Суббота, 18.05.2024, 21:45
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Начальная школа

Әдебиеттік оқу "Ауылға келген мұғалім"
20.11.2014, 13:39
Шығыс-Қазақстан облысы
Бесқарағай ауданы. Бесқарағай ауылы
Үлкен-Владимировка орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Рахимова Т.Е



Бастауыш сыныпта топтық жұмыстың тиімділігі.
Жаңа технологияларды бастауыш сыныптарда қолдану,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра білу-бүгінгі күнде заман талабының басты мәселесі болып тұрғаны баршамызға аян.Күнделікті өтілетін дәстүрлі сабақтардан оқушылар тез жалығады,кейде тіпті тыңдағылары да келмейтін кездер болады. Оқушыларды бірлескен топтық жұмыстарға тартуға тырыстым.Топтық жұмыста бәрі де қызу іске кірісіп,әр оқушы өз білгендерін жеткізіп отыруға тырысады.Менің көзім жеткені дәстүрлі сабақтан гөрі топтық жұмыста оқушылардың бәрі де қызу жұмысқа тартылуға тырысатындықтары.Бастауыш сынып оқушыларының психологиясында бір-бірімен жарысу әдеті басты кезекте тұратыны анық.Сондықтан ешқайсы да сабақта бос отырып,қалыс қалғылары келмейді,әрі оқушылардың өздерінде әр қырынан көрсете білулеріне мүмкіндік болады.Жаңа әдістерді қолдана отырып,олар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап,ұсынылған тапсырманы орындау жолдарын іздеу барысында топпен шешіп,бір-бірінің көмегіне жүгінеді.
Сабақтың тақырыбы: Ауылға келген мұғалім
Сабақтың мақсаты:1. Мәтіннің мазмұнын оқушыға жеткізу арқылы әдеби сауатын рухани байыту;Мәтіннің мазмұны арқылы оқушылардың тілдік, оқырмандық дағдыларын қалыптастыру;
2.Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
3.Ынтымақтастықта жұмыс жасауға,өзгелердің пікірін сыйлауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу, топпен жұмыс
Көрнекілігі: портрет, сызбалар, алма ағашы, слайдтық презентация,ресурстар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал.
«Сиқырлы алаңқай»
(Әр түрлі түстерден қиылған гүлдерді алдын-ала дайындап қою.)
Мұғалім: Қазір күз мезгілі.Гүлдер құрап,жапырақтар да түсе бастады.Мына гүлдердің барлығы да үлкен жайма-шуақ алаңқайда өсіп тұрған еді. Бір сәтке біздің сынып осы жайма шуақ алаңқай екен деп көз алдымызға елестетіп көрейікші.Өздеріңе ұнаған гүлдерді алып,сыныптың кез келген жеріне жерге қадап қойыңдаршы. Қараңдаршы-сыныбымыздың іші көңілденіп әрі әдеміленіп кеткен сияқты. Ендеше осы тамаша көңіл-күйімізбен сабағымызды бастайық!
-Балалар,сендерді үйде қалай еркелетеді?
-Қошақаным,балапаным,күнім т.б
-Тамаша.Ендеше қазір біз «Ботақандар»,«Қошақандар» және«Балапандар» топтарына бөлінеміз.
Жұмысты бастамас бұрын топпен жұмыс істеудің ережелерін есімізге түсіріп алайықшы.
1.Бір-бірін мұқият тыңдау;
2.Сөйлеушінің сөзін бөлмеу;
3.Бір-бірінің пікірін құрметтеу;
4.Уақытты үнемдеу
ІІ.Жаңа сабақ
-Балалар,осы мұғалім деген кім?(оқушылар өз ойларын айтады)
-Жақсы.Бүгін біз сендермен М.Жұмабаевтың «Ауылға келген мұғалім»атты мәтінімен танысамыз.Мәтінмен таныспас бұрын мен сендерге М.Жұмабаев туралы қысқаша мағлұмат беріп өтейін.(слайд №1М.Жұмабаевтың портреті)
М.Жұмабаев 25 маусым 1893жылы Солтүстік Қазақстан облысында Ақмола губерниясында дүниеге келген.Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашқан. 1913-1917 ж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны медальмен үздік бітіреді.
Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады.1938 жылы қамауға алынып, ату жазасына кесілді.(слайд №2,М.Жұмабаевтың өмірбаяны)
2.«Жигсо»тәсілі арқылы мәтінді бөлімдерге бөліп,оқушылардың алдына беріледі.(Әр топ өзінің бөлімін оқиды да,мазмұнын айтып береді)
3.Бөлімнің мазмұнына қарай постер жасап, оны қорғау.
ҮІ.Сергіту сәті
4.Мұғалім мәтіннің мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды.
3. «Тұжырымдамалық кесте» толтырту.
Мәтіндегі кісі аттары. Олар Мағжанға кім болады?



Ү.Сабақты бекіту:
«Мұғалім»сөзіне синквейн құру.(Әр топ өзінің құрған синквейнің оқып шығады)
ҮІ.рефлексия.Алма ағашы(қызыл және жасыл алмаларға өз пікірлерін жазу)
ҮІІ.Қорытындылау:бағалау.
Үйге тапсырма:оқу, мазмұны.
Категория: Начальная школа | Добавил: рахимова
Просмотров: 2060 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика