Суббота, 21.12.2024, 17:52
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Октябрь » 27 » Адам. Философия қоғамның барлық саласын зерттейтін ғылым.
20:58
Адам. Философия қоғамның барлық саласын зерттейтін ғылым.
І Бөлім. Адам.
1.1 Тақырып. Адам. Философия қоғамның барлық саласын зерттейтін ғылым. Философиясының зерттеу объектісі мен әдісі. Адамның шығу тегімен өмірінің мәні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Тәрбиелік: Оқушылардың санасын тәрбиелеуге машықтандыру: тапсырмаларды уақытында дұрыс орындау; тапсырмаларды сапалы түрде орындау; сабаққа көңіл бөлу; сабақ кезінде жинақы және ықыласпен қарау; топта ұйымдасу және өзінің ойын жеткізе білуге тәрбиелеу; микроклимат ұжымы, онда өзін-өзі ыңғайлы сезіну, патриоттық сезімге тәрбиелеу, Отанына, өз елінің тарихына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Дамытушылық: Бақылау, танып білу белсенділігін арттыру, жаттаған сөздерді әрі қарай дамыту, көңіл бөлуді, ақыл, сөйлеу, қиял, ойлау сезімдерін дамыту; алған білімдерін талдау.
Материалдық-техникалық жабдықтау: дәріс материалы, интерактивті тақта, қосымша құралдар.
Сабақ жоспары:
1. Адам ұғымы.
2. Философия пәні және зерттеу объектісі.
3. Адамның дүниеге келу мәселесі.

1. Адам-ғарыштың тудырған ғажап пендесі. Өйткені оның денесі болса да, ол ең алдымен-рух. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамның басқа тіршілік әлемінен айырмашылығы-шексіздікке кетеді. Сондықтан ғасырлар бойы қайсыбір дін «адамды Құдай жаратты» деген қағиданы осы уақытқа дейін ұстап отыр.
Философияның көп мәселелері ішіндегі ең өзектілерінің бірі-адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар жаратылыс танушылар да «антроптық принципті» қолдап отыр.
Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан алуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны-«Homo Sapiens» - саналы адам, яғни ол – рухани пенде. Адам өз алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қойып, соларды іске асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру жолында ол басқа адамдармен сан алуан саналы қарым-қатынасқа түседі. Адамның неше түрлі алаңдау мен күту, қайғы мен қасірет, шаттық пен шығармашылыққа толы ішкі рухани өмірі бар.
Американ саяси қайраткері, сол елдің «Конституциясын» жасауға ат салысқан Д.Франклин адамға «Homo» Faber» - құралданған адам деген анықтама берді. Шынында да, тек қана адам еңбек құралдарын жасап, оларды үнемі пайдаланады.Мысалы, маймыл жерде жатқан бұтақты, я болмаса тасты алып пайдалануы мүмкін. Бірақ содан кейін ол оны лақтырып тастайды да. Оған екінші рет қайтып оралмайды. Бірде-бір маймыл жасанды өз ойына сәйкес келетін құрал жасап көрген жоқ. Оны істей алатын – тек қана адам.
Уақытында ұлы Аристотель адамды «Zoom Politikon» - қоғами жануар деген болатын. Ол да – адамның тектік қасиеттерінің бірі. Өйткені ол басқа адамдармен бірігіп қана өзінің сан алуан қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамның шеңберінде ғана өмір сүре алады. Алғашқы қауымдық қоғамдағы жазалаудың ең катаң түрі- адамды остракизмдеу, яғни рудың шеңберінен шығарып тастау болатын-ды. Жалғыз қалған адам әрі қарай өмір сүре алмай, жыртқыштарға жем болады.
И.Кант адамның ішкі ар-ұжданына таңғалып, оған «Homo Morales» деген анықтама берген болатын. Уақытында ұлы Абай оны «нұрлы жүрек» десе, Шәкәрім «үш анықтың» біреуіне жатқызды. Бүкіл көркем әдебиеттің дәріптейтін аса құнды адамның қасиеті- оның ар-ұжданы. Қиын-қыстау жағдайда нағыз адам өз ар-ұжданын, абыройын сақтап қалу жолында өзінің тәнін құрбан етуге дайын болады. Австрия ғаламы В.Франкл Құдайды Ғарыштан, тіпті оның ар жағынан іздеу керек емес, ол адамның ішіндегі оның ар-ұжданы деген ғажап ой айтады.
«Homo Aesteticus» - cұлулыққа ұмтылған адам деген анықтама да адамның ғажап жағын бізге көрсетеді. Адам-дүниедегі кез келген нәрсенің әсем жағын байқап, одан ләззат алатын пенде. Ыстық жаз күндердің бірінде күннің орасан зор қан-қызыл түсте батуы ешкімді де немқұрайды қалдырмайды. Керісінше, ол бізге шабыт беріп шығармашылыққа, табиғаттың кереметтігін мойндатуға, оған бас июге итермелейді. «Әсемдік Дүниені сақтап қалады», - деген Ф.Достоевскийдің нақыл сөзі жоғарыдағы ойлардан шықса керек.
Голландия ойшылы И.Хейзинга адамға «Homo Ludens» - ойнайтын адам деген ат қойып, сол жөнінде көлемді еңбек жазды. Адам өз өмірінің шеңберінде жүздеген әлеуметтік рөлдерді ойнайды. Мысалы, ол – әке, жұмыста есепші, біреудің жолдасы, я болмаса туысы, саяси партияның мүшесі т.с.с. Әрбір рөлдің мазмұны мен әлеуметтік нормалары өзгеше.
Ф.Ницше адамға «уәде беретін жануар», Ж.Ж.Руссо «бұзылған жануар» деген анықтама берген болатын.
Адам сондай күрделі, сан қилы пенде болғаннан кейін, оған беруге болатын анықтамаларды жалғастыруға болады. Мысалы, адам, «күле алатын», «жылай алатын», «өлетінін білетін» т.с.с. пенде. Олай болса, жоғарыда көрсетілген адамның қасиеттеріне негізделе отырып, оған біршама көлемді анықтама беруге мүмкіндік келген сияқты. Адам өзара бірігіп, айнала қоршаған ортаны өзгертіп, сан алуан қажеттіліктерін өтей алатын пенде дер едік.
2. «Философия» терминін негізінен үш мағынада қолданады:
- біріншіден, философия – дүниеге көзқарастың бір формасы;
- екіншіден, философия – ол өзінің зерттеу пәні бар негізгі ғылым;
- үшіншіден, философия – шындықтың бір жағын бейнелейтін, қоғамдық сананың негізгі формасы.
Дүниеге көқарас – ол объективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның оны қоршаған шындыққа және өзіне деген көзқарастар жүйесі, сонымен бірге осы көзқарастармен негізделген негізгі өмірлік тұжырымдар, идеялар, таным және іс-әрекет принциптері, құндылықтық бағыттар.
Дүниеге көзқарас – ол сананың жинақы формасы, ол адамзат тәжірибесінің әр түрлі қабаттарын қамтиды.
Әр дәуірде дүниеге көзқарас жүйесінің әртүрлі типтері қалыптасқан. Олардан мыналарды көрсетуге болады:
1. Космоцентризм, көне демократиялық философияның негізгі сипаты болып табылады. Табиғат құбылыстарының және денелердің көптігінен б.д.д. VII – VI ғғ. эллиндік данышпандар бір мәнді табуға ұмтылған. Космостың таусылмас күші, үйлесімділігі гректердің көзімен қоғамдық дүниенің негізі, көмегі ретінде көрінген.
2. Теоцентризм (theos – грек сөзі, Құдай), ол орта ғасыр философиясы мен мәдениетіне тән. Бұл кезеңде орта ғасырлық ойлаудың негізгі ұғымдары Құдаймен байланысты болды.
3. Антропоцентризм, XIV – XVI ғғ. қайта өрлеу дәуіріне тән. Бұл уақытта адам Әлемнің орталығы болып табылды.
