Пятница, 26.04.2024, 23:28
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Начальная школа

Келді міне, жаңа жыл!
06.03.2015, 11:57

Куанышкалиева Света Утегеновна

«Балдаурен» сәбибалабақшасы

БҚО

Жәнібек ауданы

 

 

 

Келді міне, жаңа жыл!                                           

 

 

Жүргізуші: Төгілтіп көк жүзінен ақшақарды,

                     Ақ көрпе жапты бүгін бақшаларды.

                    Мен келдім есіктерді ашыңдар деп,

                    Жаңа жыл күллі әлемге жар салады.

 

                    Жүзімде – қуаныш,

                    Әр көңілде жақсы үміт.

                    Келе жатқан жаңа жыл,

                    Әкелсін көп жақсылық!

   Құрметті ата – аналар, қонақтар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арнап әзірлеген балабақша тәрбиеленушілерінің ән – жырын қабыл алыңыздар!

 

Ән:   «Аяз - ата» әніне шыршаны айналамыз.

Би: « Қуыршақ» кішкентай бүлдіршіндеріміз.

Жүргізуші:                                                                  

           

-Балалар айтыңдаршы Жаңа жылдың сәні не?

Жүргізуші: Дұрыс балалар қар! Қыста даланың бәрі аппақ түске боянады. Біздер шанамен  қармен ойнаймыз. Қардан аққала жасаймыз.

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы, қандай әдемі біздің шыршамыз. Қанша ойыншықтар, әдемі жарқыраған шамдар ілінген. Кәнекей, балалар шыршамызға арнап тақпақтарымызды айтып берейік

                    

                       Әдемілеп біз ілген

                       Ойыншықтар тізілген           Ералхан

                       Қандай жақсы шыршамыз

                       Ән шырқаймыз баршамыз.

            

           

             Келді тағы Жаңа жыл

              Қуантумен біздерді   

               Құтты болсын қуаныш

               Құттықтаймыз сіздерді !         Жұлдызай

                      

                     Аспан жерге төгеді

                     Ақ күмісін уыстап

                      Жаңа жылда келеді

                     Бізге қарай жылыстап.        Армат

 

Жүргізуші: Иә, Аяз Ата алыстан келді, сондықтан бізге жете алмай жүр. Мүмкін адасып жүрген болар орманда. Кәнекей, балалар дауыстап шақырайық Аяз-Атаны.

Балалар: Аяз-Ата! Аяз-Ата!  Ау! Кел!

Жүргізуші: осы кезде қояндар келеді: Өз өнерлерін көрсетеді.   (музыкамен билеп .....)

Қояндар: Сәлематсыңдарма балалар! Орманда жүргенбіз,

Сендердің дауыстарыңды естіп келіп тұрмыз. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Би: «Көлбең – көлбең көлеңкең»

 

Балалар: Сәлеметсіз бе! Рахмет!

Жүргізуші: Қош келдіңдер орманда Аяз Атамен, Ақшақар қызымызды көрген жоқсыңдарма?

Қояндар: жоқ көрген жоқпыз. Қояндар Балалар Аязата мен ақшақар келгенше  сендермен бір ойын ойнап  жіберейік

          Ойын: «Отырғышты айналу» музыкамен.

Жүргізуші:  Олай болса қояндар, Аязның алдынан  шығып қарсы алыңдар. Біздер мында күтіп отыр деп айтыңдар.

Қояндар: Жарайды айтамыз.(қояндар жүгіріп кетеді, осы сәтте музыкамен ақшақар кіріп келеді.)

Ақшақар:  Сәлеметсыздарма, балалар. Біз Аяз –Ата екеуміз сендердің шырша тойңызға асығып келе жатқан едік. Аяз-Ата жай жүріп қалып қойды. Сен бара бер, мен жетіп алам деген. Балалар күтіп қалды ғой деп. Ал, мейрамдарыңыз көңілді өтіп жатырма?

Жүргізуші: Иә ,Ақшақар біз ән айтып, би билеп тақпақтарымызды айтып жатырмыз. Балалар Ақшақар мен бір жақсы әуенмен шыршаны айналайық, Аяз-Атада келіп қалар. Музыкамен шыршаны айналамыз осы кезде  Аққала кіріп келеді.

