Воскресенье, 22.12.2024, 05:12
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Технология труда и экономика

«Ою-өрнектің қолданылуы»
[ Скачать с сервера (41.0 Kb) ] 19.02.2015, 00:51

 

Тегісшіл жалпы білім беретін негізгі мектебі.

Шобанов Асылхан Манарбекұлы

 Технология, бейнелеу өнері пәні мұғалімі

І санат.

Сабақтың тақырыбы: «Ою-өрнектің қолданылуы»

Сабақтың мақсаты: Ою-өрнек туралы түсінік беру.

Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру және жапсырмалау технологиясын үйрету.

Дамытушылық: Ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы  оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салтдәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі  сабақ.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық

Сабақтың  көрнекілігі: Слайдтар, «Ә. Қастеевтің  сөзі», «Ою-өрнектер», «Сергіту сәті».

Құралдары: ермексаз, ДВП, үшқат, пышақ түрлері

Пәнаралық байланыс:   тарих,  бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру  кезеңі

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу. 

2. Сынып тазалығын тексеру.

3. Оқушы назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру 

Пышақ қынын тігу. Үй тұрмысында қолданылатын теріден жасалған кейбір мүліктер және оларды жасаудың халықтық технологиясы.

«Бағдаршам» әдісі:

Әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-түсті қалақшалар арқылы белгі береді: «жасыл» - дайын, «сары» - күмәнді, «қызыл» - дайын емес.

IV. Жаңа сабақты даярлау. Жапсырмалау өнері. Ою-өрнекті жапсырмалаудың технологиясы.

«Қызықты сұрақ» әдісі:

Сыныпқа тақырыпты ашатын, бірақ жауабы қиындау сұрақ қойылады. Тапқан оқушыны мадақтап, ешкім таппаса жауабын мұғалімнің өзі айта отырып, сабақтың тақырыбын айтады. Сұрақтар: неліктен? Ол кім, бұл не? Сипатында болып келеді.

Өрнектің қандай түрлерін білесіңдер? Оларды ата.

Өрнек бөліктерін қандай мақсатта жапсырмалаймыз?

Өнерді  таудың  бұлағынан,

Қойдың  құлағынан,

Апамның  киізінен,

Қошқардың  мүйізінен  үйрендім.

                                                Ә. Қастеев.

Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Біз сол өрнектердің негізгі элементтерін ғана таныстырып жапсырмалауға ұсынып отырмыз. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан, осы күні кейбір облыстардағы «қошқармүйіз» өрнегі бастапқы бейнесінен өзгергенін байқаймыз. «Ырғақ», «сағатбау», «түйетабан», «жүрекше», «қазтабан» деп аталатын әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің орындауында түп нұсқасын жоғалтып жүр. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең алдымен осындай бұрмалаушылықтан арылып, оны әдемілігіне жеткізе, жаңа түр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз керек.

Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлері екіге бөліп қарайды. Біріншісі – қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық өрнектері. Екіншісі – басқа халықтардан ауысқан жаңа туындылардың үлгілері.

Қазаққа  ұлттық   нақыш  беретін  оның  өзіндік  ою - өрнектері.

Ұлттық  ою - өрнектерді    төрт  топқа  жатқызады:

1.      Жан жануарлар  тектес  ою - өрнектер.

Қошқар  мүйіз – қазақ  оюының  ең  көне  түрі.  Сырмақ, текемет, алаша, клем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік  бұйымдарының  бәрінде  кездеседі.

Сыңар  мүйіз – кең  тараған  ою - өрнек үлгісінің бірі.  «Қошқар  мүйіздің» тек  бір  жақ  сыңарын  ғана бейнелейді.  Сырмақ, текемет, киім-кешектердің  жиегіне  істетіледі.

Түйе  табан – түйенің  басқан  ізіндегі  қос  табаны  сияқты  дөңгеленіп  келетін, S әріпі  тәрізді  күрделі  өрнек. «Табақша  өрнек» деп  те  аталады.

Түйе  өркеш – түйенің  қос  өркешіне  ұқсайтын  өрнек.  Әшекейленетін  заттардың  жиектеріне  көбірек  істетіледі.

Қос  қанатты – құстың  қос  қанатын   кең  жайып  ұшқан  бейнесіне  ұқсайтын  өрнек.

2. Гүл – жапырақ  өсімдік  тектес ою - өрнектер.

Гүл (жауқазын) – барлық  гүлдің  бірбеткей  бейнесін  бейнелейтін  өрнек.    

Көбелек – қанатын  еркін  жайып, көсіле  ұшқан гүлді   көбелектің  үлгісіндегі  өрнек.  Шай дорбаға, аяққаптарға  істетіледі.

3. Космогониялық  ою - өрнектер.

  Жұлдыз – аспандағы  жыпырлаған  жұлдыздардың  натуралы  қалпын  бейнелейтін  және  бес  жұлдыздың  бейнесіне  ұқсайтын  өрнек.

4. Геометриялық  ою - өрнектер.

Ботакөз – сыртқы  пішіні  ботаның  көзіне  ұқсап  келетін  ромбы  тәріздес  өрнек.

Қарға  тұяқ – қарғаның  басқан  ізінің  үлгісіне  ұқсатылып  жасалған  өрнек.  Алаша, кілем  тоқуда пайдаланылады.

Тұмарша – үшбұрыш  үлгілес  болып  келетін  өрнек.  Бұйымдардың  жиектерін, ортасын  көмкеруде  кездеседі.

Әр ою - өрнектің  астарында  мағына  болады.  Мысалы:   «қошқар  мүйіз»  оюы  молшылықты  меңзейді,  «ағаш»  оюы  ынтымақ  бірлікті, «ирек»  оюы  адамның  өмір  жолы, судың  белгісі, «шеңбер»  оюы  жарық  өмір  жолы  дегенді  білдіреді.

Сергіту  сәті. 

Видео ролик  (ағаштан жасалған қолөнер бұйымдарына ою-өрнекті жапсырмалау өнері).

V   Сарамандық  жұмыс.

Ою-өрнектерді түрлі- түсті қағаздан шиырма жасау

   Қорытынды.

«Пайымдау сұрақтары» әдісі:

Ұлттық  ою - өрнектерді    неше  топқа  жатқызады?

Жапсырмалаудың қанша әдісі бар?

VII   Үйге  тапсырма.  

Категория: Технология труда и экономика | Добавил: Kairat
Просмотров: 3222 | Загрузок: 93 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика