Батыс Қазақстан облысы,
Теректі ауданы,
Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Макпозова Айнур Утебаевна
Сабақтың тақырыбы:С.Сейфуллин «Ақсақкиік»
Сабақтың мақсаты:
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Міндеті:
білімділік: өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, түсіндіру;
дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, көркем сөз оқуын дамыту.
тәрбиелік: адамгершілікке, өнер білімді меңгеруге, өлеңді мәнерлеп оқуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру сабағы
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, топпен жұмыс, постер қорғау.
Көрнекілігі: ақын портреті, шығармалары, слаид, кеспе қағаздары.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, биология.
Күтілетін нәтиже: Сәкен шығармаларындағы өмірлік құндылықтарды тану;
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
а)Оқушылардыңсәлем- десуі,түгелдеу.
ә)Оқушызейінінөлеңжолдарыменсабаққааудару.
II. Үйтапсырмасын тексеру
«Бізден – сұрақ, сізден – жауап»
1-сұрақ
Білімге жаны құштар Мағжан қандай медреседе оқиды?
2-сұрақ
Мағжан Жұмабаевты кім деп білесің?
3-сұрақ
Кейіптеу дегеніміз не?
4-сұрақ
Мағжанның «Қысқы жолда» өлеңінің негізгі тақырыбы?
5-сұрақ
Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» атты өлеңінде кімге деген сағыныштары суреттеледі?
Жаңа сабақ
Сәкен Сейфуллин 1894 жылы Қарағанды облысының Нілді деген жерінде туған. Сәкен жастайынан ән салып, өлең шығарып, өнерге әуестенумен бірге, саяси тартысқа да ерте араласты. Қазан төңкерісінің от-жалынына өртене жүріп, «Аққудың айырылысуы», «Көкшетау», «Қызыл ат» деген поэмалар, «Қыр балалары», «Жер қазғандар» атты хикаяттар, «Тар жол, тайғақ кешу» романын жазды. Асқақ та әсем сазды әндер жазды.
Топтық жұмыстар
1-топ: «Бетпақдала»
2-топ: «Ақсақ киік»
3-топ: «Ақын Сәкен»
Бірінші топ.
Бетпақдала өңіріне сипттама беріп өтеді.
Екінші топ.
Өлеңге жоспар құру
Үшінші топ.
Киік қандай аң? Тапсырмасы бойынша жұмыстанады.
Оқушылардың алдына тапсырмаларымен жұмыстауға қажетті мәліметтер беріледі.
1-топ.
Бетпақдала — Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Қарағанды,Жамбыл, ОңтүстікҚазақстаноблыстары аумағындаорналасқан. Батысында Сарысу өзенініңтөменгіағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігіндеШу өзеніаңғарымен, солтүстігінде Сарыарқаменшектеседі. Батыстаншығысқақарай 500 км, солтүстіктеноңтүстіккеқарай 300 км аумаққасозылған. Ауданы 75 мыңкм² шамасында. Бетпақдалаүстірттішөлініңорташаабсолюттікбиіктігі 300 — 350 м. Абсолюттікбиіктігі 200 — 300 метрдейболатынкөлемдіоңтүстік-батысбөлігіжазық, ал абсолюттікбиіктігі 400 — 700 метрдейсолтүстік-шығысбөлігіқыратты. Палеозой эрасының тау жыныстары (гранит, порфирит, әктас) тереңдежатыр, бетін мезозой мен палеоген кезеңініңшөгіндіжыныстары (құмтас, саз, малтатас, құм) жапқан. Еңбиікжері —Жамбыл тауы (974 м).
2-топ
Қазақтар киік деп атайтын, ақбөкен деп жазатын түз тағысы – шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Ауа – райына, жайылымының жағдайына байланысты қоныстарын кейде ауыстырып отырады. Әйтпесе, қай аймақта да киіктердің арнайы түрде лақтайтын, өрістейтін тұрақты жері, сол өңірге жыл сайын жылы жақтан келіп, кері қайтатын арнайы жолы болады. Олар көктемнің кеш туатынын, қыстың қарлы боранды, суық болатынын алдын-ала болжап біледі, соған сәйкес тіршілік етеді. Киіктер жұп тұяқтылардың ең өсімталы, жылына бір рет лақтап, өсіп – өнеді. Лақтарын – құралай деп атайды. Жыл сайын мамыр айының 19-21 жұлдызы аралығында «Құралайдың салқыны» деп аталатын ауа райының құбылмалы кезеңі өтіп тұрады. Бұл күндері жаңбыр, кейде қар аралас жаңбыр жауып, температура суытады, салқын жел соғады. Өйткені, мамыр айының алғашқы жартысында киіктер 2-3 күнде лақтап болып, балалары жерде жатады. Күн суытысымен-ақ олар ызғарлы жерден тұрып, тәлтіректеп аяқ басып, енелерінің соңынан ерген күйі жүруді үйренеді. «Құралайдың салқыны» - табиғат – ананың киіктердің лағын ширатып, тіршілік етуге қадам бастырып, тәрбиелейтін қатал да ізгі мінезі. Киіктер көбінесе егізден, кейде 3 лақтан туады. Түз тағысы өсімдіктердің сексеннен астам түрлерімен қоректеніп, кейде аусыл, пастерелез дертіне де шалдығады. Ең бастысы, енесі өлген лақты киіктердің кез – келген ұрғашысы емізіп, аштан өлуіне жол бермейді. Олардың басты жауы – қасқырлар мен қарақшы аңшылар, лақтарының жауы – қарақұстар мен дала бүркіттері. Дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін бұрын кәсіптік маңызы бар жұп тұяқты жануар саналатын- ды. Қазақстанда 1921 жылы киіктерді аулауға тиым салынды да, 1957-58 жылдары олардың саны 2 миллионнан асқандықтан қайта аулауға рұқсат етілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 267 арнайы қаулысымен 2005 жылғы 25 наурыздан бастап елімізде ақбөкендерді (киіктерді, М.С.) аулауға тағы да қайта тыйым салынды, олардың санын көбейту және қорғау шаралары қолға алынды
Сөздікпен жұмыс
- Сегізкөштік-ұзындықөлшемі.
- -Таңы-жануардыңсұлумүсіні.
- -Қос-шатыр,күрке.
- -Бетеге - шөпатауы.
- -Киік–аталықжануар.
- -Бөкен-аналықжануар.
Өлеңге сатылай кешенді талдау
- Авторы:
- Тақырыбы:
- Идеясы:
- Құрылысы:
- А. шумақ
- Б. тармақ
- В. буын
- Г. бунақ
- Д.ұйқас
Жаңа сабақты бекіту
Балалар, енді «Жаралы киік» тақырыбында ойтолғау жазып шығыңдар.
Үй тапсырмасы: «Ақсақ киік» өлеңіне ұнаған жерін жаттау
Далее - скачать удаленно
|