Ән:  «Ойыншықтар»

Аққала: Сәлеметсыздарма балалар жаңа жылдарың  құтты болсын. Мен кім екенімді білесіңдерме? Мен Аққаламын. Араларыңда аққала барма?

Жүргізуші: Қош келдің Аққала біздің шыршамызға.

Аққала: Балалар мен сендерге ойын алып келдім, ойнайсыңдарма?

Балалар: иә   Ойын: «Қар лақтырып ойнау»

 

 Ұлдардың орындауында «Жас музыканттар» биі

 

Жүргізуші: Иә, Аяз –Ата алыстан келеді, сондықтан бізге жете алмай жүр. Мүмкін адасып жүрген болар орманда. Кәнекей балалар, дауыстап шақырайық Аяз-Атаны.

Балалар: Аяз-Ата!, Аяз-Ата! Ау! Кел!

Аяз-Ата: Амансыңдар ма балалар! Жаңа жылдарыңмен!

Мені сендер күтіп отыр деп асығыс жеттім.

 

Балалар: Сәлематсызба Аяз-Ата!

Жүргізуші: Аяз-Ата балалар сіз келгенше әнде айтып биде билеп жатыр.

 

Аяз –Ата: Жарайсыңдар балалар, әндерің маған ұнады.Енді жаңа жылға арналған тақпақтарыңды айтып беріңдер. Ақшақар екеуміз сендерге тәтті сыйлық алып келдік.

           Тамаша,тамаша

           Шыршамыз тұр жараса

           Басында әсем жұлдызы

              Көз тоймайды қараса.         Альмади

Қуантып бізді

Жаңа жыл келді

Өсетін болдым

Бір жасқа енді.        Ерхан

   

Ән: «маленкий елочка»

 

Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды  жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз                Айлана

 

Дала нұр, қала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.       Сымбат

 

Аяз келіп қаһарлы

Айналаны қар жапты

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты.            Азат

 

Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құтықтаймыз әрине

Папамызды, мамамызды

Қонақтардың бәрінде.                     Мерейхан 

 

Би: «Ұлпақарлар»

 

 

Бар баланың қонағы

Төрлет ата жоғары

Жұрттың бәрі атадай

Қашан мырза болады.       Айбар

 

Шаттық жыр, шаттық жыр

Дидарыңда шаттық нұр

Аяз ата ортада

Арқасында қапшық жүр.          Нұрсәуле

 

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аязата оралып                      Милана

 

Келіңдер, келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт Аязатадан

Сыйлық алып көріңдер       Аилита

 

Ән: «Сылдырмақтар»

 

Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.            Сұлтан

 

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны                Айнара

 

Оралама ол енді

Айтар едім өлеңді

Жылдамырақ келсе екен

Бізге сыйлық берсе екен.              Фарух

 

 

 

Мерекеге келдік

Тақпақ айтып бердік

Ойыншықтары тізілген

Шыршаныда  көрдік.          Нұрай

 

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған            Бекнұр

 

Өлеңде әзір, ән де әзір

Ойын да әзір ,бәрі әзір

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.     Сезім

 

 

 

Аяз ата: Рахмет балалар біраз демалып қалдым, ризамын сендерге. Ал менің сендерге  сыйлайтын сыйлықтарым бар.

  Аяз ата  ақшақар   сыйлық береді.

Жүргізуші: Балалар –сау болыңыз Аяз ата ,ақшақар.

 

Ән: «В лесу родилась елочка»

 

Жүргізуші: Көңілде көп қуаныш

                     Әр көңіде жақсы үміт

                     Келетін жылға мың алғыс

                     Әкелген көп жаңалық

                     Көңіл өсіп кеңейсін

                     Ортақ ойы арманы

                     Жақсы дәстүр көбейсін! –деп біз сендермен қош айтысамыз. Сау  болыңыздар!

Тағыда жаңа жылжылдарыңызбен!

Категория: Начальная школа | Добавил: Kairat
Просмотров: 2711 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика