Воскресенье, 22.12.2024, 04:45
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Химия и биология

Зәр шығару жүйесі
[ Скачать с сервера (22.2 Kb) ] 15.11.2014, 10:20
№84 жалпы білім беретін мектеп Алматы қаласы
Биология пәнінің мұғалімі Косымова Д.М.
Сабақтың тақырыбы: Зәр шығару жүйесіне сипаттама
Сабақтың мақсаты:
- зат және энергия алмасу тарауын қорытындылау;
- зәр шығару жүйесінің құрылысы туралы түсінік беру;
- зәр шығару жүйесінің түрлі ауруларының алдын алу туралы мәлімет беру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
- өткен материалдарды жинақтап, жалпылай білуге үйрету;
- есте сақтау қабілетін және өз ойын жеткізе білуді дамыту;
- денсаулықты сақтаудағы халық медицинасының маңызы туралы мәлімет беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабағы
Сабақтың әдісі:
- рольдік ойындар; тест, бірін-бірі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап; әңгімелесу; түсіндіру т.б
Көрнекіліктер:
- теледидар, бейнематериал; таратпа тілімқағаздар; «Тағамдар пирамидасының» суреті; муляж – бүйрек т.б.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тасырмасы:
Үй тапсырмасына «Зат және энергия алмасу» тарауы дайындалу берілді. Сайыс түрінде өтілетін бұл сабақ осы тарауды жалпылап, қорытындылауға арналады. Және сынып оқушылары екі топқа жіктелгенін, әр топ өзінің атын, мақсатын, ұранын белгілеуге тиіс. Үй тапсырмасы ретінде жекелеген оқушыларға тасырмалар жүктелінген болатын.
(Сайыс бес кезеңнен тұрады. Сайыс аяқталған соң жаңа сабақ түсіндіріледі.)
Әр топ өзін таныстырады, таныстыру барысында әр топ өз ұрандары мен алға қойған мақсаттарын айтады. Топтардың жарыс барысындағы ұпайларын есептейтін, баға беретін әділ қазылар алқасы тағайындалады. Және сол әділ қазылар сайыс барысын жүргізеді, тапсырмалар үлестіреді.
Тапсырма №1 “Сәйкестік тапсырмасы“
Органикалық заттардың әрқайсысына сәйкес келетін олардың қасиеттері мен атқаратын қызметтерін анықтауға арналған сәйкестік тапсырмасы:
Органикалық заттар
А.Көмірсу
В.Май
С.Нәруыз
1. Фотосинтез нәтижесінде пайда болады.
2. Аминқышқылдарына дейін ыдырайды.
3. Ферменттер мен гормондар түзеді.
4. Тері астына жиналып, организмнің жылу шығаруын төмендетеді.
5. Крахмал, жасұнақ, целлюлоза.
6. Гликоген түзеді.
7. Ыдырау өнімдері: мочевина, аммиак, зәр қышқылы.
8. Ыдырау өнімдері: су және СО2.
9. Қалған органикалық заттарға қарағанда екі еседей көп энергия береді.
10. Фермент амилаза әсерінен ыдырайды.
11. Глюкозаға дейін ыдырап, ұлпаларға қан арқылы тарайды.
12. Сүт, жұмыртқа, ет, балық өнімдерінде көптеп кездеседі.
13.Қаныққан және қанықпаған түрлері болады.
14. Барлық биологиялық мембраналар мен цитоплазмалардың құрамына кіреді.
Мына жолдарға жауаптар жазылады
А - ...................................................................................................................
В - ...................................................................................................................
С - ...................................................................................................................
♦ Барлық жауаптар дұрыс болған жағдайда 5 ұпай беріледі.

Тапсырма №2 “Ал, канекей кім жүйрік?” сайысы
Ас қорыту мүшелерінің орналасу ретін торшаларға белгіле:
□ асқазан
□ жұтқыншақ
□ ауыз қуысы
□ тоқ ішек
□ аш ішек
□ тік ішек
□ он екі елі ішек
□ өңеш
♦ Барлығы дұрыс болған жағдайда 2 ұпай беріледі.

Тапсырма №3 “Тапқыш болсаң, тауып көр” сайысы
Мәтіндегі көп нүктенің орнына сәйкес сөздерді қойып жазу
1. Тірі организмнің негізгі қасиеті – оның айналадағы ортамен үздіксіз ..................... және ....................... алмасу қатынастарының жүретіндігінде.
2. Қорытылған кенеулі заттар - ........................... мен .............................. тікелей қанға, ал ......................... лимфаға сіңеді.
3. Көмірсулар ағзада көп болса, ................................... айналады.
4. Қорытылуға түспей тікелей қанға сіңетін заттар ........................................... және ................................. болып табылады.
5. Қазіргі кезде 30 – ға жуық ................................ түрлері белгілі.
6. ........................................... ыдырауы нәтижесінде көміртектің қостотығы, аммиак, мочевина пайда болады.
7. ................................ химиялық құрамы бойынша қанықпаған және қаныққан болып бөлінеді.
Қажетті сөздер:
1. зат және энергия
2. амин қышқылдары мен глюкоза
3. майға
4. минералды тұздар мен су
5. витаминдер
6. нәруыздар
7. майлар
♦ Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Тапсырма №4 “Құралайды көзге атқан мерген” сайысы
Бұл сайыста тақтаға үшбұрышты ақ қағаз ілінеді. Ал, парта үстінде түрлі-түсті сәйкес қиындылар жатады. Сол қиындылардың астында төмендегідей сұрақтар жасырылған. Қиынды саны 10. Жауабы дұрыс аталса, түрлі-түсті қиынды тақтадағы номеріне сәйкес орынға жапсырылады. Барлық қиындылар орнын тапқанда бүтін сурет шығады.
№1
Фитонцидтер қандай тағамдардың құрамында болады?
Пияз, сарымсақ, қыша, қарақат.
№2
Мына жемтамырдың құрамы қандай витаминге бай?
Сәбізде, тәтті қызыл бұрышта А витамині көп.
№3
Тәулігіне адам организмі үшін қанша грамм көмірсу қажет?
400-500г
№4
Адам организміндегі энергияның неше түрі белгілі?
Электрлік, механикалық, жылу энергиялары.
№5
Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен тері астында түзілетін витамин? Д- кальциферол
№6
С витаминінің жетіспеуінен қандай ауру пайда болады?
Цинга немесе қырқұлақ ауруы.
№7
Қаныққан майлар қандай тағамдардың құрамында болады?
Жануар майында.
№8
Қанықпаған майлар қандай тағамдардың құрамында кездеседі?
Өсімдіктекті тағамдардың құрамында.
№9
Мына жеміс – жидектердің құрамында қандай витамин көптеп кездеседі? Лимон, орамжапырақ құрамында С витамині көп.
№10
Адам организміне түсетін көмірсулар, майлар, нәруыздардың бір – біріне қатынасы қандай болуы керек?
көмірсу: май: нәруыз
4 : 1 : 1
♦ Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.
Тапсырма №5 Блиц-турнир «Капитандар сайысы»
Бұл жарыстың сұрақтарын екі топ үй тапсырмасы ретінде өздері үйден дайындап әкеледі.
1-ші команда үшін:
1. Метаболизм – зат алмасудың бірінші сатысы?
2. Жыныс гормондарының түзілуіне көмектесетін витамин?
3. Д витамині қандай тағамдарда көп?
4. Жалпы витаминдердің жетіспеуінен болатын ауру?
5. Үлкен сілекей бездерінің жалпы саны?
6. Тіс денесі қандай заттан тұрады?
7. Органикалық заттардың ыдырауынан не түзіледі?
8. Пепсин ферменті қандай тағамдық заттарды ыдыратады?
9. Майды ыдырататын фермент?
10. Қанықпаған май қышқылдарының көзі?
2-ші команда үшін:
1. Организмге керекті органикалық заттар?
2. Биологиялық катализатор?
3. Бауырдан не бөлінеді?
4. Ең ірі асқорыту безі?
5. Витаминдерді ашқан кім?
6. Амилаза ферментінің қызметі?
7. Ішектің ең соңғы бөлімі?
8. Қырқұлақ ауруы қандай витаминдердің жетіспеуінен болады?
9. Энергияны ең көп бөлетін органикалық зат?
10. Метаболизмнің екінші сатысы?
♦ Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.
Әділ қазылар алқасы әр топтың жалпы ұпай санын есептеп, жеңімпаздарды анықтайды, жариялайды.

III. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ бойынша теледидар көмегімен бейнетаспа арқылы бөліп шығарушы мүшелер жүйесі туралы жалпы айтылады. Зәр шығару жүйесіне толық сипаттама мына жоспар бойынша беріледі:
- зәр шығару жүйесіндегі мүшелердің орналасу реті;
- зәр шығару мүшелерінің құрылыс ерекшеліктері;
- зәр шығару мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу мен емдеу шаралары туралы оқушылардың рольдік ойындары қойылады (бұл тапсырмалар алдын ала беріледі).
Дәрігер – лаборант: Зертханалық сараптама жұмыстары арқылы зәр құрамын зерттеудің маңызы өте зор. дәрігер осы жұмыстардың нәтижесі арқылы адамдардың ауруларын дәл айқындап, диагноз қоя алады. Мысалы:
1. Мына зерттеу нәтижесі бойынша – кіші дәреттің мөлшері шамадан тыс көбейіп, құрамында глюкоза бар екен. Бұл ұйқы безінің жұмысының бұзылғанын және қант диабетінің белгісі. қалыпты жағдайда сау адамның кіші дәретінің құрамында глюкоза болмайды және дәрет мөлшері бір тәулікте 1,2 – 1,6 л құрайды.
2. Екінші зерттеу нәтижесі бойынша – кіші дәреттің мөлшері кеміген, зәр құрамында нәруыз бар. Бұл көрсеткіштер бүйрек жұмысының бұзылғанын көрсетеді. Дені сау адамның дәретінің құрамында нәруыз болмайды.
3. Үшінші зерттеу нәтижесі бойынша – кіші дәреттің құрамында патогендік ауру тудырушы микроорганизмдер бар екен. Бұл микробтар зәр шығару жолдарындағы қабыну процестерінің көрсеткіші.
Дәрігер – уролог: Зәр шығару жүйесі қалыпты жұмыс істеуі үшін – адам күтіне білуі керек. Қабыну процестерінің барлығы – суық тигеннен басталады. Әрбір адам өз денесін таза ұстап, шынықтырып, ащы тағамдарды, алкогольді пайдаланбай, салауатты өмір салтын ұстануы қажет. аулудың алғашқы белгісі біліне салынысымен дәрігерге көрінген жөн. Бүйрек ауруларының белгісі – адамның белі ауырады. Қазіргі кезде бүйрек ауруларының ауыр түрлерін емдеуде «жасанды бүйрек» пайдаланылады. Оның жұмыс жасау механизмі тура бүйректегідей. егер бүйрек өз жұмысын тоқтатса, донор – организмнің бүйрегін көшіріп салуға болады.
Фитотерапевт: Кейінгі жылдары медицина ғылымында шөптердің емдік қасиеттеріне, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу – фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік бар. Бұған дәлел халық нақылы «Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады»
Табиғат берген байлыққа назар аудармаймыз. Сол байлықтың бірі – дәрілік шөптер, емдік өсімдіктер. Олар біздің кең жазира даламызда, орман – тауларымызда, жайлау мен соры шығып жатқан жерлерімізде де мол-ақ.
Бүйрек ауруы кезінде жұмыршақтың тұнбасын, жүгерінің шашағының қайнатпасын пайдаланады.
Қайыңның жас бүршіктері зәр жолындағы тасты ұсақтауға пайдаланады.
Қалақайдың сабағы мен жапырағын несеп жүргізу үшін қолданады.
Тіпті картоптың да емдік қасиеттері бар екен. Ол үшін 1 кг картопты қабығымен пісіріп 3 порцияға бөліп, тұзсыз езіп жейді. Соңынан бір стақан сүт ішеді. Мұндай диета 3-4 тәулік бойы жүргізіледі.

IV. Бекіту
Жаңа сабақты бекіту мақсатында тест жұмысы жасалынды, тестің «кілт»і бар оқушылар-көмекшілер дұрыстығын тексереді.

1. Әр бүйректегі нефрон саны:
А. 5000 С. 1000
В. 500 000 Д. 1 млн.
2. Ақырғы несептің құрамында қандай заттар болмауы тиіс:
А. зәр қышқылы С. нәруыз
В. мочевина Д. су
3. Бүйректің құрылымдық бірлігі:
А. бөлік С. астауша
В. милы қабат Д. нефрон
4. Зәр шығару жүйесі бөліп шығарады:
А. СО2 С. қорытылмаған ас қалдығын
В. су буын Д. артық сұйықтықты
5. Несепағардың қызметі:
А. несеп түзеді
В. қуық пен бүйректі байланыстырады
С. сыртқа шығарады
6. Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелерді рет-ретімен ата:
А. несепағар С. қуық
В. бүйрек Д. зәр шығаратын өзек
7. Зәр шығару жүйесіне жатпайтын мүше:
А. бауыр С. несепағар
В. қуық Д. бүйрек.

V. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
Категория: Химия и биология | Добавил: dkosymova
Просмотров: 4946 | Загрузок: 166 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика