Суббота, 27.04.2024, 06:23
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Внеклассная работа

Жадырап жаз келді
[ Скачать с сервера (124.2 Kb) ] 28.04.2014, 18:41

Бастауыш сынып мұғалімі:Маденова Орынкүл Тілеуқұлқызы

                                     Қызылорда қаласы, № 101 мектеп

Тақырыбы: Жадырап жаз келді                                       

Сыныбы: 3 «Б»

Мақсаты: Жаз мезгілінің қыр-сырын меңгерту. Тілдерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ой-өрістерін, жан-жақты білімдерін, танымдық қабілеттерін, талғамдарын дамыту. Жазғы еңбек және табиғатты сүю, қорғау. Табиғаттың сұлулығын көре және бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Құстардың, ағаштың, жапырақтың суреттері, жеміс-жидектер, оқушылардың салған суреттері, сынып бөлмесін жазға байланысты безендіру.

«Жаз – жылдың жадыратар мезгілі» көрме ұйымдастыру. Онда жеміс-жидектер, бақша дақылдары, астық өнімдері қойылады.

Мақал-мәтелдер:

1.   «Береке басы – бірлікте»

2.   «Жазда не ексең – күзде сонны орасың».

 Барысы:

1.   Қызығушылықтарынояту.

Оқушыларшеңбергетұрып  хормен:

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Мерекелі осы күн!

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де

Қуанайықдостарым,

Арайлапатқанкүнге.

 «Бұл қай мезгіл?» жұмбақ шешу.

Барлық бала бұл мезгілді күтеді,

Қызықтырар жайма-шуақ күндері.

Қане,достым сәл ойланып сен тапшы,

Жасырылды мезгілдердің қайсысы?

 

«Жаз» тақырыбында берілген шығарма бойынша жұмыс.

-     Алда қандай жыл мезгілі келе жатыр?

-     Жаз мезгіліне қандай айлар жатады?

-      Жазда қандай өзгешеліктер болады?

-      Ауа райы қалай өзгереді?

 2.   Мағынаны тану. Кіріспе әңгіме.

Жазда табиғат ерекше күйде болады. Жапырақтар –  жасыл болса, алқаптағы шөптержап-жасыл болып, алқызыл гүлдер жайнап өседі.Күн ерекше жылып,адамдар,жәндіктер,құстар,жануарлар қызу тіршіліктерін жасайды,балалар жазғы демалысқа шығып алаңсыз ойнайды.Көктемде егілген кейбір жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары піседі. Сондықтан адамдар «Қыс қысыласың,жаз жазыласың»деп жазды асыға күтеді.

Мұғалім:

Жаздың сыйын алайық,

Қызығына қарайық

Жазға  арнап бәріміз

Әнімізді салайық.

 Ән: «Туған жер»

 «Ұйқасын тап!» ойыны.  Жаз жұмбақтарын шешу:

1.    Үкісі бар қарыс,

Бунағы бар қамыс.

2.    Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді шымшық.

3.    Бата алмас түлкі,

Үсті тікен кірпі.

4.    Тастан тасқа секіріп,

Жем тереді кекілік.

5.    Құйрығы он қарыс,

Бұл айбатты жолбарыс.

6.    Кезіп жүрген шаңдақты,

Көрдім жаңа қаңбақты.

Балалар, неге біздің тәрбие сағатымыз «Жадырап жаз келді» деп аталған?

Жаз туралы тақпақтар:

Мадина:
Таң бұзып тынышымды жіберді деп,
жазғы түн кетерінде түнерді кеп.
Жер-ару серпігенде түн көрпесін,
маужырап қарап тұрды Күн елжіреп.
Гүл бөлеп хош иіске атырабын,
ағаштар жайып салды жапырағын.
Самал жел сыбырласа, сыр ұрласа, -
өзенде мың бұралып жатыр ағын.
Төсінен терсек тағы қызғалдақты,
басында заңғар таудың ызғар қапты.
Шыдамай жаздың жастық жалынына,
ойнақтап ерке бұлақ құздан да ақты.
Сұлулар суға барған сайға бұғып,
қарайды көлдің бетін айна қылып.
Шіркін, жаз, жомартсың-ау базарлыққа
бересің жан біткенге жайдарылық!
Шыңғыс:
Жаз көңіл жарқылдаған бұл бір шағым,
Жаныма дарытпаймын дүние шаңын.
Әніммен қарсы аламын әрбір күнді,
Жайғандай ерке нәзік жар құшағын.
Жаз көңіл жігіт болдық той бастаған,
Құрбыға зейіні бар ой тастаған.
Жас өмір жайлауында шіркін көңіл
Бәйгіден күнде келіп ойқастаған.
Желпимін жанымды бір осындайда,
Үңілер жүрегіме досым қайда?
Кездесіп көңілімнің күнгейінде,
Әніме асыл құрбым қосылмай ма?!

Арай:
Сөуірде көтерілер рахмет туы,
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,
Жайылар жер жүзіне қардың суы...
Үшпақтың бір сәулесі жерге түсіп,
Өсірер жерден шөпті нүрдың буы.
Жақындар Қүдайымның көктен күні,
Тең болар жарлықпенен күн мен түні.
Аспаннан рақымменен күн тонгенде,
Қуанып қыбырлайды ыныс-жыны.
Үйқыдан козін ашқан жас балаша,
Жайқалып шыға келер жердің гүлі.
Лейла
Жаз келіп жайды құлаш халайыққа,
өлшейік ғибрат көзбен қарайық та.
Жадырап жазылды жан қысылғаннан,
Дәулетке хақтың берген қанайық та
Бәрі әзір, бәрі тегін трлі неғымет,
Мұны бір ұжымақ деп санайық та...
Қаз қаңқыл, үйрекм сымпыл, аққу сыңқыл,
Еткенге құлақ түріп салайық та.
Құс, құрттар білген әнін жырламақ та,
Тым-тырыс біз де үндемей қалайық па?
Жер жайып, түрлі кілем той қылмақшы,
Кел, қазақ, тойға таман барайық та...
Кеңіген, бейілденген мезгілінде,
Тосаңсып жатырқауың ылайық па?..
 

Мұғалім:

Ал,балалар, назар салып қараңдар,

Табиғатымжаныжайсаң тал мүсін.

Ханшайымыжаздың бүгінкеліптұр.

Алмақболып бар халқымныңалғысын.

Жаз ханшайымы: Балалар, саламатсыңдар ма?Менбүгін сендергебілімдерің мен өнерлеріңді тамашалағалы қонаққа келдім.Алдымен мен сендерге біржұмбақжасырайын.

Ағайындыбәрі,

Шықса–жасыл,

Түссе – сарыБұл не?

Балалар: жапырақ.

Олай  болса, мен сендергеөзімменбіргежасыл жапырақтарымды ала келдім. Әржапырақтатапсырмаларым бар.  Егер де тапсырмалардыдұрысорындасаңдар, меніңсендергедегенсыйлығым бар.

1-тапсырма -  Салғансуреттерібойыншаәңгімелеу.

«Жаз» тақырыбынаөтеәдемісуретсалыпсыңдар, солсалғансуреттеріңтуралы не айтасыңдар?

2-тапсырма – мақал-мәтелдердіжалғастыру.

Жазғытұрым жел жардай атанды жығар.

Ай құлақтанса азығыңды сайла,

Қыс құлақтанса күрегіңді сайла.

Қыстағы суық,жаздағы ыстық.

Жеті күн жауған жаңбырдан,желіп өткен жел артық.

Наурыздан соң қыс болмас,

Мизамнан соң жаз болмас.

Қаз келсе жаз келер,

Қарға келсе қатқақ  келер.

 3-тапсырма – «Дәміне қарай ажырат» ойынын ойнату.

Үстел үстіне жемістер мен көкөністердің бөліктерінен көзі жұмулы бала

дәм татып, қандай жеміс немесе көкөніс екенін айтуы керек.

4-тапсырма – жұмбақтар шешу.

1.Сары қозы,көк қозы,

Қарындары тоқ қозы.

Күздігүні көп қозы,

Қыстыгүні жоқ қозы.  (қауын-қарбыз)

2.Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады.   (пияз)

3.Үстіндегі көйлегі

   Түрлі-түсті не керек,

   Қызықтырар көргенді.

   Мұның аты....... (көбелек)

4.Ешкім де жемейді,

   Тәтті екен демейді,

   Сарғайып піседі,

   Үзіліп түседі. (жапырақ)

5. Қара таудай буралар,

    Қара бұйра шудалар.

    Бура жерге шөгеді,

    Бұлау терін төгеді.     (Бұлт пен жаңбыр)

Жаз ханшайымы: Балалар, менің көңіл-күйімді көтергендеріңе сендерге көп-көп рахмет! Өнерлерің үстем болсын, өте талантты балалар екенсіңдер, келесі жаз келгенше білімдеріңді де өнерлеріңді де өрістете беріңдер! Мен де сендерге құр қол келген жоқпын, тәтті сый ала келдім.(себетке салынған жемістерін береді). Ал мен сендермен қош айтысамын, сау болыңдар!

Оқушылар:

Жайма-шуақ кез келді,

Шаттанамыз бәріміз.

Ардақты жаз, мың алғыс.

Саған разы баршамыз!

Хормен: Ардақты жаз, мың алғыс, мың алғыс, мың алғыс!

 Ән: «Көрікті табиғат»

Мұғалім:Ал,балалар!Бүгін сендер тамаша өнерлерің мен білімдеріңді көрсете білдіңдер.Сендерге алғыс айтамын.Осымен біздің жазға  арнаған тәрбие сағатымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

 

 

 

 

 

 

Категория: Внеклассная работа | Добавил: Kairat
Просмотров: 9145 | Загрузок: 210 | Рейтинг: 4.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика