Суюсанова Ырыскуль Расимовна
МКҚК Ақсай техникалық колледжі
«Білгірлер отауы»
сыныптан тыс шара
"Білгірлер отауы" интеллектуалдық сайысы
Ойынның мақсаты:
Студенттің өз кәсібіне деген құрмет сезімін тәрбиелеу. Өткенді қайталай отырып, студенттердің есте сақтау қабілеттерін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау. Алған теориялық білімдерін қолдана алатындай есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін және ғылыми дүниетанымын кеңейту.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, әріптестер, сайысқа қатысушылар! Бүгінгі мұнай және газ апталығына байланысты өткізілетін "Білгірлер отауы" интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер деп, сіздерге зор денсаулық, табыстарыңыз жемісті болсын, студенттеріміз еңбектеріңізді ақтап, бәрінің алды болсын деп тілеймін, ал студенттерімізге тек сәттілік болсын деп айтамын. Тапқыр және Жігер топтары арасында 53 топ пен 73 топтан 4 студенттен қатысады. Бүгінгі ойынның қатысушыларын көшеметтеп, таныстырып ұранын тыңдау. Олай болса ойынымызды бастайық. Ойынымыз 5 айналымнан тұрады,
Олай болса ойынымызды бастайық.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
«Адамның ішінде болмайды аласы, оларды бұзатын таласы» Шәкәрім
Ойынның барысы 5 айналымнан тұрады:
1-айналым .“Анаграмма шешу”.
2-айналым .“Ойлан тап”.
3-айналым. “Капитандар сайысы”.
4-айналым .“Егерде мен ...”.
5-айналым. “Сен білесің бе?”.
І – айналым “Анаграмма шешу”. Берілген сөздерді 1минут ішінде дұрыс жазып үлгеру.
1. гайрдер - драйгер
2. йглкинса - сайклинг
3. шақа - ақша
4. пресорском - компрессор
5. ляфдеция - дефляция
6. терамеор - ареометр
ІІ – айналым “Ойлан тап”. 3 минут уакыт ішінде тор көзге сандарды дұрыс тауып қою.
1.1 ден 7дейін қоса алғандағы сандарды орналастыр, оларды түзумен қосқанда цифрларының қосындысы 12 болсын.
2. Дөңгелектер ішінде 1ден 9 ды қоса алғанда сандардың қосындылары 15 болатындай орналастыру керек.
ІІІ – айналым “Капитандар сайысы”. (ия немесе жоқ деп жауап беру керек)
1 – топ: Тапқыр тобы.
1. Драйгер күкіртсутек өлшейтін аспап. - жоқ
2. Тұтқырлықты пирометрмен өлшейміз. - жоқ
3. Ұңғы – қысымды өлшейтін құрал. - жоқ
4. Тау жынысы 3 бөлінеді. - ия
5. Термометрмен улы газды өлшейміз. - жоқ
6. СШСҚ – сұйық зат. - жоқ
7. Атқылау арматурасы – 4 бөлінеді. - жоқ
8. ЭОТСҚ – бұрғылау аспабы. - жоқ
9. Колледжде біз дұрыс жазуға, оқуға үйренеміз. - ия
10. Гидратпен тығыздықты өлшейміз. - жоқ
2-топ: Жігер тобы.
1. Ұңғы 7 топқа бөлінеді. - ия
2. Тау жынысы 5 бөлінеді. - жоқ
3. Мұнай қатты зат. - жоқ
4. Перфорациялау ұңғыны бұрғылау үшін керек. - жоқ
5. Қашау тау жынысының түріне жатады. - жоқ
6. Қысымды ареометрмен өлшейді. - жоқ
7. Күкіртсутек улы газ. - ия
8. Жерасты жөндеу жұмысы 2 бөлінеді. - ия
9. Абсорбер газды кептіруге арналған қондырғы. - ия
10. Ұңғыға түсірілетін шегендеу құбыр - 4- ия
Жүргізуші:
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
ІV – айналым “Егерде мен ...” ﴾берілген тақырыптар бойынша өз ойын жеткізу﴿
- “ Егер мен ҚПО б.в менеджері болсам…”
- “Егерде мені болашақ бағдарламасы бойынша оқысам”
1 – топ: Тапқыр тобы
1. Сіз ұнататын жұлдыз бір қасықпен тамақ жеп, сол қасықты жумай сізге берсе, сол қасықпен тамақ жей аласыз ба?
2. Қалаған үш елге тегін барып қыдырып келуге мүмкіндік болса, қай елге барған болар едіңіз?
3. Сіз күкіртсутектің иісін байқадыңыз делік детекторыңыз дабыл берді, енді флюгерге қарасаңыз күн тымық ﴾жел жоқ﴿ не істер едіңіз?
2-топ: Жігер тобы.
1. Сіз шетелдік фирмада үлкен лауазымда жұмыс жасайсыз делік, бүгін инвесторлармен кездесіп келісім шартқа қол қою керек, ал аудамашыңыз келмей қалды осындай жағдайда не істер едіңіз?
2. Сіз әншісіз, концертте үлкен сахнада ән айтып жатырсыз. Кенеттен құлап түстіңіз, сіздің әрекетіңіз?
3. Егер "Джин" келіп, үш тілегіңізді айтыңыз десе, қандай тілек айтар едіңіз?
V – айналым “Сен білесің бе?” ﴾екі командаға тапсырма беріледі, сол тапсырмаларды әрбір студент іс – қимыл арқылы түсіндіру﴿
Жеңімпаз топты анықтау.
«Тоқсан ауыз сөздің, Тобықтай түйіні бар!»
Арнайы киім
Темиргазиева Мөлдір
Қолтырауын
Көшбасшы Болатбек
Тышқан
Мен әншімін
Директор
Күкіртсутек
Қоңыр түс
Қайрат Нұртас
|