№ 26 Жалпы орта білім беретін мектебі
Психологиялық сабақтың тақырыбы:
«Өмірдің мәні мен мағынасы»
Өткізген: педагог-психолог Мухамбетжанова Г.Н.
Орал қ. 2014ж
Психологиялық сабақтың тақырыбы: «Өмірдің мәні мен мағынасы»
Мақсаты: Өзін-өзі тануға; Мамандықты дұрыс таңдай білуге; Өмірдің мәні мен мағынасын анық білу.
Сабақтың өту барысы :
1. Тақырыбы, мақсаты мен міндеттері.
2. Цитата
3. Тренинг
4. Психологтың бастама сөзі
5. Көбелек туралы аңыз. Талқылау.
6. Өмірдің мәні мағынасын ашу.
7. Практикалық жұмыс.
8. Шығармашылық жұмыс
9. Қорытындылау. Рефлексия. Релаксация.
2.Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.
деп Абай атамыз айтқандай құрметті көрермендер «Өмірдің мәні мен мағынасы» бағдарламасына қош келдіңіздер.
Салемдесу.
Сәлем досым! Қол беріп амандасамыз.
Қалың қалай? Иығын қағып амандасамыз.
Қайда болдың? Бір-бірімізбен қулағының ұшын тартып амандасамыз.
Сағындым! Өз жүрек тұсын ұстаймыз.
Сен келдің бе? Екі қолын жаяды.
Керемет! Құшақтасады.
3. Психолог: Әлемде 40 мыңға жуық мамандықтар бар. Жыл сайын 25 млн адам жұмыс орнын ауыстырса, 12% адам бұрыңғы жұмыс орнына қайтадан оралады.Бұл адамдардың мамандық таңдаудағы жіберген қателіктерінен. Сондықтан бұл жағдайларды туғызбауды,мамандық таңдауда алдын-ала ойланып өзіңнің мүмкіндіктерің мен қабілеттеріңді ескеруі қажет. Ал өзіңе сәйкес, өзіңнің мүмкіндіктеріңді толық аша алатын, өзіңді толық қанағатандыратын мамандықты қалай білуге болады? Бүгінгі бағдарламамызда осы сұрақтардың жауабын табуға талпынамыз.Енді репортажымызға назар аударайық.
1. Қай жерде жұмыс істегіңіз келеді (ауылда ма, әлде қалада ма?)
2. Өмірге қауіп төндіретін мамандық?
3. Ең тәтті мамандық?
4. Сіз таңдаған мамандықтың жақсы сәттері?
5. Ең оңай мамандық?
6. Ең күлдіретін мамандық?
7. Сіз таңдаған мамандығыңызбен өмір бойы жұмыс істейсіз бе?
8. Кім болғыңыз келеді?
9. Сіз жиі іссапарға шыққыңыз келеді ме?
10. Жұмыссыз қалсаңыз не істейсіз?
11. Ең ауыр мамандық?
12. Мамандығыңыз бойынша жұмыс таба алмасаңыз не істейсіз?
13. Денсаулыққа зиян келтіретін мамандық?
Сіздердің жауаптарыңызды тыңдай отырып, болашаққа деген көзқарасыңызды білдік. Бұл өте маңызды. Әр мамандықтың өзінің өзгешелігі мен деңгейі, қиын сәттері болады.Сондықтан толық түсіну үшін болашағымыздың мақсаты мен мәнін білуіміз қажет.
Тренинг. Мамандықтар тізбесі.
Шеңберге тұрып,шар арқылы мамандықтар тізбесін айтамыз. Ұстаз-заңгер-..
Мини-көрініс.Презентация.
Оқушылар дәрігер, мұғалім, заң қызметкері. 3 топқа киімдер,ватман, маркер, стикерлер беріледі.
Флешмоб.
4. Психолог:Ғалымдар бірдей жағдайда жануарлар мен адамдарға тәжірибе жүргізген. Оларға барлық мүмкіндікті жасаған, тамақ берген, жылы жерге тұрғызған. Жануарларға бұл жағдай ұнап,олар семіре бастаған, ештеңеге қамданбай өмір сүрген. Ал адамдарға не болды деп ойлайсыздар?
Олар күңіреніп, қайғыға түсіп, тіпті дау-жанжалдар шығарып, не істерлерін білмеген,стресс, депрессия жағдайына түсіпті. Не себептен деп ойлайсыздар.
Дұрыс, өйткені бұл адамдардың өмірлерінің мәні мақсаты болмаған, өмірлерінің мағынасын жоғалтқан.Өйткені оларға барлығы дайын болатын,барлық жағдай жасалған.
5. Көбелек туралы аңызды қарау, талқылау.
6. Өмірдің мәні мағынасы.
П:Сіз өмірлік мақсатыңызды білуіңіз қажет. Неге қол жеткізгіңіз келеді. Болашағыңыз қандай болады? Өміріңіздің мағынасы сіздің бар жан-дүниеңізбен сүйіп жасайтын ісіңіз. Өмірдің мағынасы біздің жүрегіміз сияқты. Жүрегімізді жасай алмаймыз. Бірақ жүрегіміздің үнініне құлақ салып, түйсігімізді тыңдауымыз керек.
