Пятница, 26.04.2024, 06:45
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Начальная школа

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
12.01.2015, 19:52
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Судың адам өміріндегі, табиғаттағы ролі жөнінде
мағлұмат беру. Судың ластану жолдары туралы тоқталып өту.
Су экологиясы жайлы мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын кеңейту, ойлау
қабілеттерін дамыту, өзіндік ойын айтып жеткізу мүмкіндігін
дамыту.
3. Тәрбиелік: Табиғатты қорғай білуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, пікір алмасу, түсіндіру, өз ойын ортаға салу, зертханалық жұмыс, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сүт, су, стакандар, спирт шамы, мұз, термометр, апплекация.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын сұрау.
1. Таза ауа- денсаулық кепілі мәтінінің мазмұнын сұрау.
2. Сұрақ –жауап. Экологиялық таза аймақ құру.
3. Бейнетаспа арқылы түсіндіру. Қорытындылау.
4. «Ауаны қорғау» атты әңгіме жазып келу. (Тапсырманы оқыту)
5. Сурет көрмесін ұйымдастыру.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау. Бағалау.
Сабаққа араласуына байланысты бағалаймын.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1. Бейнетаспа көрінісі.
2. Мәтінді түсіндіру
Жер бетінде ең көп таралған зат –су. Глобусқа немесе жартышарлар картасына қара.
Онда жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол –су: мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер. Судың біразы жер астында шоғырланған.
Судың үш күйі бар: қатты, сұйық, газ. Су –тіршілік көзі. Сусыз тіршілік жоқ. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен болады. Мысалы: 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.
3. Тәжірибе
А) Кейде судың түсін ақ дейді. Солай ма? Оны білу үшін шыны ыдысқа сүт, екінші шыны ыдысқа су құй. Екеуін салыстыр. Сүт –ақ, су –мөлдір, түссіз. Сүт пен су құйылған ыдысқа қасық сал. Қайсысындағы қасық анық көрініп тұрады.? Неге? Су түссіз, мөлдір екенін байқаймыз.
Б) Суды иіскеп көр. Иісі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір, иіссіз.
В) Бірнеше ыдыстарға су құяйық. Осы ыдыстардағы судың пішініне көңіл аударайық. Су әрбір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса суда тұрақты пішін болмайды.

Ү. Сергіту сәті.
Ал, балалар бірауық,
Дұрыс, бұрысты ұғалық,
Дұрыс болса отырып,
Бұрыс болса тұралық.
Суды жейміз (тұр –бұрыс)
Суды ішеміз (отыр –дұрыс)
Сумен жуынамыз (отыр –дұрыс)
Су қатпайды (тұр –бұрыс)
Су сұйық (отыр –дұрыс)

4. Оқулықпен жұмыс. (тізбектеп оқыту)
5. Дәптермен жұмыс. Табиғаттағы су үш күйде: сұйық, қатты және газ күйінде болады.
6. Түсінгендерін сұрау. (мазмұндау)
7. Топтастыру.
ҮІ. Қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. Мақал –мәтелдер.

 Су - тіршілік көзі
 Су ішетін құдығыңа түкірме
 Су кірді тазартса,
Оқу миды тазартады.
 Суымен Жайық әдемі,
Ескегімен қайық әдемі.
 Ағын су арам болмайды.

ҮІІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Мәтін бойынша оқу, әңгімелеу.
“Сусыз тіршілік жоқ”, “Суды қорғау”, “Су- тіршілік көзі” тақырыптарының біріне әңгіме құрау.
Категория: Начальная школа | Добавил: kalima
Просмотров: 1367 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика