|
Мемлекет және оның қоғамдағы рөлі
[ Скачать с сервера (51.5 Kb)
· Скачать удаленно (955.5 KB)
]
| 23.01.2015, 12:49 |
Мемлекет және оның қоғамдағы рөлі Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы , Абай ауылы, Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі адам.қоғам.құқық пәнінің мұғалімі Абдрахманова Динара Адилбулатовна
Сыныбы 9 Мерзімі 20.01.2015 Сабақтың тақырыбы:§ 17. Мемлекет және оның қоғамдағы рөлі Сабақтың мақсаты: Білімділік:оқушыларға мемлекеттің атқаратын функциялары мен мемлекетті басқару формаларына түсінік беру. Тәрбиелік: оқушыларды өз ойын ашық айтуына, саяси өмірге белсене араласуына ықпал ете отырып,патриоттыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру. Көрнекілігі: Проектор, конфеттер, постерлер, маркерлер, рөлдік қойылымға арналған заттар, плакаттар Әдісі: өзара белсенділікті арттыру. Түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезең а) Сәлемдесу, өзімді таныстыру б) Оқушылармен танысу үшін барлығын ортаға шығарып, өз есімдерінің алғашқы әрпі бойынша, өздерін бағалайды с) Танысып болғасын, ыдыстағы конфеттерді алып, түрлері бойынша сыныпты топқа бөлу (топ басшысын тағайындап, бағалау парағын беру) д) Оқушылар назарын сабаққа аудару 2. Үй тапсырмасын тексеру «Бізден сұрақ – сізден жауап» сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын тексеру 3. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау. Оқушылар назарын сабаққа аудару. 4. Жаңа сабақты түсіндіру Сабақ жоспары: 1. Мемлекеттің атқаратын функциялары. 2. Мемлекетті басқару формалары. Мемлекет функциялары. Бұдан екі ғасыр бұрын өмір сүрген ағылшын экономисі Адам Смиттің тұжырымдауы бойынша, табиғи еркіндік жүйесіне сәйкес, мемлекет аса маңызды да нақты және түсінікті үш функцияны атқаруы керек. • Қоғамды күш көрсетуден және өзге тәуелсіз қоғамдардың басып кіруінен қорғау; • Мүмкіндігіне қарай, қоғамның әр мүшесін әділетсіздіктен және сол қоғамның өзге мүшелерінің тарапынан болатын езгіден сақтау; • Жекелеген адамдар мен шағын топтардың мүдделеріне қызмет етпейтін, белгілі бір қоғамдық мекемелер ұстау; Мемлекет құрылымы бойынша Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Конфедерация (лат. confoederare — шартпен байланысқан, біріккен)—тәуелсіздігін сақтай отырып, өздерінің кейбір әрекеттерін үйлестіру үшін бipiккeн мемлекеттердің одағы. Мемлекет басқаруы бойынша Өрениет тарихын саралап қарасақ, мемлекетті басқаруға жіберілетіндердің төмендегідей ықтималдылығы болуы керек екендігін көреміз.Бірінші жағдайда- билік атадан балаға мұра ретінде қалдырылады. Екінші жағдайда- билік тізгінін ұстайтын адам билікке ұмтылушылар арасынан еркін сайлау жүргізу арқылы таңдалады.Үшінші жағдайда- қастандық, бүлік, төңкеріс жолдарының бірімен билікті әлдекімдер күшпен басып алуы мүмкін. Жоғарыда аталған билікке қол жеткізудің мүмкін болатын үш жолының алғашқы екеуі заңды, үшіншісі заңсыз болып табылады. Абсолюттік Конституциялық Парламеттік Президенттік
Әр топ өздерінің басқару жүйесіне сай постерлер қорғайды. 5. Жаңа сабақты бекіту мақсатында: Әр топ бір-бірінің «Сөйлемді толықтыр» тапсырмасын орындайды. «Рөлдік қойылым» ойынын ойнату. Әр топ өздерінің мемлекеттік басқару формасын көрсетеді. 6. Бағалау парағын жинап, оқушыларды бағалау 7. Үйге тапсырма:§ 17. Мемлекет және оның қоғамдағы рөлі 8. Сабақты қорытындылау: Осы сабақтан алған әсерлерін, стикерлер арқылы тауға жабыстыру
|
Категория: Презентации | Добавил: Arman2958
|
Просмотров: 4776 | Загрузок: 585
| Рейтинг: 3.0/2 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|