Карточкаларды таңдап алады.
Мен оқығанды ұнатамын.
Мен сенімді доспын.
Мен қоғамға қызмет етемін.
Мен өмірді сүйемін.
Мен ата-анама қамқор боламын.
Мен денсаулығыма мән беремін.
Мен үй алғым келеді.
Мен қымбат автокөлік аламын.
Мен шетелге оқуга түскім келеді.
Мен ҰБТ дан жоғары балл алу үшін аянбая оқып жүрмін.
Мен жақсы төленетін қызмет істегім келеді.
Мен шет тілін оқып үйренгім келеді.
Мен өз ісімді ашамын.
Жалақысы жақсы жұмысқа кіремін.
Мен басшы боламын.
Өмірдің мағынасы айқын болса, мақсатты таңдау қиын емес.
7. Практикалық жұмыс. Тәжірибе.
П: Өмірлік мақсатыңыз қандай дегендегі бір қыз баланың жауабын тыңдайық. «Мен дәулетті өмір сүргім келеді. Менде қымбат автокөлік, үлкен үйім болса екен деймін.Бірақ мен жанымды қинап жұмыс істегім келмейді. Сонда ғана менің өмірімнің мәні мен мағынасы болады, мен де бақытты боламын.»
-Қалай ойлайсыздар бұл қыз баланың өмірінің мәні, мағынасы қалай болады? Ол бақытты болады ма? Енді тәжірибе жүргізейік.
Үстелге ештеңегеге керек емес 10 зат қойылады, оларға басқа да заттар қосыла береді. Шеңберде тұрғандар қалауларынша заттарды алады. Енді қараңыздар 2/3 адамдар осылай істейді.Неге? Ештеңеге керек болмаса да бұл адамдарда меншіктену, иемдену мақсаты болды, ал жағдайды күрестей көрді.Көптеген адамдар солай ойлап, бақыттың кілті дәулетте дейді, яғни сенде зәулім үй, қымбат автокөлік, қымбат киім болса, өмірлерінің мәні кіріп, бақытты болатындай ойлайды. Әрине үй салып, ағаш отырғызып, ұрпақ тәрбиелеу оны жеткізу әр адамның мақсаты. Қандай мақсат болмасын,ол адамның өмірдегі орнын табуға жол сілтеу керек.
8. Шығармашылық жұмыс.
П:Өзіңіздің 3 кезеңізді алыңыз.
-Мен он жыл бұрыңғы.
Қазіргі кезеңдегі мен.
Болашақтағы мен.
Сіз соңғы 3-4 жылда өзгердіңіз бе?
Сіз мектепке келгеннен бастап нені меңзедіңіз?
Сіз өзіңізді 10-15 жыл өткен соң қалай елестетесіз?Өзіңіз мақсатқа жету үшін не өзгерту қажет.
9.Қорытынды.
Әуен қосылып тұрады. Мен бала кезімде Мэри Поппинстің кітабын оқығанмын.Соның ең қызықты бөлімі бар. Адамдар саябақта қыдырып жүреді. Сол кезде әуе шарлары сатылатын. Сол кезде сол шарлардың ішінен өз шарыңды дұрыс таңдау. Өз шарын дұрыс тапқандар ұшып кетеді, ал таба алмағандар ұшқандарға қызыға да қызғана да қарап жерде қалатын. Сондықтан шарлардың ішінен өзіңдікін таңдап маған келіңіз. Шарларға мынадай жазулар жапсырылған.
Өмірге нық сеніммен қара.
Ешқашан еңсеңді түсірме.
Кездескен қиыншылықтарға мойыма.
Өмірдің қымбат сәттерін бағала.
Әр адам өз өмірін өзі жасайды.
Адамдарға жақсылық жаса.
Ақылды адам ақылды тыңдайды,
Ақымақ адам ақыл айтады.
Өзіңді игі істерің үшін марапатта.
Еңбек бәрін жеңбек.
Әр адамға бақыт пен бедел ақылмен, көп ізденіспен, адал еңбекпен келеді.
Үлкен жетістікке жеткің келсе, сондай жетістікке жеткен адамдай ұмтыл.
Өз денсаулығын күтіп, өзіне, өзгеге қамқор жасаған адам жеңіске жетеді.
Өмірдің қиын сәттеріне мойымай, одан сабақ алып, әрі қарай ұмтылған адам жетістікке жетеді.
Уақытты текке оздырғаның –өзіңді өзің тоздырғаның.
Уақытты дұрыс жұмсай білген адам, мақсатына қол жеткізеді.
Рефлексия.
-Сіздер бұл сабақтан нені ұқтыңыздар?
Нені білдіңіздер?
Неге таң қалдыңыздыр?
Не қызықты болды?
П: Ғұлама айтқандай: Өмірде ешқанда мақсатыңыз болмаса, өмірдің мәні-мағынасы кетеді. Соны естен шығармаңыздар. Рахмет.
Релаксация.
Көзімізді жұмып, қолымызға шырақтарды алып, үнді мантрасын тыңдайық.
|