Ғ. Сарбаев атындағы ОЖББМ – балабақша
Бес саусақ санамақ
Култасова Шолпан Капизовна
«Қарлығаш» балабақшасының шағын орталық тәрбиешісі
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Іс-әрекеті: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: Е. Өтетілеуұлы «Бес саусақ санамақ»
Мақсаты: Балаларға бес саусақ туралы түсінік беру. Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы туындату, жеке тұлғаны елестету және қиял болжамдарын дамытып, тіл байлығын, таным өнерін байыту.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру сезімді ояту.
Ұйымдастырушылық ізденуші
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
Ал енді біз қонақтармен сәлем десейік:
Психологиялық сәт
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жан!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос.
Міне менің қолым.
Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ бізге қонаққа қуыршақ келді.
Сәләматсыздар ма балалар!
Балалар сендер қандай санамақ білесіңдер.
Балалар сендер жақсы санамақтар біледі екенсіңдер. Мен сендерге Бес саусақ санамағын үйретейін.
Кәне балалар бес саусақтарынды көрсетіңдер.
Бас бармақ
Балан үйрек
Ортан терек
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр- қойына бар!
Сен тұр-қозыңа бар!
Сен тұр жылқыңа бар!
Сен тұр түйене бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап.
Үйде жат.
Мына жерде құрт бар.
Мына жерде май бар.
Мына жерде қатық бар.
Қытық, қытық!
Мағынасын түсіндіреді.
Тәрбиеші рахмет қуыршақ біздің балаларға санамақ үйреткеніне
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қәнеки бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздерме қонақтар
Балалар қуыршақтың келгеніне қызығушылық танытады, қуанады.
Қуыршақпен амандасады.
Балалар білген санамақтарын айтады.
бес саусақтарын көрсетіп, қуыршақпен бірге санамақты айтады.
Рефлексивті-түзетушілік
Қуыршақ бинемен қоштасады.
Балалар санамақ жаттағанына қуанады. Қуыршақпен қоштасады.
Нені біледі: Санамақты
Қаңдай түсініктерді игерді: Санамақ жаттауды.
|