Воскресенье, 05.05.2024, 13:58
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Педагогика и психология

«Қ ы р а н қ а н а т т ы а р м а н»
[ Скачать с сервера (85.0 Kb) · Скачать удаленно () ] 18.08.2012, 23:39

 Сабақтың тақырыбы: «Қ ы р а н  қ а н а т т ы  а р м а н»

 

Сабақтың мақсаты:    - Мамандық туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.

 

   - Оқушы өзінің жеке мүмкіндіктерін толық       пайдалана білуіне жол ашу, ғылым мен білімге құштар болуға, ізденіске, өмірде мамандық таңдауда қателеспеуге, қиыншылықтарды жеңе білуге мүмкіндік беру.

 

Сабақтың міндеті: - Маман иесі болған кезде пайдалы зиянды 

                                    жақтарының болатынын біліп, мамандыққа адалдық 

                                    керектігін түсіндіру.

 

Қажетті құралдар: Түрлі түсті қағаз, түрлі түсті карындаштар, ватман.

 

Көрнекілігі: Слайд шоу.

 

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі

   Оқушылар алдымен амандасу үшін сіздерді ортаға шеңбер құрып тұруға шақырамын. Бүгін біз сабағымызда өзіміз қалаған әдіспен амандасамыз. Яғни сөзбен емес, кез – келген қимыл арқылы бір - бірімізге амандасып шығамыз.

 

ІІ.Негізгі бөлім:

    Қазіргі таңда заман талабына сай тұлға болып қалыптасып, мақсат – арманыңа жету үлкен өнерді, өмір сүру өнерін меңгеруді қажет етеді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Сіздер көпшілігіңіз негізгі пәндеріңізді таңдап отырсыздар, ал қандай мамандық деген кезде ойланып қалатындықтарың анық. Сондықтан мен бүгінгі сабақ бойынша сіздерге сол мамандықты таңдауға мүмкіндік тудыруға тырысамын.

 

  Сыныпты екі топқа бөлу.

 

1- тренинг.

   Сандық кәсіптік бағыт беру тесті.

 

    Мамандық таңдауда адамның психологиялық ерекшеліктері мен болашақ жұмысының мазмұны арасындағы байланыс маңызды рол атқарады. Кез – келген мамандық адамның бойындағы сол мамандыққа сәйкес келетін  «кәсіби маңызды қасиеттердің» болуын талап етеді.

Адамның қандай психологиялық типке жататынын «Сандық кәсіптік бағыт беру» тесті бойынша анықтауға болады.

 

Нұсқау: төмендегі кестедегі әр жұптан /1-2, 3-4, 5-6, 7-8/ бір санды таңдап 

               алып, сандық нөмірін жазып алып отырыңыз.

 

1. Сіздің жұмыс қабілетіңіз үнемі бірқалыпты /анық себептерге     байланысты ғана өзгереді/.

2. Сіздің жұмысқа қабілетіңіз көңіл – күйге байланысты өзгеріп тұрады.

3. Келеңсіз жағдайлар мен дау – жанжалдардан себеп іздеп әуре болмайсыз. Ақыл – ойыңызды сезіммен ұштастыра білесіз.

4. Жақсы қарым – қатынасты бұзып алмас үшін келісімге келе саласыз.Сіз адамдар арасындағы сезім, өзара қарым – қатынасты бағалайсыз.

5. Сіз – реалист адамсыз. Бос қиялды ұнатпайсыз. Өзіңізге сенімді, ісіңізге берік адамсыз.

6. Болашақты елестете білесіз, өткенді жиі еске аласыз, жақсылыққа, өзгерістерге ұмтыласыз.

7. Ұстамдысыз. Әр нәрсенің соңын күтесіз. Қарым – қатынаста бастамашылық көрсете алмайсыз.

8. Жаңа адамдармен тез тіл табысып кетесіз. Таныстарыңыздың санын көбейтуге тырысасыз.

 

 

Қандай психологиялық типке жататыныңызды төмендегі

кесте бойынша табасыз.

 

 

 

 

 

2- ойын

   Қазір сіздерге бірнеше мамандыққа мінездеме беріледі, ал сіздер берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтуларың керек.

   Мамандық мінездемелері

Ең жасыл ..., Ең тәтті...,  Ең ақшалы..., Ең күлкілі..., Ең ұсқынсыз..., Ең қарым – қатынасы күшті..., Ең жауапты..., Ең салмақты...

Оқушылар осы мамандықтар туралы кеңесіп, топ болып жауап береді.

 

Оқушылар біздер емтиханға байланысты қиындықтарды басымыздан кешіп жүргеніміз рас. Ал мен сіздерге сол қиындықтардан қалай шығуға болатындығы туралы алдыңғы сабақтарда нұсқау көрсеткен болатынмын. Қазір соларды естеріңе түсірейін.

 

  Слайд шолу.

 

3.Тапсырма: Ішінде ситуациялық жағдайлардан жазылған парақшалар                   бар. Соны суырып өз жауаптарыңызды, толық беруіңіз  сұралады. Өз   пікірлеріңіз бойынша айтыңыз.

 

1 сұрақ – Емтихандағы стрестік жағдайды қалай түсіруге болады.

2 сұрақ – Емтиханға қалай дайындалу керек.

 

4- тапсырма. «Мамандықты тап»

 

  1-ші топ мамандықты қимылмен көрсетеді, 2-ші топ оны табады.

 

Ол үшін төмендегі мамандықтар тізімін пайдалануға болады.

5-тренинг. «Өз жұлдызыңды тап» деп аталады.

 

Нұсқау: Шеңбер құрып отырамыз, көздеріңізді жұмыңыздар. Үш рет             

               демалып, үш рет дем шығарасыздар. /психологиялық әуен             

                жіберіледі/

 

Ал енді жұлдызды аспанда елестетіңдер. Жұлдыздар алып және кішкентай, жарық және күңгірт. Біреуіңіз үшін ол бір немесе, бірнеше жұлдыз, ал біреуіңіз үшін сан жетпейтін жарқыраған ноқаттар, ол бірде қол жетер жерге дейін жақындайды, бірде алыстайды.

Жұлдыздарға анықтап зер салып, өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Мүмкін ол біздің балалық арманымызға ұқсайтын шығар. Тағы да жұлдызды тамашалап сүйсініңіз және оған дейін қолыңызды созыңыз. Барлық күшіңізбен тырысыңыз. Сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға жеткізесіз. Аспаннан мұқият түсіріп алыңыз да, алдыңызға қойыңыз, жақындап зер салып қараңыз және қандай екенін, қалай сәуле шашатынын есіңізге сақтаңыз.

Көзіңізді ашыңыз да, қағаз алып, түрлі карындаштармен өз жұлдызыңызды әдемілеп салыңыз.

Құрметті оқушылар сіздер әрқайсыңыз әдемі жұлдыздарсыздар. Осы жұлдыздарыңыз сіздерді  білім жолында, емтихандарда қолдап, өміріңізге серік болады. Анықтап жұлдыздарға қарайықшы, олар әр түрлі  бір – біріне ұқсамайды, яғни өздеріміз сияқты алуан түрлі.

 

Қорытынды:  Адамға мамандық таңдауға қандай факторлар әсер етеді            

                         деп  ойлайсыңдар?

    Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез – келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде – кім өзінің ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, қоғамға да үлкен пайда келтірмек.

 

Мәңгі алаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда.

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға – деген Мұхтар Шахановтың өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр. 

Категория: Педагогика и психология | Добавил: Kairat
Просмотров: 2036 | Загрузок: 701 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика