Воскресенье, 22.12.2024, 04:43
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Педагогика и психология

«Ж»және «Ш» дыбыстарын ажырату.
[ Скачать с сервера (39.0 Kb) ] 18.09.2014, 20:23

БҚО Жәнібек ауданының Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің логопеді Аждуова Жансая Коблановна

Өтетін күні: 17.04.2013 жыл.

Сабақтың тақырыбы: «Ж»және «Ш» дыбыстарын ажырату.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «ж»және «ш»дыбыстарын сөз және сөйлем ішінде ажырата білуге, сөздердегі дыбыс орнын анықтауға,толық сөйлем құруға үйрету. Жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту.

Түзеу мақсаты: Артикуляциялық аппараттарының қимыл-қозғалысын,фонематикалық есту және қабылдау қабілеттерін,байланыстырып сөйлеуін дамыту.Сөздік қорын молайту.

Көрнекілігі: тыныс алу және артикуляциялық жаттығулардың үлгілері, «ж» және «ш»дыбыстарының әріптік таңбасы, мазмұнды-заттық суреттер,сандықша,қалташалар,үйшіктер.

 

                                                Сабақ барысы:

 І.Ұйымдастыру бөлімі.

   1.Оқушымен амандасу.

   2. Назарын сабаққа аудару.

 ІІ.Жаңа сабақ.

  • Суреттердің атын атап және алғашқы дыбысын анықта. (Суреттер: шана,шар,жапырақ, жұлдыз, шырша, жылан т.б.)
  • Суреттердің атаулары қандай дыбыстардан басталып тұр?
  • «Ж» және «Ш» дыбыстары.
  • Олай болса, бүгінгі сабақта  «ж» және «ш» дыбыстарын сөз және сөйлем ішінде ажыратамыз,әрі жыл мезгілдері туралы білімімізді бекітеміз.
  • Нұржан,Көктемгүл бізге сиқырлы сандықша әкелген екен,ішінде өзінің сыйлығы бар,алайда,сыйлықты алу үшін алдымыен,тапсырмаларды орындаймыз.
  • Ендеше, тапсырмаларды орындап көрейік.

1-тапсырама:

а)Тыныс алу жаттығуларын орындау.

ә)Артикуляциялық жаттығуларды орындау.

б) «Ж»және «Ш»дыбыстарының артикуляциясын салыстыр.

     «Ж» және «Ш» дыбыстарында ерініміз дөңгеленеді,тіліміз жоғары қарай кесе тәрізді көтеріі,бірақ таңдайға тірелмейді,ал бүйір жақтары азу тістерге тіреледі,іштен келген ауа ағысы жылы. «Ж» дыбысын айтқанда, дауыс шымылдығы дірілдейді, «Ш»дыбысын айтқанда, дауыс шымылдығы дірілдемейді.

-Қалташаның сыртында қай мезгіл суреттелген? (Көктем мезгілі).

-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

(Қар ериді. Күн жылынады. Құстар ұшып келеді.Күн мен түн теңеледі.Ағаштар бүршік атады.Жан-жануарлар төлдейді. Жер беті көкке боянады).

2-тапсырма.

а) «Өз үйшігін тап»ойыны.

Төбесінде «Ж»және «Ш» дыбыстары бейнеленген үйшіктерге осы дыбыстарға қатысты суреттерді ажыратып орналастыр.

ә)  «Дыбыс орнын анықта»ойыны.

Мына сөздердегі «Ш»және «Ж»дыбыстарының  орынын анықта.

Сөздің басында,ортасында немесе соңында.

-Бұл қалташаның сыртында қай мезгіл бейнеленген? (Жаз мезгілі)

-Жаз мезгілі туралы не білесіңдер?

(Жазда ауа райы ыстық. Ағаштар жасыл жапыраққа оранған.Балалар суға түседі,күнге қыздырынады).

-Жарайсың!

-Енді,серігіп алайық

ІІІ.Сергіту сәті.

Бас бармақ - әкем

Балаң үйрек-анам,

Ортан терек ағам,

Шылдыр шүмек -әпкем

Кішкентай бөбек –мен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз

       3-тапсырма:

«Дыбыстарды таңбалап жаз».

  • Таяқшалардан дыбыстардың әріптік таңбасын құрап жазу
  • Ш-әріпін жасыл таяқшалардан
  • Ж-әріпін қызыл таяқшалардан
  • Қалташаның сыртында қай мезгіл бейнеленген? (Күз мезгілі)
  • Күз мезгілінің белгілерін атаңдар?

(Күзде жапырақтар сарғаяды.Жеміс-жидектер піседі. Күн қысқарады,түн ұзарады.Күн суыта бастайды.Жиі-жиі жаңбыр жауады.Құстар жылы жыққа ұшады).

  • «Сөздегі жоғалған дыбыстарды тап».

Нұржан,мен саған топшамамен беремін,сол топшамадағы бейнеленген суреттер астындағы сөздердегі жоғалған дыбыстарды тауып,әріптік таңбасын орналастыр.

     ...а...                                   ...ыр...а                                ...ұлды...

     ...ылқы                              ...ылан.                          аға...

        4-тапсырма:

«Мен бастаймын,сен аяқта»ойыны.

 Логопед: мен сөйлемді бастаймын,ал сендер мазмұнына қарай немесе   

 сурет бойынша аяқтайсыңдар.

-Шолпан шаңғы ....  (тепті)

- Жанар шанамен ...(сырғанады)

- Шыңғыс жолбарыстан ... (қорықты)

- Торғай ағашқа ... (қонды)

ІV.Қорытынды.

-Бүгінгі сабақта қандай дыбыстарды сөз,сөйлем ішінде ажырата білдік?

-Қандай жыл мезгілдерін қайталадық?

-Сабақ ұнады ма?

V.Бағалау.

Сабаққа өте жақсы қатыстың, жарайсың,Нұржан!

Көктемгул сенің біліміне риза болып,қызғалдақ гүлін сыйлайды. 

Категория: Педагогика и психология | Добавил: Kairat
Просмотров: 6141 | Загрузок: 92 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика