|
«Ғасырдың ғажап азаматы»
[ Скачать с сервера (23.3 Kb)
]
| 27.01.2015, 19:35 |
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып жетекшісі Айдынгарина Аксауле
Сабақтың тақырыбы: «Ғасырдың ғажап азаматы» Сабақтың мақсаты: a) Оқушының бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, туып өскен жерін, елін, Отанын перзенттік сезіммен шексіз сүйе білуге бағдар беру. b) Отан алдындағы борышын мақтаныш пен жеткізіп, сезіне біліу, ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған салт-дәстүрлерімізді қазақи дарқандылығымызды, қасиетті тілімізді қолдайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: проектор Сабақтың барысы: Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгін 6 – 7 сынып оқушыларымен «Ғасырдың ғажап азаматы» атты ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Халық күші керемет десекте ерек, Бір перзенті биіктеп өсер бөлек. Қанша ақылды, қанша көп боғанымен Әр халыққа кемеңгер көсем керек дегендей- 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Елім, Отаным, президентім деп тебіренбейтін жан жоқ шығар, сіріә! Жер бетінде азаттықтан асқан бақыт жоқ. Қазақ халқы ержүрек, достыққа адал, бауырмал қонақ жай халықтың қуанышында шек жоқ. Біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап тәуелсіз егеменді ел болдық. 1. жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Бүгінгі «Ғасырдың ғажап азаматы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер 2. жүргізуші: Күндер өтті кешегі, Жігер құм боп жасыған, Несіне оны жасырам? Әнұраным бүгінгі Баға жетпес асыл ән Қ.Р. мемлекеттің әнұрына орындалсын! 1-жүргізуші: Ел - халқымның Елбасына айналып, Шықтың қайта төр басына сайланып, Тәуекел деп абыройға сүйенген, Қазағыма жетер дейсің қай халық. 2-жүргізуші: Барлығыңызды 1 желтоқсан Президент мерекесімен құттықтаймыз. 1-жүргізуші: Елбасымыздың өмір жолына қысқаша тоқталып кетейік. Баяндамашы: 6 – сынып оқушысы Утенова Лидияны ортаға шақырамыз. Өмір - баяны 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаскелелең), Шамалған ауылында дүниеге келген. Нұрсұлтан әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғышы. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау – бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, отын жарды. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата – анасын қатты құрмет тұтты. 1958 жылы Днепродзержинск (Украина) техникалық училищесіне түсіп, 1960 жылы май айында Нұрсұлтан Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралады. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді. 1969 – 1976 жылдары Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1977 – 79 жылдары Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, 2 - хатшысы, 1979 – 84 жылдары Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы, 1984 – 89 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989 – 91 ж. Қазақстан КП ОК - нің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан – сәуір) болды. 1990 ж. сәуірінен Қазақ КСР президенті. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президенті үшін жалпыхалықтық сайлау өтті. Сайлау нітижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98, 7%) жеңіске жетті. Президент болып сайланысымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мемлекеттің егемендігін жариялады. 1995 ж. сәуірдің 29 – ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 ж. қаңтардың 10 – ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Назарбаев 79, 78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды 2005 ж. желтоқсанның 4 – інде сайлаушылардың 91, 5% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды 2011 ж. сәуірдің 3 - інде сайлаушылардың 91, 5% дауыс алып Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2-жүргізуші: Көрініс: «Таңертеңгі астың кезі» Сұлтан: Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім. Анасы: Ол қандай түс, балам?(елең ете қалады) Сұлтан: Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам, менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да, осы Шамалған аулының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім. Анасы: Балам, сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген – жақсы нәрсе. Алла тілеуіңді берсін, балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен. Анасы баласына ақ батасын беріпті. 1-жүргізуші: «Елбасына арнау» өлеңін оқитын 7 сынып оқушысы Чапаев Бақдәулет Перзентсің, туған жерге бір баласың, Басышысың, бірге бауыр, бірге ағасың Алдымен сен толқисың, қуанасың Қазақтың көрсең ғажап бір даласын
Қанша жыл маңдай терді көл ғып төгіп Сан күрес, қиын жолға төзіп, көніп Ақылдың аспанынан сырғанамай Қайратты қолмен істеп, көзбен көріп
Сабырдың, кеңпейілдің, жомарттықтың Үлгісін мінезі бай, ой артықтың Көрсеткен талай, талай кезеңдерде Жүрмеді көлеңкеңе қол артып кім 2-жүргізуші: Ән: «Қазақстан» орындайтындар 6 сынып оқушысы Утенова Лидия мен 7 сынып оқушысы Чапаев Бақдәулет 1- жүргізуші. «Елін сүйген елбасы» өлеңін оқитын 7 сынып оқушысы Кусаинов Алдияр Елбасымыз жолдайды Халқы оны қолдайды Ешқашанда орынсыз Шешімдері болмайды Елбасы елді қорғайды Халық қамын ойлайды Осындай жақсы адамның Жақсылығы тарайды Тәуелсіздікті елге сыйлайды Бейбітшілікті қалады Орындалып арманы Халқымызды ажарлы Осының бәрі әрине ,елбасының арқасы Ауыр күнді артымызға тастауы Қиын сәтте қиындықтан кашпауы Тілім дінім ұлтым қайта көгерген Елбасымыз Нұрағаңнын бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп Жас отанның өмірін де түсініп Елім жерім деп ұрандап тайсалмай Бір керемет жасады – ау кісілік.
2-жүргізуші. «Елбасы» өлеңін оқитын 6 сынып оқушысы Ғинуаров Думан Мақсат, мүдде танымы Ерен жүйрік дарыны. Оныменен достасты Әлемдегі сан ұлы Өмірі оның өнеге Жаңаға да көнеге Штурвал боп келеді ол Қазақстан – кемеге! 1- жүргізуші. Қазақ биімен ортада 7 – сынып оқушысы Есімова Перизат 2- жүргізуші. «Елдің қамы – Елбасының Жолдауы» өлеңін оқитын 6 сынып оқушысы Атантаев Жарасхан Халқым күткен елбасының жолдауын Елбасымыз күткен елдің қолдауын. Бізге керек түсіністік парасат – Бәрі осы бүгін айтар толіауым Елбасының ойлайтыны - ел қамы Зиялы елді тебіренту толғамы, Қазақ деген елге керек әрдайым Ерен бірлік, ынтымақтың болғаны. Перзентімен тербелісте жер бесік Бұл заманда күрес керек бел шешіп Елбасының Жолдауында жыл сайын Бір жаңалық көтереді еңсесін. Тәуелсіздік сақтау үшін не керек, Ана тілін ақтау үшін не керек Туған елі қалай, кайтіп ел болар, Туған жері қалай, қайтіп көгерер?! 1- жүргізуші. Президентіміз нұрлы болашаққа бастайды. Әрбір отбасы, әрбір қазақ, әр адам тәуелсіздікті сақтауға жауапты. Жарты дүние әлемін алып жатқан елімнің келешегіне сенеміз –дей отырып бүгінгі «Ғасырдың ғажап азаматтары» атты шағын концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз. Жадыраған жарқын күндерде жүздесейік! 2- жүргізуші. Ән: «Жаса Қазақстан» Қорытынды. Мұғалім: Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан –жылға көркейіп, жаңа экономикалық өрлеу үстінде, Отанымыздың осындай бейбіт өмірде өмір сүру, әрине біздің елбасымыздың арқасы. Қазақстан мемлекеті көптеген белестерге қол жеткізді. Қазақстан мемлекеті Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Гимінімен айбынды мемлекет. Мемлекетіміздің одан әрі көркейіп гүлденуіне өз үлесімді қосайық. Сау болыңыздар
|
Категория: Воспитательный час | Добавил: NBA
|
Просмотров: 2371 | Загрузок: 91
| Рейтинг: 5.0/1 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|