Воскресенье, 05.05.2024, 12:56
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Казахский язык и литература

Музыка аспаптары. Домбыра
[ Скачать с сервера (16.6 Kb) ] 21.08.2012, 20:52
Сабақтың тақырыбы: Музыка аспаптары. Домбыра
Мақсаты:Қазақтың халық музыкалық аспаптары туралы мағлұмат беру.Түрлерін ажыратып, әрқайсысын сипаттай алу.
Міндеті:
Білімділік: лексикалық қорын байыту. Мәтінмен жұмыс жасау барысында жай сөйлем түрлері тақырыбын қайталау;
Тәрбиелік: өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру;
Дамытушылық: ой-санасын дамыту.
Қолданылатын әдістер: коммуникативті, салыстырмалы, әңгімелеу, СТО технологиясының элементтері.
Көрнекіліктер: Домбыра,иллюстрациялар,презентация, сызбалар
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:Сәлемдесу. Тіл дамыту жұмыстарын өткізу:
-Класта кім кезекші?
-Кім жоқ?
-Қазір қандай жыл мезгілі?
-Терезеден далаға қарап, табиғат туралы 1-2 сөйлем құрастырып бер.
Үй тапсырмасын тексеру, бағалау. Өткен сабақта өткен жаңа сөздерді қайталау мақсатында сөздік диктантын өткізу. Содан кейін көрші отырған оқушылар дәптерлерін ауыстырып бір-бірін тексеріп бағалайды.
Негізгі бөлім: Ой қозғау.
Мына сөздерді қалай түсінесіңдер
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра (Оқушы жауабын тыңдау). Айтылған әр түрлі версиялардан домбыра туралы жалпы бір мәтін құрастыру.
Мұғалім сөзі:
Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Дауысы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.
Сөздікпен жұмыс: Хормен айтқызу.Мағынасын ашу. Жаңа сөздермен жұмыс түрлерін өткізу.Сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру.
Үн-
Көзбе-көз-
Үрмелі аспап-
Дабылды-шулы аспап-
Жіктелу-
Сарнамалы аспап-
Мәтінмен жұмыс: Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып оқыңдар. Құрмалас сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін табыңдар.Үлгі:
Муз...ка аспаптарын...ң мұраж...йлары көптеген елд..рде бар.
Тапсырма: қандай күйлерді білесіңдер? Қандай композиторларды білесіңдер?
3 тапсырма: Берілген жай сөйлемдерден жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңдар.
1. Домбыра-қазақ халқының ең кең тараған ішекті музыкалық аспабы.
2. Ол-қазақ халқының өмірінде маңызды орын алатын аспап.
3. Ол-өзіндік музыкалық сипаты бар аспап.
4. Домбыра,негізінен, екі ішекті, кейде үш ішекті болып келеді.
5. Домбыра-халықтық кәсіби өнердің тауып, қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған аспап.
Домбырамен орындаған күй тыңдату (Музыка пәнімен байланыс)
Бекіту: Прессинг. Жаңа сөздерді қайталау.
Қайтала

Қазақ музыка аспабының түрлері

Ішекті Дабылды-шулы Үрмелі Сарнамалы
Үйге тапсырма: Реферат орындап келу. Тақырыбы: «Қазақ халқының ертеден келе жатқан музыкалық аспаптары»
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Kairat
Просмотров: 3301 | Загрузок: 215 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика