Суббота, 23.11.2024, 13:37
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Апрель » 8 » Фигураны салу, кірістіру
16:31
Фигураны салу, кірістіру

Абдкереева Гаухар Жанбырбаевна
Қызылорда қаласы
№136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейінің  информатика пәні мұғалімі

Класы: 7
Сабақтың тақырыбы:  Фигураны салу, кірістіру
Сабақтың мақсаты:    Ақпаратты қабылдауды, жеткізуді өңдеуді, және сақтаудың          
                                         тәсілдерін үйрету.
Білімділік: Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен таныстыру:
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,инт.тақта, интерактивті планшет, элект.оқулық
Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру
                                          2.Үйге берген тапсырманы тексеру
                                          3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
                                          4.Тапсырмаларды орындау
                                          5.Сабақты бекіту
                                          6.Үйге тапсырма
Жаңа түсініктер:   Құжатқа кескіндерді кірістіру
Word құжатына графикалық объектілерді кірістіру өте оңай. Сіз кез- келген деректен суретті көшіре аласыз (веб- беттерден немесе басқа құжаттан), одан кейін ағымдағы құжаттың қажетті жеріне алмастыру буферінен суретті кірістіресіз. Одан басқа Word бағдарламасында бағдарламадан тікелей әр түрлі графикалық файлдарды ашуға және сақтауға мүмкіндіктер бар. Сіздің қатқыл дискіңізде сақталған кескінді құжатқа кірістіру үшін лентада Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Сурет батырмасын басыңыз (1. Сурет), Суретті кірістіру терезе?
 ?інде графикалық файлды таңдаңыз және кірістіру батырмасын басыңыз.


1   Сурет. Құжатқа кескіндерді кірістіру батырмасы    
Кескіндермен жұмыс жасау үшін Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағы қызмет етеді. Оның көмегімен векторлық кескіндермен де және растрлық кескіндермен де жұмыс жасауға болады. Тапсырмалар аймағын көру үшін, лентада Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Клип батырмасын басыңыз (2. Сурет).

2  Сурет. Клип батырмасы
Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағында лайықты кескінді табу үшін (3. Сурет) Іздеу жолында кілттік сөзді теріңіз және бастау батырмасын басыңыз. Егер іздеу жолын бос қалтырса, онда бағдарлама барлық қол жетімді кескінді көрсетеді.

3            Сурет. Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағы
Қандай да бір тақырыппен іздеуді шектегіңіз келсе , Объектілерді іздеу және Қарау тізімін баптаңыз. Ең бірінші іздеу жүргізу қажет коллекциялар көрсетіледі, ал екінші- файлдар типі (суреттер, фотосуреттер, дыбыстар т.б).
Үнсіз келісім бойынша үш коллекцияны пайдалана аламыз:
•      Менің коллекцияларым- мұнда қатқыл дисктің суреттер сақталған барлық бумалары кіреді;
•      Microsoft Office коллекциялары- кескіндердің бұл жинағымен көбінесе алғаш қолданушылар жұмыс жасайды.
•      Веб- коллекциялар- Office Online Интернет- қорында қол жеткізуге болатын кескіндердің көмегімен Word бағдарламасының суреттер жинағын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Берілген критерилерге сай келетін кескін алдын ала қарау аймағында көрінетін болады (4. Сурет). сіз оларды айналдыру жолағының көмегімен қарай аласыз.

4            Сурет. «Компьютер» сұратуы бойынша табылған кескін

1. Жаттығу. Құжаттқа суреттерді кірістіру
Құжаттқа сурет кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңыздар:
1.          Курсорды құжаттың қажет жерін орналастырыңыз;
2.          Суреттер коллекциясы тапсырмалар аймағындағы  суретке бір рет шертіңіз. Сонымен қатар сіз кескінге нұсқағышты алып келе аласыз, оның оң жақ бөлігіндегі бағыттауышқа шертіп және Кірістіру командасын таңдаңыз.  (5. Сурет).


5 Сурет. Құжаттқа кескіндерді кірістіру

Файлға кескінді кірістірмес бұрын, оны үлкейтілген өлшемде көріп және параметрлерін оқып білуге болады. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1.          Сізді қызықтырған суретке тышқанның нұсқағышын алып барыңыз;
2.          Кескінің оң жағындағы бағыттауышқа шертіңіз, Көру және қасиет пунктін таңдаңыз.
Кеңес. Көру және қасиет диалогтық терезесінде кескіннің параметрлерін көру үшін, диалогтық терезені әр бір жаңа сурет үшін қайта қайта шақырмайақ қойсада болады. Кескінді таңдау үшін   және   батырмаларын пайдаланыңыз.

6   Сурет. Көру және қасиет диалогтық терезесі  

7         Кескіндерді редактілеу
Егер кірістірілген кескінді ерекшелесек, онда лентада Суреттермен жұмыс- Пішім деген  жаңа қосымша пайда болады (7. Сурет). Осы қосымшаның көмегімен суретті редактілеудің барлық операцияларын орындауға болады.

8           Сурет.  Суреттермен жұмыс- Формат қосымшасы
Суреттің түсін Өзгерту тобындағы Басқа түске бояу батырмасының көмегімен баптауға болады.

9                  Сурет. Басқа түске бояу батырмасының көмегімен кескіннің параметрлерін таңдау
Басқа түске бояу менюіндегі Мөлдір түс орнату командасы суреттің кез- келген элементінің түсін мөлдір түске өзгертуге мүмкіндік береді. Оны таңдағаннан кейін курсор пішінін өзгертеді (9. Сурет). Суреттің мөлдір түс орнату қажет элементіне шерту керек (10. Сурет).
Сонымен қатар Өзгерту тобында кескіннің қанықтылығын және айқындылығын баптайтын батырмалар бар. Осы батырмаларға басқан кезде кескіннің қанықтылығын және айқындылығын өзгертуге арналған нұсқалары бар меню пайда болады. Курсорды менюдің пунктеріне апарсақ сурет сол сәтте өзгереді.
Егер менюден кескінді баптаудың лайықты нұсқасы табылмаса, онда қанықтылық пен айқындылықтың мәнін қолмен орнатуға болатын Суретті баптау параметрлері командасын шақырыңыз. Бұл жерде де басқа түске бояу үшін түс таңдауға болады. Жазулар
Жазулар-  бұл  векторлық графиканың мәтін қойылған объектісі. Жазулар құжаттың мәтінін көрнекі етіп безендіруге көмектеседі. Сонымен қатар жазуларды плакаттар, хабарламалар, түсініктемелер жасау кезінде пайдалануға болады.
Жазуларды құру үшін лентада Кірістіру қосымшасындағы Мәтін тобында Жазу батырмасын басыңыз.

Егер ұсынылған үлгілердін ешқайсысы сізге лайықты болмаса, онда Жазу менюінен Жазуды салу командасын таңдаңыз немесе Фигуралар менюінене Жазу батырмасын басыңыз. Жұмыс аймағына шертіңіз, тышқанның батырмасын жібермей қажетті өлшемдегі объектіні салыңыз. Ішінде мәтіндік курсоры бар тікбұрыш пайда болады.

Жазу мәтінінің саны аймақ өлшемімен шектеледі. Сондықтан, егер мәтін сыймаса, онда тікбұрыштын жан жағында орналасқан маркерлердің көмегімен тікбұрыштың өлшемін үлкейтіңіз. Егер сізге жазу мәтіні үнсіз келісім бойынша орналасатын тікбұрыш ұнамаса, онда сіз фигураны оңай ауыстыра аласыз. Кез келген фигура жазу жақтаушасы бола алады. Фигураларды өзгерту үшін Жазу стильдері тобындағы Фигураны өзгерту батырмасын басыңыз. Осы топтан жазу үшін безендіру параметрлерін таңдай аласыз.

Фигураларды жазуға түрлендіру
Word 2007 бағдарламасында құрылған кез- келген фигураны жазуға айналдыруға болады.
Құрылған фигураларды жазуға түрлендіру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1.          Векторлық объектіні ерекшелеңіз;
2.          Сурет салу құралдары- Пішім қосымшасындағы Фигураларды кірістіру тобындағы Мәтінді өзгерту батырмасын басыңыз немесе оған тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз және контексті менюден Мәтін қосу пунктін таңдаңыз

Фигураларды кірістіру тобындағы Мәтінді қосу пунктін таңдау

Контексті менюден Мәтін қосу пунктін таңдау
3.  Мәтінді енгізіңіз. Фигура жазуға түрленеді  
Фигуралардан жазу құру
Шығару (выноски)
Жазудың кеңінен қолданылатын түрлерінің бірі Шығару (выноски) болып табылады. Шығарудың көмегімен кестеге немесе иллюстрацияға түсініктемелер енгізуге болады. Шығару мәтіннен және мәтінмен иллюстрацияны қосатын сызықтардан тұрады.
Шығару құру (Создание выноски)
Құжатқа шығару орналастыру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1.          Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Фигуралар батырмасын басыңыз және Фигуралар менюінен Шығару түрін таңдаңыз (6.67. Сурет)

 Фигуралар тізімінен шығару түрін таңдау
2.          Шығару сызығы басталуы қажет жерге тышқанның нұсқағышын орналастырыңыз;
3.          Тышқанның батырмасын ұстап тұрып, шығару мәтіні қай жерден басталуы қажет сол жерге нұсқағышты орналастырыңыз (6.68. Сурет);

Шығару құру

Диаграммаларды құру
Графикалық файлдардан басқа Word құжатына диаграммаларды кірістіруге болады. Word бағдарламасында диаграмма құру өте оңай.
Диаграмма құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1.      Курсорды диаграмманы кірістіру қажет орынға орналастырыңыз;
2.      Кірістіру қосымшасына өтіңіз және Иллюстрациялар тобындағы Диаграмма батырмасын шертіңіз;

 Лентада Диаграмма батырмасы
3.      Диаграммаларды кірістіру терезесінде диаграмма түрін таңдаңыз;

Диаграммаларды кірістіру терезесі
Құжатта диаграмма пайда болады. Бұдан басқа деректер кестесі енгізілетін Microsoft Excel бағдарламасының терезесі ашық болады. Бұл кестеге сандық мәндерді және түсініктер еңгізу қажет. Оның элементтерімен қарапайым кестелермен жұмыс жасағндай жұмыс жасаймыз. Деректер кестесінің ұяшығына еңгізілген өзгерістер диаграммада бейнеленуі үшін Enter пернесін басыңыз.

Сабақты  бекіту  сұрақтары:
• Шығару (выноски) дегенді қалай түсінеміз?
• Лентада Диаграмма батырмасы деген не?
• Клиптер коллекциясы қайда орналасқан?
Үйге тапсырма:    Фигураны салу немесе кірістіру

Просмотров: 2009 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика