Ережепова
Марияш
Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы,
Абай атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі.
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»
білімпаздар сайысы.
Мақсаты: Оқушылардың
танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау,шапшаңдық,
ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру. Өз ой-пікірін қорғай аоуға үйрету.
Жүрісі: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі
жастар – халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,есте
сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын
арттыратын «Жүзден жүйрік» атты сайысымызды бастаймыз. Білімді адам еш нәрседен
қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі
адамды тірестірген,
Бірі жаңа,жарыстың
бірі ескірген
Айнала
отырып ап иісі қазақ
Азаматын өзара
күрестірген.
Сахна төріне бүгінгі
сайысқа шығатын білімді тұлпарларымызды шақырайық. Сахнаға сайысқа қатысатын 5
оқушы шығады.
Әділ қазылар алқасымен
таныстыру.
Білімпаз балалар өздерін
таныстырады.
Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
1-бөлім: «Кім көп біледі?»
2-бөлім: «Тіл-өнер» сайысы
3-бөлім: «Қызықты жетілік»
4-бөлім: «Ата салтың – халықтық қалпың»
5-бөлім: «Жорға»
Сонымен оқушылар,
іске сәт! Жұлдыздарың жансын! Далее - в архиве...
|