Жеңді қондыру - Технология труда и экономика - Каталог файлов - Сайт творческих учителей Казахстана

Понедельник, 05.12.2016, 19:41
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 318
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Технология труда и экономика

Жеңді қондыру
[ Скачать с сервера (8.47Mb) ] 30.04.2014, 10:51

Технология пәнінің  мұғалімі: Арысбекова Шолпан

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Жеңді қондыру

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Женнің түрлері, өңдеу жолдары мен қондыру жолдарын үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелігі: Эстетикалық талғамға, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: математика, сызу, бейнелеу.

Көрнекілік құралдар мен материалдар:  жұмыс қорабы, бұйым бөлшектерінің пішімдері, бор, қайшы, түйрегіштер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

   Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақты пысықтау.

-         Жағалардың түрлерін атап беріңдер?

-         Әдіппен өңдеу қандай жағаларға тән?

-         Қайырма жағалы қандай стильге лайық?

-         Жазғы және қысқы, маусымдық киімдердің жағаларында қандай ерекшеліктер бар?

-         Пішілген әдіп қандай бөліктерден тұрады?

III. Жаңа сабақ. Кіріспе сөз.

     Жең түбінің жоғарғы және төменгі бөліктері мөлшерлерінің өзгеруіне байланысты қондырма жең әртүрлі пішімді бола алады.

   Жеңнің түрлері өте көп, атап айтсақ реглан жең, фонарик, бүкпелі жең, екі тігісті жең, ашық және жабық тігісті жеңдер.

   Бүгінгі тақырыпқа сәйкес жеңнің екі түрі ашық және жабық жең. Жеңнің ашық түрі көйлекте, блузкада яғни жұқа киімдерде болады.

  Ал, жабық түрі пиджак, пальто сыртқы киімдерге қондырылады.

  Енді осы екі жеңнің бір-бірінен айырмашылығы неде?

Қондырылу және тігілу жолдары қандай?

  Әрине екеуі екі түрлі жағдайда қондырылады. Жеңнің ашық түрі бүтін бір бөлшек 1-ші иық тігісін жабық тігіспен артқа қарай жатқыза үтіктейміз.

Алдыңғы және артқы бойды ашып, жеңді ортаңғы белгісін иық сызығына қойып, алдыңғы қолтық ойындысынан бастап, артқы қолтық ойындысына дейін 1см етіп тігіп шығамыз. Тігісін сыртқа қарай жатқыза үтіктейміз. Содан соң артқы және алдыңғы қолтықты бір-біріне сәйкестендіріп, жеңнің ұшынан кеуде соңына дейін тігіп шығамыз. Тігіс жабық тігіс артқа қарай жатқыза үтіктейміз.

   Жеңнің жабық түрі, бұл жерде ашық тігісті қолданамыз.

1-ші иық тігісін екіге айыра жатқыза үтіктейміз. 2-ші екі жанын қосып тігіп, жатқыза айыра үтіктейміз.

  Енді жеңді өз алдына тігіп дайындаймыз. Жең екі бөлшектен тұрады. Астыңғы және үстіңгі бөлігі.  1-ші астыңғы мен үстіңгі бөлікті қосып тігіп, екіге жатқыза үтіктейміз.

   Содан соң қолтықты бір-біріне қосып тігеміз, оны арнайы жең салғышқа салып екіге жатқыза үтіктейміз. Дайын болған жеңді кеудеге қосып тігеміз.

  Мұндағы бір айырмашылық қолтық тігістері бір-біріне сәйкес келмейді, керісінше жеңнің қолтық тігісі, яғни астыңғы тігісі, кеуде жанындағы тігістің алдына қарай пиджакта 3см болса, пальтоларда 4см дей алға қарай тігіледі. Сонда артқы бүкпе сызығы шынтақтың үстіне келіп түседі. Бұл біздің қозғалуымызға өте ыңғайлы және классикалық стильге лайық.

Сергіту сәті  «Бейнекөрініс»

ІҮ. Сабақты пысықтау. «Шеберлікті шыңдау»

Оқушыларды екі топқа бөліп, І топқа жабық жеңді қондыруды, ІІ топқа ашық жеңді қодыруды тапсырамын. Оқушылар орнында отырып тігінмен айналысады.

Ү. Сабақты бекіту. «Сен маған, мен саған...»

Екі топ өздерінің жең түрлерінен бір – біріне сұрақтар қояды.

І – топ оқушылары (жабық жең қондырушылар)

1.     Жабық жең неше бөліктен тұрады?

2.     Жабық жең қандай киімдерде кездеседі?

3.     Жабық жеңнің қондырылу ерекшелігі қандай?

ІІ – топ оқушылары (ашық жең қондырушылар)

1.     Ашық жең қандай киімдерде кездеседі?

2.     Ашық жеңнің қондырылу ерекшелігі қандай?

3.     Ашық жеңнің  жабық жеңнен айырмашылығы қандай?

4.     Ашық жең неше бөліктен тұрады?

IV.  Оқушыларды бағалау

        -Жақсы жасалған жұмысты атап өту.

        -Жіберген қателерді талдау.

        -Бағалау. Жұмыс орнын жинастыру.

V. Үйге тапсырма  Көйлектің үстіңгі қиығын белдемшеге қосу әдістері.

Қорытынды бөлім.  «Жеңсіз киім сәнсіз...» дей келе, бірінші адамның көзі кез келген киімнің жеңіне түседі. Сондықтанда жең әдемі қондырылса, киімнің сәнін келтіріп тұрады. «Шеберді саусағы асырайды» дегендей он саусағыныңдан өнер тамып тұрса, оның артықшылығы жоқ деп ойлаймын    

Категория: Технология труда и экономика | Добавил: Kairat
Просмотров: 2595 | Загрузок: 276 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика