Ұстазым -ақылшым - 12 Апреля 2014 - Сайт творческих учителей Казахстана

Понедельник, 05.12.2016, 19:40
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 346
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Апрель » 12 » Ұстазым -ақылшым
18:11
Ұстазым -ақылшым

Қызылорда қаласы  №267 орта мектеп мұғалімі  Байманова  Айгүл 

Тақырыбы:  Ұстазым -ақылшым
Мақсаты: оқушыларды ұстаздарын құрметтеуге, сыйлауға, үлгі тұта білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  қанатты сөздер: 
                      А) Оқыған жас кәріден
                           Оқушының бәрінен
                           Ұстаздарға мың алғыс!
                      Б) Оқусыз білім жоқ
                           Білімсіз күнің жоқ.
                      В) Оқу –білім азығы
                           Білім –ырыс қазығы.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Бүгін біз алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан ұстаздарымыздың төл мерекесіне жиналып отырмыз. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай ұстаздар бізді білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретеді. Сондықтан ұстаздарға бәріміз мың алғыс айтамыз. Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық –ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» дегенінен-ақ көп нәрсе
 ні аңғаруға болады.
Күмбірлейді туған жердің бел, өрі,
Күмбірлейді қайың, шырша , терегі.
Балбұлақ та қоңырау болып кеткендей,
Бүгінгі күн –
Ұстазы күні себебі.
Желпіндіріп,
Желіктірген күш қандай?
Балғындар шат,
Шаттық нұрын құшқандай.
Бүгінгі күн – Ұстаз күні
Содан ба,
Алтын Күн де күлімдейді ұстаздай.
2-жүргізуші: Қадірлі ұстаздар! Жаныңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілейміз.
Барлығы хормен:  Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!
1 –оқушы:  Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды!
2-оқушы: Мейлі жас, мейлі кәрі бол,
Дана деп сені,
Пана деп сені ұғамын.
Көктемсің  нұры, нәрі мол,
Диқансың  және,
Кеншісің  және  мұғалім.
Қалыпшы деп те айта алам,
Құрыштай құйып 
Шыңдаған балғын жас жанды.
Мектептен түлеп майталман,
Батырдың жолы, 
Бақыттың жолы басталды..
Өзіңсің өрен, зергер де
Алмастың қырын,
Болаттың жүзін жандырған.
Қарыздар саған елдер де,
Қарыздар ғарыш та жаңғырған.
3 –оқушы: Анадай бесік тербеткен
Түн қатып сансыз
Дәптерге қанша түнейсің!
Суарып білім-шәрбатпен,
Дүниеден бізге
Жақсылық қана тілейсің.
Мың рахмет,ұстаз-мұғалім!
4-оқушы:Ардақтап адам,
Көтерсін сені жыр-таққа.
Ұлы елдің баулып ұланын,
Жасарып жылда,
Жасай бер,әрбір ұрпақта!
5-оқушы: Үйретіп алғаш бізге әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ой –арманы, мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
6-оқушы: Арманым болып аңсаған,
Мәңгілік қалдың мекендеп.
Өзіңе арнап ән салам,
Ардақтап сізді өтем деп.
Ән:   «Ұстазым»   (тұлғаңды арманыма ұқсатқаның....)
7-оқушы:  Жүзің жылы, құшағын кең ,
Сенен түлеп, ұшамын мен
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге шығамын мен.
8-оқушы: Жайғанда арман құшағын
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат, күш, әлім
Биікке самғап ұшармын. 
9-оқушы: Анамдай сүйем мен
Шеберін ғылымның.
Ұстаздың үйренем
Өнерін, білімін.
Үйреткен із сазын
Мың жаса, ұстазым!
10-оқушы: Маған ұстаз үйретті
Әліппесін өмірдің.
Жан-жүйемді билетті
Күйі шалқып көңілдің.
Қиялымды кездірді,
Таптым ойдың тұрағын.
Маған ұстаз сездірді
Алдағы өмір шырағын.
11-оқушы:   Асыға дәптер ақтарған,
Дулатып мектеп алабын.
Жүрегімде сақталған
Алғашқы алған сабағым.
Ән:   «Ұстазым»    (Ғалым да, шахтер де бас иетін...)
12-оқушы:  Анадай бесік тербеткен
Түн қатып, сансыз дәптерге қанша түнейсің!
Суарып білім –шәрбәтпен
Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.
13-оқушы:   Мұғалім –ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың.
14 –оқушы:  Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл, ой мен сана.
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға.
15 –оқушы:  Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.
Алдыңда әрқашан да тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп.
16 –оқушы:  Мұғалім мойи білмейтін
Бағбандай бапкер адамдар.
Құлпырып жылда гүлдейтін
Гүлбағы –балғын балалар.
17-оқушы:  Жалыны өшпес көзінен
Ұғасың асыл мұратты.
Мейірлі отты сөзінен
Табасың нұрлы шуақты.
18 –оқушы: Болыңыз өмірдегі бақытты жан,
Асыңыз әлі талай асулардан.
Ойдағы арман тілек орындалып
Бағыңыз бір таймасын басыңыздан.
19 –оқушы: Көзімдегі шырағым,
Ол -өзіңсің мұғалім.
Сенен жиған білім –нәр
Нәрсені мол ұғамын.
Зәулім де асқақ шынарым,
Жүрек жылы –жыр-әнім
Ақылшы бек –мұғалім.
20 –оқушы. Тек биіктер шығарым,
Ақылшы бек-мұғалім.
Жаныма серік еткенмін
Білімнің қайнар бұлағын.
21 –оқушы: Құйылады жыр ағын,
Көптен дара –пырағым.
Құтты болсын мерекең
Заңғар тұлға –мұғалім.
Жүргізуші:  Аяулы ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Әрбір жыл сіздердің отбасыларыңызға ырыс, дәулет, бақыт әкелсін! Бүгінгі мерекеге арналған шәкірттеріңіздің әнін қабыл алыңыздар.
Ән орындалады.
22-оқушы: Ертерек кеп мектептің шамын жағып,
Елпелектеп еңбектен жалын алып.
Істің сазын жастарға түсіндіріп,
Қысы-жазы көрмедің дамылданып.
Әр жүйенің еңбекте тірегісің,
Тәрбиенің мектепте жүрегісің.
Жасыл баққа сән берген 
Бағбандай-ақ
Жас ұрпаққа үлгі боп жүрер ісің.
23-оқушы:  Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,
Мұғалімді ардақтамас бар ма жан.
Ол мектептен шықпаса да қыс-жазы
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.
Бала десе ойламайды өз қамын,
Көрсем дейді күнге де қол созғанын.
Шын жүректен жатса-тұрса тілейді
Шәкіртінің өзінен де озғанын.
24-оқушы: Ұстазым –екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алсын, үйренсін деп
Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.
Ендеше ұстаз апайларға, яғни екінші анамызға біз келесі әнімізді арнаймыз.
«Ана туралы жыр» әні орындалады.
1-жүргізуші: Қымбатты біздің ұстаздар! Суретші болсақ, ең әсем бейнені ұстазға арнаймыз, сәулетші болсақ, ең көрікті ғимаратты ұстазға саламыз, жүрек күйін тербетер сазгер болсақ, асыл әнді ұстазға шырқаймыз, сезімді бойлайтын ақын болсақ, нұрлы жырлардың әр тармағын аяулыұстаздарымызға арнаймыз.
Барлығы: Мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргізуші:Ақ көңіл ұстаздарым,адал ниет
                     Жандарың жадырасын,жарқырасын
                     Қайда да шәкірттерің жүрер сүйіп
                     Қиындық басқа түссе,қасымдасың-дей келе,қадірлі де аяулы ұстаздар сіздерді тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймыз,сіздерге отбасы шаттығын,ана бақытын,балалардың қуанышын тілейміз.

Просмотров: 2128 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика