ШҚО, Аягөз қаласы,
«№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Бастауыш класс мұғалімі Алибаева Меруерт Ахметбекқызы
Тақырыбы: Денсаулық фестиваліне арналған коррекциялық кластар арасында өтетін «Ұстаз және біз » атты сайыс
Мақсаты: Оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайтуға әсер ету.
Сабақтың түрі: жарыс түрінде
Қатысатын командалар: 1,3,4 коррекциялық класс оқушылары, капитан командалары ұстазы.
Керекті құралдар: доптар, шарлар, скалкака, обруч,
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Негізгі бөлім.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі коррекциялық класс оқушылары мен ұстазы арасында өтетін «Ұстаз және біз» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер! Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс.. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдану басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі өтетін «Ұстаз және біз » атты эстафеталық ойындар жарысын көріп тамашалаңыздар!
Сонымен ортаға жарысқа қатысқалы отырған команданы шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
1 класс оқушылары және ұстазы.
3 класс оқушылары және ұстазы.
4 класс оқушылары және ұстазы
Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен сайлап алайық.
Әділ қазылар сайлау.
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
№
|
Команданың аты
|
Таныстыру
|
Жүгіріп қайту
|
Секіріп қайту
|
Допты соғып барып қайту
|
Ұзындыққа секіріу
|
Жалпы ұпай саны
|
1 класс
|
|
|
|
|
|
|
|
3 класс
|
|
|
|
|
|
|
|
4 класс
|
|
|
|
|
|
|
|
Сайыстың бағдарламасында
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді. Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
Әр топ өздерін таныстырады.
1. Таныстыру.
2. Жүгіріп барып қайту
3.Секіргішпен секіріп қайту
4.Допты соғып барып қайту
5. Ұзындыққа секіру\
III. Сабақты қорытындылау
Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.
Командалар сап түзеп қатарға тұрады.
Ұпай санын есептеп,жарысқа қатысқан командаларды марапаттау.
|