Философия – адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез келген адамды әлем, қоршаған орта, дін, білім, саясат, мәдениет мәселелері бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия ( phileo – сүю, sophia-даналық) сөзі грек тілінен аударғанда – даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. VII – VI ғғ. Ежелгі Үнді, Қытай және Грек жерлерінде бір уақытта пайда болды. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» сөзін алғаш рет қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор (б.д.д.VI – V ғғ.).
Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: мифологиялық, діни, философиялық.
Мифология - (mithos – грек сөзі, баян, аңыз, logos – грек сөзі, ілім деген мағна береді) әлемді фантастикалық (phantasia – грек сөзі, қиял, елес) және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.
Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен дін бөлініп шықты, сонымен қоғамға дүниеге деген көзқарас, дүние сезімінің жаңа түрі келді. Дін (religio – латын сөзі, тақуалық, әулиелік, ұяттылық, құдайға сенушілік) – бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы: әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Сонымен қатар бұл құбылыстардың негізгі айырмашылықтары: мифте шынайы өмір мен қиял бір-бірімен араласып жатса, дінде «бұл Дүние» мен «о Дүние» бір-бірінен анағұрлым алшақ жатыпр. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етумен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.
Философия – дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарастың мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы – нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшеліктерінің бар болуы. Философия жоғарыда айтып кеткендей даму барысында үш кезеңнен өтті: космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын ілімдері де айқындала түсті: Онтология (ontos – грек сөзі, барлық, болу, logos - ілім) – болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология (gnosis – грек сөзі, тану, білу) – таным туралы ілім; аксиология – рухани құндылықтар туралы ілім; праксиология (prakticos – грек сөзі, белсенді, іс-әрекетшіл), прагматикалық (pragmatos – грек сөзі, іс-қимыл) – адам шығармашылығы туралы ілім; антропология – адам туралы ілім; логика – дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.
Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика (dialektike – грек сөзі, даму) және оның заңдары.
Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы – ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен объектісі – адам және оның әлемдегі орны.
3. Адамның Дүниеге келу мәселесі – ғылымдағы ең терең құпиялардың бірі. Біз оны Дүние, болмыстың өзінің пайда болу мәселесі мен жалпы тіршіліктің жер бетіне келуімен парапар келетін мәселе дер едік. Осы аталған үш тұңғиықтың біреуіне тереңдеп көрелік.
Философия тарихында мыңдаған жылдар бойы кең таралған теологиялық тұжырым адамды Құдайдың жаратқан пендесі ретінде түсінеді. Христиан діні тіпті адамды Құдай өз бейнесіне ұқсастырып жаратты деген тұжырым айтады. Сондықтан оның санасы, рухы бар және сол себепті ол табиғаттың әміршісі болуы керек дейді.
Ислам діні Алла тағала адамды саналы етіп жаратқанымен, осы фәниде басқа тіршіліктердің арасынан өз орнын табуға шақырады, Ол оған табиғат әміршісі бол демейді.
Буддизмге келер болсақ, ол адамдыы тек қана рух ретінде түсініп, олай болса, материалдық құндылықтардан үзілді-кесілді бас тартуға шақырады, өйткені рух – материядан жоғары.
Теологиялық тұжырым ешқандай дәлелдеуді талап етпейді, тек қана осы мәселе жөніндегі діни құжаттарға толығынан сену қажет. Алайда бүгінгі таңдағы адамзаттың пілдей бөлігі оған сенбей, ғылыми деректерге сүйенген тұжырымдарды талап етеді.
Екінші: Ғарыштық тұжырым адамды бізден де жоғары «ғарыштық зерде» жаратты деген дәлелдеуі жоқ қиял айтады.
Үшінші: Ғылыми деректерге негізделген реалистік тұжырымды талдайық. Оған алғашқы рет жол ашқан ағылшын ғалымы сэр Чарльз Спенсер Дарвин болды. Өзінің дүниежүзілік сапар шегуі барысында көне заманнан қалған адамға ұқсас маймылдардың сүйек құрылысын зеттей келе, адамның маймылдан эволюциялық үрдістің нәтижесінде жаратылғаны жөнінде тұжырым айтты. Сол кездегі қоғамдық пікірге ол жарылған бомбадай болды. Дегенмен де бұл пікір бірте-бірте ғылымда өз орнын тауып, оны дамыған теориялық қағидаға айналдырған Ф.Энгельс болды. Ол адам мен қоғамның бір уақытта бір-бірімен байланысты түрде дүниеге келгенін айтады. Философиялық тілде оны антропосоциогенез деген ұғыммен береді. Бұл үрдістің шын мәні биологиялық қозғалыс формасынан әлеуметтікке секіріс арқылы өту болатын-ды.
Миллиардтаған жылдар бойығы даму барысында жер бетінде тіршіліктің миллиондаған дамыған формалары бір-біріне тығыз байланысты түрде дүниеге келіп, өзінің ең биік мәресіне – «ақылды жануарларға» дейін жетті.
Енді әрі қарай жетілу үшін әлеуметтік және дүниені идеалды түрде бейнелей алатын сана, рухтың дүниеге келуі қажет болды.

Материалды бекіту:
1. Адам сөзіне анықтама беріп кластерді аяқта.





2. Тірек сызбаны толтырыңдар:




диалектикалық

Үй тапсырмасы:

Үй тапсырмасы:
1. Адам баласы басқа тірі жандардан несімен ерекшеленеді?
2. Қалайша адам деген атқа лайықты өмір сүруге болады?
3. Адам өмірінің мән-мағынасы туралы не ойлайсындар? Нені армандайсындар? Қандай құндылықтар сендерді қызықтырады?
4. Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектісі
5. Төмендегі кестені толтырыңдар:

Философиянын негізгі ілімдері және соларға сәйкес қарастыратын мәселелері.

Философия ілімі Зерттелетін мәселелері
Просмотров: 8651 | Добавил: Раш | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика