Түрік қағанаты Қазақстан тарихы 10-сынып(Сертификат) - 27 Февраля 2014 - Сайт творческих учителей Казахстана

Суббота, 10.12.2016, 07:57
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 320
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Февраль » 27 » Түрік қағанаты Қазақстан тарихы 10-сынып(Сертификат)
15:53
Түрік қағанаты Қазақстан тарихы 10-сынып(Сертификат)
Қызылорда қаласы № 7 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі
Ибраева Балзира Мешітбайқызының
қысқа мерзімдік жоспары
Пәні: Қазақстан тарихы
Апта Күні 12.12.2013 Сабақ
Сынып: 10
Сабақ тақырыбы: Түрік қағанаты
Жалпы мақсат: Түрік қағанатының ел тарихындағы тарихи орны, олар жасаған ерлік жорықтарының мәні,маңызын ұғындыру, оқушылардың өзіндік пікір дағдыларын, өз-өзін және бір-бірін бағалауға қалыптастыру.

Сілтеме: 1. Қазақстан тарихы 7-10 сынып оқулықтары және әдістемесі
2. Интернет материалдары
3. Интереактивті тапсырмалар
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: «Түрік қағанаты » тақырыбында оқып біледі ,термин сөздерді түсініп , тапсырмаларды орындау барысында дұрыс пайдаланды. Берілген тапсырма бойынша өмірмен байланыстыра отырып , өз постерлерін қорғады.
Сабақта қолданылатын материалдар: 1. 9-10 сынып. Қазақстан тарихы
2. Интереактивті тақта
3. Постер
4. Топтастыру әдісі
5. Инсерт әдісі
Оқыту әдістері: 1. Оқушыларды жас ерекшелігіне сай оқыту
2. АКТ
3. СТО
4. Оқыту үшін бағалау
5. оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер, топтық жұмыс
Дерек көздері: Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар, постер, сөзжұмбақ, инсерт
Тапсырмалар: Блум таксономиясы;
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин) Бағдаршам түстерін тарату арқылы топқа бөлу, бүгінгі көңіл күйлерін смайликтер арқылы көрсету. Қызыл, сары, жасыл түстерді арқылы топқа бөлінді
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (2 минут 24 секунт).
Білу:
Бейне жазба.Түрік қағанаты замандағы батырлар ерлігін сипаттайтын көрсетілім «Түрік батырлары» Бейнежазба тыңдау.

Бейне жазба көру арқылы жаңа тақырып жайлы біледі . Бүгінгі тақырыбымыз:Түрік қағанаты.

ІІІ. Жаңа тақырып ( 10 минут)
Түсіну:
Жаңа сөздермен танысу, сөздік қорларын молайту
Тапсырма №1 Оқулық мәтінін игерту:
INSERT
 Осы уақытқа дейін білгенмін.
 Мен үшін жаңа нәрсе.
 Мен үшін тосын жайт.
 Әлі де білгім келеді
Үш топқа мәтінді бөліп беріп, инсерт кестесі бойынша оқулықтан оқи отырып белгілейді. Түсінгендерін сызба күйінде постерде орындап, қорғайды.
І топқа – «Түрік империясының құрылуы және дамуы жайлы кластер дайындау.»
ІІ топқа – «Түрік империясының қоғамдық құрылысы жайлы баянда және өмірмен байланыстыр »
ІІІ топқа – «Түрік империясының ыдырау себебін анықтау,мысал келтір.»
Өзін-өзі бағалау өлшемдері: (10 ұпай)
Топ белсенділігі- 1
Мазмұнын дұрыс жеткізуі- 2
Термин сөздерді қолдана білуі- 3
Қосымша тарихи деректерді нақты келтіруі- 4
Бағалау.Өзара бағалау.
Әр топ өздеріне бөлінген тапсырмамен танысады ,постер жасайды
Қолдану: ( 6 минут)
Мәтін бойынша тапсырмаларды орындау

2.Жабық сұрақтар . ( 5 минут)

Тапсырма № 2
1. Ашық/жабық сұрақтар (Диалог)
І – топ – Масқара жеңіліске ұшыраған Анағұй қағанның өзін-өзі өлтіруін сіз қалай түсіндірер едіңіз? Әлде бұл көзқарас бұрыс па? Қалай ойлайсыздар? Бұл жөнінде қандай дәлелдеме келтірер едіңіздер?
ІІ – топ – Күлтегінің бейнесіне қарап,өз ойыңызды білдіріңіз. Күлтегін тарихта болған ба? Болса нақты дәлел келтіре аласыз ба?
ІІІ – топ – Түріктердің шығыстағы саяси ықпалының күшті
болуы неліктен деп ойлайсыздар?
Бағалау.Марапаттау.Смайликтер арқылы.Жақсы жауап-үлкен смайлик-2 ұпай
Ынталандырушы смайлик-1 ұпай.
1 топқа І тапсырма сәйкестігін тап.
Бағалау критериі 5 балдық
№ Сұрақ Дұрыс жауабы № Жауабы
1 Түрік империясы құрылған жыл 4 1 Чжоу мен Цин империялары
2 Түрік империясының негізі қаланды 5 2 Мұқан
3 Түрік империясының құрылды 2 3 Сасанилықтар
4 Мұқан кезінде жылына 100 000 юань төлеген. 1 4 552жыл
5 Түріктерге жылына 4000 рим ақшасына тең салық төлеген 3 5 Бумын


2 топқа тапсырма. Сәйкестігін тап. Бағалау критериі 5 балдық
№ Сұрақ Дұрыс жауабы № Жауабы
1 Түрік қағанатының Шығыс және Батысқа бөлінуі 5 1 Қара теңізге дейін
2 Шығыста шекарасы басталады 4 2 Суй
3 Батыста шекарасы 1 3 VI ғ.80ж
4 Алым-салық төлеуден бас тартқан қытай империясы 2 4 Хинган тауы
5 Саяси бытыраңқылық басталды 3 5 603жыл

3 топқа тапсырма. Сәйкестігін тап . Бағалау критериі 5 балдық
№ Сұрақ Дұрыс жауабы № Жауабы
1 Жазғы ордасы 4 1 Тон
2 «Он оқ будын» 5 2 Суяб
3 Ауғанстан мен Үндістанның сол-бат. басып алды 1 3 Тархан,бұйрық
4 Шу бойындағы орталығы 2 4 Мыңбұлақ
5 Сот істерін жүргізген 3 5 Дулу, нушеби
Ашық және жабық сұрақтарға жауап береді. дәптерлеріне жабық тестті орындайды.

.
Талдау:
( 3 минут)
Топта ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру Тапсырма №3 смайликпен бағалау
1-топ..Сөздік жұмысы: дұрыс жауап 1 ұпайдан.
тирек – теле, жужандар – аварлар, «Елхан» — атақ,
, ху елі – соғдылықтар
2-топ. «С» тапсырмасы:Картамен жұмыс.
-Шығыс түрік қағанатының территориясын көрсет.
- Батыс Түрік қағанатының территориясын көрсет.
-VІ ғ.Түріктердің көршілері кімдер?
3-топ..Ғұн және Түрік мемлекеттерін ВЕНН диаграммасында салыстыр.
Әр топ өздеріне бөлінген тапсырмамен постер жасайды.
Жинақтау: (3 минут)
Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ашық айта білуге машықтандыру
Тапсырма№4 ұжымдық тапсырма.
1.Суретке қарап мәтін құра. Көкбөрі атауы қайдан шыққан?
Стикермен бағалау. Бағдаршам
(Дарынды балаға тапсырма)
2.Түрік қағандығына swot талдау жасаңыз? (2 минут)
Бағалау : 4 ұпай

Постерлерін таныстырады, талқылайды, толықтырады.

Бағалау. (3 минут)

ІV. Қорытындылау
(2 мин)
Сұрақ – жауап арқылы ой қорытуға үйрету
Мен Түрік қағаны болсам , елімді қалай дамытар едім?
Осы сабақ бойынша топ басшыларының бағалауларын тыңдау, Мұғалімнің қорытынды шығаруы.

Кері байланыс (сұрақ-жауап)
 Кері байланыс: Өрмекші торы.
-Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз қандай?
-Бұл сабақта қандай қиындық кездесті?
-Бұл қиындықтарды мен ненің көмегімен еңсердім?
Сұрақтарға жауап беру

V. Үй тапсырмасын беру (2 мин) Тақырыптыты оқу, ББҮ кестесін толтыру.сұрақтар дайындау.
Эссе «Мен, Түрік елінің қағаны Мұқанмын...»
Үй тапсырмасын орындау
VI. Бағалау (4 мин)
өзін - өзі, топтық жұмыстарын бағалай білуге дағдыландыру
Әр тапсырмадан кейін бағалату, соңында сумативті бағалау Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау
VII. Рефлексия
(2 мин ) Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу
Просмотров: 2677 | Добавил: Абдигапбар | Рейтинг: 3.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика