Сабақтың тақырыбы: Сын-қимыл (бейне) үстеуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға үстеудің мағыналық түрлерін, сөйлемдегі қызметін, емлесін меңгерту. Алдыңғы сабақта алған білімдерін кеңейту. Үстеудің түрлену ерекшеліктерін ұғындыру.
Дамытушылық: Ауызша және жазбаша жаттығулар, үлестірмелі қағаздар, сабақта пайдаланатын мәтіндер арқылы үстеуді табу, талдау, ойын дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Сабақта пайдаланылған мәтіндер, мысалдар, мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды адамгершілікке, елін сүюге, адалдық ізгілікке баулу, ғылым-білімді меңгерген, көкірегі ояу азаматтарды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, АКТ, СТО стратегиялары (топтастыру, ЖИГСО,
Көрнекілігі: тірек-сызбалар, АКТ, суреттер, үлестірмелі парақшалар, шарлар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. (оқушыларды тексеру, сыныпты сабаққа даярлау)
Үй тапсырмасын тексеру (4 минут)
1. Үстеу дегенімізді
...
Читать дальше »