Воскресенье, 22.12.2024, 06:01
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Воспитательный час

«Туған күнім – мерекем» сценариі
[ Скачать с сервера (44.0 Kb) ] 06.01.2015, 13:47

Сарқан қаласы

«Балдырған» балалар бақшасы

«Еркетай» мектепалды даярлық тобы

Тәрбиеші: Март Тілеухан

Қыс мезгілінде туған балаларға арналған

 «Туған күнім – мерекем» сценариі.

Өтілеті орыны:Топ

Өтілетін күні:21.05.14

Өтілетін уақыты:15.30

         Мақсаты: Балалардың туған күндерін атап өту. Ата-аналармен байланыс жасап, балалардың достарының жылы лебіздерін, музыкалық сәлемдерін жеткізу.Туған күн иелерінің көңіл-күйімен бөлісе білуге, достыққа, бірлікке шақыру. Музыканы шаттана қабылдап, көңіл-күй сезімдерін ояту.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер  «Ертөстік» тобының «Туған күнім мерекем»  мерекесіне қош келдіңіздер!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі

Жүргізуші:

            Жайнасын өмірлерің әр күн сайын,

            Аспанда мәңгі тұрсын күн мен айың.

            Келешек өміріңе бақыт тілеп,

            Туған күн мерекеңмен құттықтаймын

-Ал, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін табыңдар.

Жұмбақ:  1. Аспаннан ақ ұлпа борады,

                        Қырқаны мақтаға орады.              (Қар)

                     2. Қыста ғана болады,

                        Ұстасаң қолың тоңады.                (Қар)              

Жүргізуші: -Ендеше біз бүгін көктем  мезгілінде туған балалардың туған күндерін атап өткелі отырмыз. Бүгінгі  туған күн иелері:  өзі биязы, сабаққа белсенді, ақылды ұлымыз -К., ақылына көркі сай, әдемі қызымыз -Б. Алина, өзі биязы, салмақты қызымыз  -Т.Айдананы ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.

Ойын: «Шаттық гүлі»

Ән: «Туған күн»

Жүргізуші: балалардың туған күн иелеріне арналған тілектері бар екен.

 

1 Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсы үміт.

Тілейміз біз көп алғыс,

Әкелсін көп қуаныш.           

2 Бүгін туған күніміз,

Қолда шоқ-шоқ гүліміз,

Көңіліміз көркейді

Көп ән бимен жырымыз.     

3 Үйреніп өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Тақпақ айтып, ән шырқап,

Би де билеп береміз.                   

4 Еркін күліп ойнаймыз,

Ертеңді де ойлаймыз,

Достықты қастерлеп,

Туған күнді тойлаймыз.            

5 Кел келіңдер бүгін,

Менің туған күнім.

Бірге біздер тойлайық.

Би билейік ойнайық.            

Туған күн иелеріне арналған Сабыржан Салтанаттың орындауында «Көңілді күн» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Көңілді күн»  (Сабыржан Салтанат)

6 Күн дидары жадырап,

Ән салайық сіздерге.

Өлең оқып би билейік

Туған күннің кешінде.        

7 Ән құрадым үніңмен,

Сән құрадым гүліңмен.

Құттықтаймын сендерді

Қыста туған күніңмен.      

8 Көрсін біздей балғынды,

Көңілденсін ол енді

Шырқатайық ән жырды

Шырқатайық өлеңді.        

9 Туған күнің шаттығы,

Асқақтатып біздерді.

Бақшаның толы әуені.

Қызықтырып ол енді.        

 

Жүргізуші: - Жарайсыңдар балалар, тілектеріңе рахмет.

         Әсем кештің ажары,

         Әсем бисіз кіре ме?

         Кіп-кішкентай бишілер.

         Мың бұралып билейді.

Би: «Қояндар» қыздардың орындауында.

-Балалар, сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма? Ендеше «Қатырмақ» ойынын ойнайық.

Ойын : «Қатырмақ»

Ән: «Той жыры»

Ойын: «Кім күшті?»

Би: «Балапан» ұлдардың орындауында

Жүргізуші: Балалар сендердің жылдамдықтарыңды сынап көрейін.

Ойын: «Көңілді шарлар»

Балалардың сыйлықтарын тарту ету.

Жүргізуші:  Ұзақ болып иншалла, өмірлерің,

                   Тасысын шаттықтан көңілдерің,

                   Жарқырап күн санап өсе бергін,

                   Жарқылдап семсердей сенімдерің.

Осымен қыс мезгілінде туылған балаларға арналған «Туған күнім- мерекем» атты кешіміз аяқталды. Балалар сендерге зор денсаулық, ашық аспан, бақытты балалық шақ, ата-аналарыңыздың сүйікті ұл-қыздары болып өсулеріңе тілектеспіз!

Категория: Воспитательный час | Добавил: Nuky
Просмотров: 5816 | Загрузок: 162 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика