Суббота, 21.12.2024, 17:44
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 950
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Октябрь » 27 » Логика және логикалық операциялар.
16:55
Логика және логикалық операциялар.

Сыныбы: Мерзімі: 1-2.10.2014ж. Мұғалімі: Тленов Нұрлан
Сабақтың тақырыбы: Логика және логикалық операциялар.

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері
логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру. Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, компьютерлер т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1.Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданамыз?
2. Ондык бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі кандай?
3.Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін кандай амалдар орындаймыз?
4. Сандарды екілік жүйеден сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін не істейміз?
.
Логиканың негізгі түсініктері.
Логика- бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.
Ғылыми пән ретінде логиканың формальды, математикалық ықтималдықты логика және т.б. түрлері қалыптасқан.
Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.
Ықтималдық логика – кездейсоқ параметрлермен жасалатын сынақтың бірнеше серияларын қолдануға негізделген.
Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме дәл анықталған обьектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.
Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде (оның басқаша логика алгебрасы деп атайды, ол алғаш рет 19 ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл - дәстүрлі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге талаптанудың нәтижесі), информатикада жақсы меңгерілген.
Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердегі екілік санау жүйесі болып табылады, өздерін білесіңдер, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады, ал логикалық айнымалылардың мәндері де 2: 0 және 1.

Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Мысалы,
«Қара –ақ», «2*2=4» деген ақиқат, ал «тау тегіс », «2*2=5» деген –жалған пікірлер.
Егер пікір айтылған ой обьектілерінің кез келгені үшін рас болса, онда жалпы пікір тепе тең ақиқат деп аталады. Мысалы, «иттің төрт аяғы бар» пікірі кез келген ит үшін рас.
Күрделі жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулықтарын пайдаланып, құрамды пікірелер арқылы беріледі.
Логикалық жалғаулықтардың көмегімен басқа пікірлерден құрастырылған пікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе элементар деп атайды.
Құрамды пікірдегі ЖӘНЕ жалғаулығы әрқашан құраушы пікірлердің бәрін ақиқат деп ұйғарады.
Барлық компьютерлік бағдарламада және математикалық пайымдауда немесе жалғаулығы тек біріктіруші ролде түсініледі. Мысалы: х=0 немесе у=0 пайымдауындағы немесе жалғаулығы не у=0 не х=0, у=0 және х=0 дегенді білдіреді.
ЕМЕС жалғаулығы теріске шығаруды тұжырымдау үшін қолданылады.

Логикалық көбейту.
ЖӘНЕ жалғауының көмегімен қарапайым екі А және В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция , ал операцияның нәтижесі – логикалық көбейтінді деп аталады.
ЖӘНЕ операциясы «.» немесе «&» белгісімен белгіленеді.
А В А және В
Иә Иә Иә
Иә жоқ Жоқ
жоқ Иә Жоқ
жоқ жоқ Жоқ
ЖӘНЕ логикалық операциясының ақиқаттық кестесі:
Мұндағы А мен В – иә немес жоқ мәндерін қабылдай алатын екі айтылым.
Пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда, А және В конъюнкциясы ақиқат.
А немесе В пікірлерінің бірі немесе екеуі де жалған болса, онда А және В конънкциясы жалған.

Логикалық қосу.
Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕ жалғауының көмегімен қарапайым А және В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция, ал опрецияның нәтижесі – логикалық қосынды деп аталады.
НЕМЕСЕ операциясы «v» белгісімен немесе «+» белгісімен белгіленеді.
А В А немесе В
Иә Иә Иә
Иә жоқ Иә
жоқ Иә Иә
жоқ жоқ Жоқ
НЕМЕСЕ логикалық операциясының ақиқаттық кестесі:
А немесе В пікірлерінің ең болмағанда біреуі ақиқат болғанда , А немесе В дизъюнкциясы ақиқат болады.
А және В пікірлерінің екеуі де жалған болғанда, А немесе В дизъюнкциясы жалған болады.

Логикалық терістеу.
Қарапайым А айтылымына ЕМЕС шылауын қосу логикалық терістеу операциясы деп аталады, операцияның орындалу нәтижесінде жаңа айтылым пайда болады.
ЕМЕС операциясы айтылымның үстіне сызықша салу арқылы белгіленеді.
ЕМЕС операциясының ақиқаттық кестесі:
А А емес
Иә Жоқ
Жоқ Иә
Егер бастапқы айтылым жалған болса, онда терістеу ақиқат және керісінше бастапқы айтылым ақиқат болса, онда терістеу жалған болады.
Кейбір айтылымдарды терістегенде емес сөзінің орнына жалған сөзі қолданылады.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1.Логика дегеніміз не?
2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер?
3. ЖӘНЕ жалғаулығына мысал келтіріңдер?
4.НЕМЕСЕ жалғаулығымен бөлуші рөлде, біріктіруші рөлде мысал келтіріңдер?
5. Пікір дегеніміз не?
6. Формалды және табиғи тілде берілетін пікірлерге мысал келтіріңіз?

Үйге тапсырма: §3.1.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау. Оқушыларды бағалау.

Просмотров: 5630 | Добавил: Nureke2639 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика