байланыс түрі. (металдық)

4.     Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан ғалым. (Ж.Л Пруст)

5.     12 моль натрий гидроксидінің NaOH массасы. (480 г)

 

ІV-ұяшық.

1.     Топ бойынша бейметалдық қасиеті қалай өзгереді?

                (жоғарыдан төмен қарай кемиді)

2.     Заттардың еріген немесе балқыған күйінде иондарға ыдырауы. (диссоциациялану)

3.     Ас тұзы NaCl молекуласындаңы байланыс түрі. (иондық)

4.     Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын жасаған орыс ғалымы (Бекетов Н.Н.)

5.     10 моль азоттың N2 көлемі.  (224 л)

 

 

 

 

 

V-ұяшық.

1.     Неліктен период бойынша солдан оңға қарай металдық қасиет кемиді? (атом радиусы кішірейгендіктен)

2.     Жылу мен жарық бөле жүретін реакциялар (жану реакциясы)

3.     Cl2 хлор молекуласындағы химиялық байланыс.(ковалентті полюссіз)

4.     Периодтық заңды ашқан ұлы орыс ғалымы. (Д.И Менделеев)

5.     К2Сr2О7 молекуласындағы хромның тотығу дәрежесі (+6)

 

VІ-ұяшық.

1.     Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай бейметалдық қасиет кемиді. Неліктен? ( атом радиусы артады)

2.     Әрекеттесуші заттардың құрамына кіретін атомдардың тотығу дәрежелерінің өзгеруі арқылы жүретін реакциялар.              

                      (тотығу-тотықсыздану реакциясы)

3.     Электртерістігі ең жоғары элемент (фтор)

4.     Қоршаған орта факторларының әсерінен металдардың бүлінуі (жемірілу, коррозия)

5.     К3РО4 фосфордың тотығу дәрежесі (+5)

 

 

Үшінші айналым «Көкпар».

ІІІ-айналым тапсырмалары.

«Элементтер» тақырыбы.

 

10-ұпай.

Периодтық жүйедегі ең жеңіл элемент. Латыншадан аударғанда «су тудырушы» деген мағына береді. Алғаш рет 1776 жылы ағылшын ғалымы Генрих Кавендиш алды. (Сутегі.  Аr(Н)-1,008)

 

20-ұпай.

Ол иіссіз, түссіз, дәмсіз газ. 18 ғасырда оны ағылшын химигі Дж. Пристли мен швед ғалымы К.В. Шееле алған болатын. Лабораторияда оның массалық үлесі көп, тез айырылатын заттардан алады. Табиғатта фотосинтез процесі кезінде бөлінеді. (Оттегі)

 

30-ұпай.

Ол сары түсті, суда ерімейтін морт сынғыш кристалл. Аллотропиялық түрөзгерісінің саны 3, оның  бірі – моноклинді деп аталады. Медицинада тері ауруларын емдеу үшін пайдаланады.  (Күкірт)

 

40-ұпай.

Ол иіссіз, түссіз газ. Ауадан сәл жеңілдеу. Молекуласында өзара еселі үш байланыспен байланысқан. Ресми ашылған жылы 1772 жыл. Тыныс алуға жарамсыз болғандықтан оның атауы «тіршіліксіз» деген мағына береді. Алайда онсыз тіршіліктің болуы мүмкін емес. (Азот)

 

50-ұпай.

Периодтық жүйеде агрегаттық күйі сұйық болатын екі элементтің бірі. 1826 жылы француз оқымыстысы Ж. Балар ашқан қоңыр түсті, улы зат. Атомындағы нейтрондар саны 45-ке тең. (Бром)

Категория: Химия и биология | Добавил: Kairat
Просмотров: 7239 | Загрузок: 441 | Рейтинг: 2.1/7
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика