Суббота, 18.05.2024, 23:08
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Начальная школа

Мемлекет және қоғам қайраткері
[ Скачать с сервера (57.5 Kb) ] 03.12.2013, 22:25

Иманбаева Жұмагүл Бекмырзақызы
Қызылорда қаласы
№136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі

 Мемлекет және қоғам қайраткері
Темірбек Қараұлы Жүргеновтың 115 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Тұғыры биік тұлға
Мақсаты: Т.Жүргеновтың өмірі және қайраткерлігімен таныстыру; өз заманынан озық туған тұғыры биік тұлғаның білімге құштарлығын, еңбексүйгіштігі мен отансүйгіштік қасиеттерін ұрпаққа үлгі-өнеге ету;  жан-жақтылығы, ширақтығы, уақытты бағалағыштығы және халқы үшін сіңірген еңбектері туралы мағлұмат беру.
Көрнекілігі: ҚР картасы, суреттер, слайдтар, автор және естелік кітаптары.
                                                            Барысы:
     Мұғалім:  № 136 мектеп 1988 жылдың  20-қазан орыс-қазақ мектебі ашылды.   1990 жылы қазақ орта мектебі болды. 1998 жылы 100 жылдық мерейтойында  қазақ халқының көрнекті қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің  есімі берілді.
      Биыл мектебіміздің ашылғанына 25 жыл және есімі тек қана қазаққа ғана емес, исі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі,  аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы, көсемсөз иесі «Темір – Нарком» атанған, ұлтын жанындай сүйгені үшін «Халық жауы» болған Т.Жүргеновтың туғанына — 115 жыл толып отыр.
     Осындай атаулы мерекеге арналған  ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
1-оқушы
    Темірбек Қараұлы Жүргенов 1898 жылы қарашада қазіргі Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,  Жаңаталап ауылындағы «Жүргеннің қыстауы» деген жерде дүниеге келді.
2-оқушы
    Әкесі Қара да, атасы Қуан да мың-мындап жылқы айдаған дәулетті әулеттен еді. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданыныда жазда жайлауда болды. Әжесі  Жәніш еркелетіп немересін «Темірше» дейтін.
3-оқушы
    Жас қайраткердің ұстаздар жағынан да жолы болды. Алғашқы ұстазы  – Сыр бойының белгілі ағартушысы, ақыны Тұрмағанбет Ізтілеуұлы. Алғашқы ұстазынан  жас Темірбек бірнеше шығыс тілін үйренді.
4-оқушы
    Аламесек орыс-қазақ мектебінде сабақ берген, ұстазы  қазақ тарихындағы алғашқы орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздіктің авторы Досмұхаммед Букин. Ұстазынан жас Темірбек орыс мәдениетін, әдебиетін, тілін үйренді.

ҚР картасынан туған жерін көрсету
Жас Темірбектің мектепте қалай оқығаны туралы туыс інісі Маштай Әбдіқұлов мынадай естелік айтады.
 Хор : МЕКТЕБІМ

5-оқушы
   Білімге құштар атамыз  кейін Перовскідегі (қазіргі Қызылорда) Суханский атындағы училищеде бастауыш білім алды және  Уфа жер шаруашылығы училищесіне бітірді.
6-оқушы
   Одан кейін, екі жыл Орынбор рабфагінде оқып, одан Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетіне жолдама алды. Заң факультетіне түсіп, 1927 жылы үздік бітірді.
7-оқушы
   Ташкентке келіп,  оқып жүріп, әрі Қазақстанның Түркістан республикасындағы өкілі қызметін атқарды.
8-оқушы
   Сол кезеңнің басты мәселесі - Орта Азия мен Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік шекарасын межелеу ісіне белсене араласты. Осылайша Сырдария, Жетісу облыстарын еліне қайтарып, қазақтардың бір шаңырақ астына топтасуына студент-елші Темірбек Жүргенов зор үлес қосты.
9-оқушы
   Екі ғасыр бойы «қырғыз» атанып келген өз ұлтының қайтадан «қазақ», ал елінің «қазақ мемлекеті» аталуына қазақ тарихындағы еңбегі өлшеусіз.
10-оқушы
   Соңғы курста оқып жүрген студент Темірбек Ташкентте ашылған Қазақ педагогикалық институтының ректоры қызметін қоса атқарды.

Тапқырлығы (барымташылар оқиғасы) туралы естелік айтып беру
Хор : Егеменді ел жастары
11-оқушы
   Тәжік Республикасы қаржы наркомы  және  Өзбек Республикасы Халық Ағарту комиссары қызметтерін де абыроймен атқарды.
12- оқушы
   Т. Жүргенов қазақ, орыс, өзбек, тәжік тілдерін еркін меңгерді.
13-оқушы
   «Қазақ тілін жете білудің өзі үлкен мәдениет», - деп, ол қазақ өнерінің дамуы мен қазақ тілінің республикада негізгі қолданыс тілі болуын арман етті және сол үшін күресті.
      Т.Жүргеновтің ана тілге деген сүйіспеншілігі мен қамқор көзқарасы туралы белгілі композитор Е.Брусиловскийдің «Дүйім дүлдүлдер» атты мемуарлық кітабынан естелік айтып беру.
Ән: Жаса, Қазақстаным!

14-оқушы
   1933 жылы Қазақ АССР-нің  Халық Ағарту комиссары болып тағайындалды.
15-оқушы
   Қазақ елінде сауатсыздықты жою үшін, жаппай бастауыш мектептер ашу ісі қолға алынады. Барлық облыс орталықтарында 6 айлық курстар ашылып, мұғалімдер даярланды. «Әрбір мұғалім, кем дегенде 35 адамның сауатын аш!» деген ұран тастады.
16-оқушы
    Т. Жүргенов  қазақ халқын жаппай сауаттандыру мақсатында  4000 мектеп салдырды. Алғашқы жылдары 468 мың дана, ал кейін 1,5 млн дана оқулық кітаптар басылып, таратылды.
17-оқушы
   Темірбек Жүргенов  Абай атындағы  пединституттың , Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің , әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің, Оралда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қызылордада, Петропавлда, Семейде, Шымкентге педагогикалық институттардың құрылуына, мәдени-ағарту, өнеркәсіп, транспорт, байланыс, медицина саласында оқу орындарының ашылуын  ұйымдастырды.

Жан-жақтылығы, ширақтығы, уақытты бағалағыштығы туралы айту.
ХОР: Егемен ел – Қазақстан
18-оқушы
   Қазақтың маңдайына біткен өнер тарландары Күлаш Байсейітова, Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков, Манарбек Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиев, Шара Жиенқұловаларды жинап, ең алғаш Қазақ  опера  және балет театрының ашылуына мұрындық болды.
19-оқушы
   Қазақ киносының құрылуына қолдау жасады.
20-оқушы
   Темірбек Жүргеновтың ықпалымен Қазақ мемлекеттік  филармониясы және қазіргі Құрманғазы атындағы  халық аспаптар оркестрі  кұрылды.
21-оқушы
   А.В. Затаевичке «500 қазақ әндері мен күйлері»  жинағын шығаруды тапсырып, оған өзі көптеген мәліметтер берді.
22-оқушы
   Қазақ термелерінің жинағын құрастыруға ат салысты.
23-оқушы
   Алматыда  Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетін өткізді.
24-оқушы
    Осы жетістіктер финалы — 1936 жылы Мәскеуде тұңғыш қазақ өнерінің онкүндігін өткізді.Оны Нарком Темірбек Жүргеновтің өзі басқарып барып, «Енбек Қызыл Ту» орденімен марапатталып, елге абыроймен оралды.
    Ондағы Күләш Байсейітова мен Жамбыл Жабаевтың әлемге танылуы туралы айтып беру
   1937 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат боп сайланды.
Осы жылы  "халық жауы” деген жалған айыппен ұсталып, ату жазасына кесілді.
1937 жылы әкесі Қара да ұсталды. Он күннен соң сотсыз, тергеусіз 80-ге келген қария да атылды...
Олардың  Шоратай атты жалқы ұлдары Тәшкеңде оқып жүргенде қайтыс болды.
Бауырларына басқан іні-баласы Жұманазар «халық жауы» деген түртпекке шыдамай, Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға өз еркімен сұранып кетіп, содан оралмады...
Темірбек атамыздың жұбайы  Дәмеш апай  Темірбек Қараұлы атылған күні абақтыға қамалып, «халық жауының әйелі» 8 жылға сотталды.18 жылдан кейін
1957 жылы ғана Алматыға оралып, қалған ғұмырын Темірбек Қараұлының халқына сіңірген еңбегін кейінгі ұрпаққа жеткізу ісіне арнады. Қайраткердің туғанына 80-, 90--жылдық мерейтойды атап өту тұрғысында естелік-әңгіме, кітап шығарып, ерінің еліне істеген ерен еңбегін жұртшылыққа жариялап жүріп, өзі де өмірден өтті.
1990 жылы 86 жасында дүниеден өтті...
Қортынды
     Т.Жүргеновтың артында мұра болып  7 кітабы, 150-ге жуық әдеби-мәдени, оқу-ағарту саласында жазған құнды дүниелері  қалды.
Бұған оның: «Қазақстандағы мәдениет революциясы», «Қазақстандағы сауатсыздық жою» кітаптары, «Саяси экономия» оқулығы, «Орта Азиядағы қазақ халқының күйлері», «Қазақ педа-гогикалық инстититутын құру», «Қазақ халқының ақындары мен жыршылары», «КСРО мен Қазақстанды әкім-шілік-шаруашылық жағынан аудандарға бөлу проблемасы», «Қазақ педаго-гикалық институтының бір жылғы жұмысы», «Мектептің түп кемшілігін кетіру үшін күрес», «Қазақтың халық ақындары»  және т.б. очерктер мен мақалалары жатады. Халық Ағарту комиссары екі тілде бірдей жа?
 ?ған алғашқы билинг қайраткер-қаламгерлеріміздің бірі болды.
    Фольклорист М.Байділдаев, Р.Сүлейменов, Тынышбек Дайрабай  жас зерттеуші Бауыржан Иманғалиев естелік кітапшаларын шығарды.
   «Жақсыдан сөз калады, жасампаздан іс қалады»- дейді халқымыз. Темірбек Қараұлы Жүргенов өмірінің соңғы күндеріне дейін қазақ халқына, еліне адал қызмет етті, қалың жұртшылық арасында үлкен құрметке, зор беделге ие болды.Өзі мерт болса да, оның ісі, атқарған қызметі, халқының болашағына сіңірген қалтқысыз еңбегі бүгінде өз дәрежесінде бағалануда.
   1993 ж. Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясына Жүргенов есімі берілді.
Алматы, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында Темірбек Жүргенов есіміне мектептер мен көшелер берілді, ескерткіштер орнатылды.
   Күрделі кезеңде өмір сүріп, ел бақыты үшін ақтық демі біткенше күресіп өткен Темірбек Қараұлы Жүргеновтей асыл азаматын туған халқы мәңгі есте сақтары сөзсіз.

Хор: БЕЙБІТШІЛІК

Категория: Начальная школа | Добавил: Kairat
Просмотров: 2670 | Загрузок: 247 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика