Өнер шығармаларын көріп қабылдау. Суретшілер шығармаларын талдау. Суретші шығармалары. - 9 Мая 2014 - Сайт творческих учителей Казахстана

Воскресенье, 11.12.2016, 03:17
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 346
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Май » 9 » Өнер шығармаларын көріп қабылдау. Суретшілер шығармаларын талдау. Суретші шығармалары.
18:28
Өнер шығармаларын көріп қабылдау. Суретшілер шығармаларын талдау. Суретші шығармалары.

Қызылорда қаласы,

№136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейінің

 бейнелеу пәні мұғалімі    

  Исмайлов Мұрат Тұрсынұлы

 


Сабақтың тақырыбы:      
Өнер шығармаларын көріп қабылдау. Суретшілер шығармаларын талдау. Суретші шығармалары.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік:                      Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді                  
                                            қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.

ә) Дамытушылық:             Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
                                            оқушы санасына терең сіңіру.

б) Тәрбиелілік:                  Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
                                            түсіне білу.  

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:     Суретші шығармалары, фотосурет және тағы басқалар.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.    

Сабақтың барысы:
    Суретшілер шығармаларын көріп, қабылдауда суреттегі табиғат көрінісі, заттар тобы, оқиғалар, адамдардың көңіл күйі, яғни қуанышқа, қайғыға, қорқынышқа икемдігін түсініп, автордың бейнеленген бейнеге, оқиғаға әсерленуін, сүйіспеншілігін, ренішін аңғару қажет. Суретші С. Мәмбеевтің шығармасына назар аударып көрелікші.
    Қазак халқының мақтаныш етер шебер суретшілерінің бірі Сабыр Мәмбеевтің көркем шығармалары ең алдымен көрерменнің эстетикалық сезіміне әсер етеді. Түстердің әсемдігі, композицияның анықтығы, бояу колоритінің байлығы суретшінің әрбір шығармасында әлемді әуезді кабылдауға бейімділік байқалады. Суретші шығармалары көрген адамның жан дүниесін тебірентпей қоймайды.
    Мысалы, оның «Жолға шыққанда» атты шығармасына назар салып, мұқият зерделеп көрейік. Бұл шығарманы сендер оқулық беттерінен талай рет көріп, таныс болғансыңдар. Суретшінің салған суретінде алдыңғы планда жол жүріп, шаршаған бір топ адамның демалып отырған кезі бейнеленген. Суретте сол жақта сәби көтерген ақ көйлекті ана бейнеленген. Оның жанында ашық түсті киім киген ер адам отыр. Сары және көгілдір жейде киген екі ұл бала тура көрерменге карап, көк шалғынның үстінде жатыр. Көк-жасыл түсті көйлек киген кыз бала ең шетте отыр.
    Суреттегі көріністі суретші көлденең жазық қалпында бейнелеген. Суретте аспан, тау, адамдар үстіндегі киімдері де көлденең жатық сызықты бояулармен жазылған. Суретші шығармасында биік таулардың әсем табиғаты бейнеленген. Алыстағы таулардың көрінісі, аппақ қар басып биіктей түскен шыңдар аспанмен бірігіп кеткендей. Тау басындағы бір қарағанда аппақ болып көрінетін қарға назар салып, бақылап мұқият қарасақ, ондағы ақ түстерден өзге сары, күлгін, қызғыш, жасыл, көкшіл түстердің де барлығын байқаймыз. Бұл суретшінің түс жарасымдығы?
 ? табуда, бояу колоритін байыту әдісін жақсы меңгергенін байқатады. Біз қашықтан ақ түстерді жақындағы сияқты таза аппақ күйінде көре алмаймыз, одан басқа ақ түс құрамында сары түстер реңктері, тіпті қызыл-сары түстер де пайда болады. Ара қашыктық алыстаған сайын жасыл түстер өте қатты өзгеріске енеді. Осы өзгерістер суретші шығармасындағы жасыл түсті қыраттар мен ойпаттар көрінісінде орын тапқан. Заттар арасындағы қашықтықты бояу арқылы беру үшін оларды бақылап, жақындағы табиғи түстерді алыстағымен салыстыру қажет.    
 Суретшілер кеңістік, ауа, жарық түс, адам денесінің көлемі мен мүше бөліктерін бере білу шеберлігін меңгере отырып, өнердің биік те таңдамалы шығармаларын жасай біледі. Мына суретте суретші жаңбырлы күнгі ауа райын бейнелеген. Біздің түстерді қабылдауымызға, әдемі «сабақтас» түстің пайда болуына жарық, қашықтық, яғни ауа қабаты және түстік ортаның қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Мысалы, жазғы ашық ауада жарық түскен жерлерде түстер өзінің қанықтылығын жоғалтады. Бұлтты күндері түстер өзінің қанықтылығына ие болады да, біздің көзі
 міз түстік алмасулар мен реңктерді әлдеқайда көбірек қабылдайды. Бұл суретте суретші көбіне шектеулі палитраны пайдаланған. Нағыз суретші ең елеусіз және күнделікті нәрсенің өзінен көп жағдайда қызықты нәрсені көріп, оны өз шығармасында көрсете біледі. Кейбір суретшінің тек бір тақырып бойынша ой-өрісі шексіз болады. Суретші И. К. Айвазовскийдің теңіз тақырыбына арналған белгілі «Тоғызыншы толқын» атты шығармасын сендер 5-сыныпта көріп, тамашалаған болатынсыңдар.

Ол күнмен бірге тұрып, таңертеңгілік астан кейін қолына өзінің қылқаламын алған. Суретін түске дейін салып, одан кейін барып теңіз жағалауында демалуды жөн көрген. Тынығып алып, кешке дейін жұмысын жалғастырған. И. К. Айвазовскийдің ішкі жан дүниесі мен еңбекқорлығы ерекше таң қалдырады. Ол бірнеше күндер бойы жалғыз өзі кеменің үстінде отырып, теңіз жағалауында сурет салған. И. К. Айвазовскийдің суретінде тынымсыз дабыл қаққан қатыгез теңіз бейнеленген. Ашулы толқынын аспанға атқан теңіз кемені сан бөлікке аяусыз бөлшектеп сындырды.
  Жасыл-көк толқынның арасында тек бірнеше адамдардың жан ұшырып тірі қалғанын көруге болады. Олар кемеден қалған соңғы қалдықтарға жабысып, ең қорқынышты зардапты күтуде. Адамдар соңғы сынақтан тірі қала ма, жоқ әлде ауыр толқын оларды жұта ма? Міне, қою бұлттардың арасынан күннің сәулесі үшкір найзағайдай жарқырап көрініп келе жатыр. Күн, жарық күн. Бар үміт осы жаратылыста. Ол үмітін үзген жандарға катыгез теңізді жеңуге көмек көрсетеді. Суретшінің бұл драмалық көрінісін қарап отырып, жан дүниең ақтарыла тебіренеді. Теңіздің иісі м?
 ?рныңа келіп, оның толқынынан шашыраған тамшылары бойыңды серпіп өткендей болады. Құлағыңа ауыр толқынның тулап барып құлаған даусы естіліп, бір мезет ойыңнан селт ете қаласың. Өйткені суретші теңіздің сұлулығын, оның күштілігін суреттейді. Сонымен қатар суретші, суретте тынымсыз теңіздің көрінісін бейнелеу арқылы адамзаттың өмір үшін күресін, қайсарлығын көрсете білген.
    Ә. Ысмайыловтың «Жуалы атырабында» атты шығармасында мұнар басқан қат-қабат таулар, өмірдің шексіздігі мен салтанатын білдіретін жайлау, өзен бейнеленген. Бір қарағанда таулардың бәрі бірдей сияқты, ал түстері әр түрлі. Әдетте таулар бізден қашықтаған сайын олардың түстік бояулары да ашығырақ, көгілдірлеу болып көрінеді. Біз көретін түстердің әрдайым өзгерісте болуына тәулік мезгілі, ауа райы құбылыстары да әсер етеді. Кешке қарай күн сәулесі ауа қабатының тығыз бөлігін көлденең қия отырып қиғаш түседі. Себебі жерден көтерілген ?
 ?у ауаны қоюландыра түседі де, күн батарда сары және қызғылт реңктер пайда болады. Суретші шығармасын анықтап қарасаңдар, осы кезде қызғылт сары жылы түстермен бар әлем жаңғырады, ал көлеңкелер мұндай кезде басқа реңктерге, яғни салқындау суық түске енеді.
    Қашықтан қарағанда түрлі түстер әр түрлі күйде өзгеретінін аңғаруға болады. Бұл әдетте бұйымдардағы табиғи түстердің өзгеруін бақылау кезінде кездеседі. Егер күн біздің артымызда немесе төбемізде тұрған болса, алыстағы кара түстер бізге ағарып көрінеді. Осы өзгерістер «Жуалы атырабында» жақсы көрсетілген.
    Суретші Қ. Телжановтың «Көкпар» атты шығармасында қазақтың кең-байтақ даласында көкпар шауып, тартысқа түскен ер-азаматтар бейнеленген. Ширыққан ат үстінде шыныққан көкпаршы жігіттер. Суретші бұл шығарманы жасау үшін ең алдымен эскиздер салып, аттардың әр түрлі қозғалыс кезіндегі қимыл-қалыптарын қағаз бетіне түсіреді. Одан кейін кең дала табиғатын, адамның бастары мен қолдарын, денесін сан түрлі кейіпте жеке-жеке орындап шығады. Бұл шығармадан біз орындалу техникасының және адам ойының мазмұнға бай көрінісін көре аламыз. Суретш
 і шығармасындағы алдыңғы планда аттылардың бәрінен озып келе жатқан негізгі көкпаршы өзінің алғыр да күш-жігеріне сенімі мол екендігінен хабардар етеді. Суретшінің басты назарын жарық пен көлеңкеге көбірек бөлетіні сезіледі. Осы жарық пен көлеңке алдыңғы қатардағы көкпаршының бет әлпетін жандандырып, өңін аша түскен. Суретші шығармадағы әрбір кейіпкердің өзіне тән бейнесін ашып көрсету үшін оларды көгілдір фонда күн сәулесінің жарығымен айқындай түседі.

Үйге тапсырма беру:  Әр түрлі суретшілер шығармаларын салыстыра отырып, ерекшеліктерін ашуға тырыс.

Просмотров: 1265 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика