Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер - 26 Февраля 2014 - Сайт творческих учителей Казахстана

Воскресенье, 11.12.2016, 03:18
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 320
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Февраль » 26 » Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
00:09
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер


Нысанбай Мөлдір Молдабайқызы
Қызылорда қаласы 136 мектеп-лицей

Сабақтың тақырыбы: Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Пәні: География7Асынып
Жалпы мақсаты: Оқушыларға материк жағалауындағы мұхиттармен теңіздерді таныстыра отырып, ішкі және шеткі теңіздер туралы ақпарат беру.Ішкі және шеткі теңіздерді ажырата білуге  үйрету.Топтық жұмыста нақты жауап беруге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:Теңіздер туралы толық мәлімет алады.
Ішкі,шеткі теңіздерді біледі.
Топтық жұмыс жасай алады.

Негізгі идеялар:Оқушылар  материк жағалауындағы теңіздермен таныса отырып,берілген тапсырмаларды орындау барысында   нәтижеге қол жеткізеді.
Тапсырмалар:Топтық жұмыс «Ең,ең,ең...» тапсырмалары
Жұптық  жұмыс  «Түрлі –түсті теңіздер ойыны»
Жеке жұмыс (Кеңейтілген тапсырмалар)  Сәйкестендіру
Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
2. Мұхиттарға байланысты  топқа бөлу. Тынық мұхиты. Атлант мұхиты. Солтүстік Мұзды мұхит. Үнді мұхиты
ІІ. Ой қозғау (Миға шабуыл)  
1.Еуразия материгін зерттеген ғалымдар
2.Орталық Азия неге кеш зерттелді?
3.Еуразия жері арқылы қандай маңызды экспедициялар жүргізілген?
 «Мадақтау» арқылы бағалау.
ІІІ. ББҮ кестесі   (білемін,білгім келеді,үйрендім)
ІҮ.Топтық жұмыс (Жоба қорғау)  
Оқушыларға оқулықтан тапсырма беріледі, алдымен жеке оқиды, содан соң топ ішінде талқылап, қорғайды. Топ 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Топ бақылаушысы бағалау критерийлерін белгілейді және жұмыс барысында бағалап, түсіндірмесін жазады.
Бақылаушының  бағалау парағы
1.Көшбасшы
2.Хатшы
3.Баяндамашы
4.Уақыт сақшысы

Бағалау өлшемдері
1.Тақырыптың ашылуына үлес қосуы
2.Өз міндетін атқаруы
3.Құнды идеяның айтылуы
У. Картамен жұмыс
Төрт   мұхит жағалауындағы   теңіздерді табу,картаға түсіру.
 «Критерий» арқылы бағалау
ҮІ. Топтық жұмыс
Ең, ең,ең...    тапсырмасын  орындау   және картаға түсіру
Ең суық  мұхит-Солтүстік Мұзды мұхит
Ең таяз  мұхит-Солтүстік Мұзды мұхит
Ең жылы  мұхит- Үнді мұхиты
Ең терең   мұхит- Тынық мұхиты
Ең үлкен  мұхит- Тынық мұхиты
Ең кіші  мұхит- Солтүстік Мұзды мұхит
Ең енді  мұхит- Тынық мұхиты
Тек солтүстік жарты шарда жатқан мұхит- Солтүстік Мұзды мұхит
Ең тұзды мұхит- Үнді
Ең тұздылығы аз мұхит- Солтүстік Мұзды мұхит
Ауданы жөнінен 2-орын алатын мұхит- Атлант мұхиты
Критерилер  арқылы бағалау.
Берілген уақыт ішінде нақты жауапты айту,картаға дәл  түсіру.

ҮІІ. Сергіту сәті

УІІІ. Жұптық жұмыс  «Түрлі-түсті теңіздер» ойыны.
/Теңіз атаулары   әртүрлі түсті білдіреді.  Мәтінде жасырынған қай теңіз туралы айтылып тұрғанын табу. /

1-топ.  Бұл теңіз Солтүстік Мұзды мұхитының  ең кішкентай теңізі.  Бұл қай теңіз?(Жауабы: Ақ теңіз)
2-топ.  Бұл теңіз Еуразия және  Африка аралығында,  литосфералық плиталардың  түйісу аймағында орналасқан. Мұнда Дүние жүзілік мұхиттағы  ең жоғарғы тұздылық байқалады. Бұл қай теңіз?
(Жауабы: Қызыл  теңіз)
3-топ.  Бұл теңіз  мұхиттан оқшауланып, Еуразия материгіне ішкері кіріп орналасқан. Осы теңіз жағалауындағы    сауықтыру-демалыс орындары, табиғи-климаттық жағдайлары  қолайлы  ұштасқан  курорттары  айрықша көзге түседі. Бұл қай теңіз?
(Жауабы: Қара теңіз)
4-топ. Бұл теңізге Азиядағы  қытай тілінен аударғанда «сары өзен» деп аталатын Хуанхэ өзені  құяды.  Сазды шөгінді  жынысты жазықпен ағатындықтан   суы лайлы болады.  Өзен осы теңізге жыл сайын  көлемін ұлғайтып отыратын кең атырау жасап құяды.  Бұл қай теңіз?   (Жауабы:  Сары теңіз)

Екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалау.

ІХ .  Жеке жұмыс (Кеңейтілген тапсырмалар)    «Сәйкестігін табу»   ойыны.
Солтүстік теңіз бен  Жерорта теңізінен   алынатын  пайдалы қазба түрі-мұнай,газ
Асыл тастар (інжу-маржан) қай  мұхиттан алынады?-Үнді
Бұл  аймақ   мұнай мен газдың  қоры   және оларды өндіру жөнінен дүние жүзінде
алдыңғы орынды иеленеді. –Парсы шығанағы  /Үнді  мұхиты/
Жаздың аяғы мен  күздің басында  жиі байқалатын  құйын тәріздес  жойқын дауылдар-тайфундар
Итбалықтар,  морждар, жағалауларда ақ аю тіршілік етеді.- Солтүстік мұзды мұхиты
Ең ластанған теңіз- Атлант мұхиты

«Бағдаршам» арқылы бағалау.
Х . ББҮ  кестесін толтықтыру.  (білемін,білгім келеді,үйрендім)
ХІ.  Сабақ рефлексиясы (ұнады, қиын болды, ұсынысым.)  
Кейінгі тапсырмалар:Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді кескін картаға түсіру.
Кейінгі оқу:Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Просмотров: 1919 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика