Қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолдану - 26 Марта 2015 - Сайт творческих учителей Казахстана

Суббота, 03.12.2016, 05:27
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 730
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Март » 26 » Қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолдану
22:22
Қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолдану
Байбусенова Күльзада Найманқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен мұғалімі
Ақмола облысы
Аршалы ауданы
Анар станциясы
Анар орта мектебі

Қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолдану
Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді. Қазақ халқының көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай
«Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минөтіменен,
Құлағыма сіңірген таныс үнін»
«Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті. Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ.
Қазіргі таңда инновациялық технологиялардың көптеген түрлері бар. Атап айтсақ модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек – сызба технологиясы, дамыта оқыту, проблемалық оқыту, деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы және т.б.
Қазақ тілін оқыту – қиын жұмыс деп ойлаймын. Қазақ тілі пәні сабағын оқытуда жаңа технологиялардың элементерін қолдана отырып, деңгейлеп оқыту технологиясына ерекше көңіл бөлу қажет.
Өйткені бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған.
Ол халықаралық білім стандартының шарттарымен үндес келеді.
Американдық гуманитарлық психология қауымдастығының өкілі К. Роджерс жасаған әдістеменің төмендегідей бағыттары жаңа педагогикалық технологияда көрініс тапқан.
Яғни олар:
1. Оқушының дайындық деңгейін бақылай алу;
2. Оқу материалын сұрыптап ұсына алу;
3. Оқу әрекетін ұйымдастыра алу;
4. Диалог жүргізе алу;
5. Сабақ барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра алу;
6. Мақсаттың нәтижеге ұласуын жоспарлау, жүзеге асыра алу.
Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуға жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, оны танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.
А. Андреева пікірі бойынша деңгейлеп оқытудағы диалогтық қарым-қатынас 3 сипатқа ие.
1. Коммуникативтік (оқушылардың бір-бірімен ақпарат алмасуы)
2. Интерактивтік (оқушылар білімдерімен ғана емес, сонымен бірге оқу әрекеттерімен де өзара алмасуы)
Оқушының жан-жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс істеуге бейімделуіне, топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден-бір әдіс. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Мұғалім әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды.
“Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ сол мұғалімнің ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
- оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
- оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
- мұғалімнің уақытын үнемдейді;
- қосымша мәліметтер береді.
Яғни, әр қазақ тілі сабақтарын слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз.
Әр саланың өз жаңалық-жасампаздығы болса, біздің тіліміздегі тілдік талдауларға қажетті жаңалықтың бірі – сатылай оқыту технологиясы. Тіл білімінің қай саласы болмасын сатылап талдануға бағынады. Сатылай комплексті талдаудың маңызы зор деп ойлаймын:
- оқушы материалды қалай меңгергендігі байқалады;
- оқушы білімін тұрақтандыруға көмектеседі;
- ізденуге жетелейді, қызықтырады;
- талдау нәтижесінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады;
Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Соның бірі – “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясын сабақты жоспарлауды қолданудың тиімділігі. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады:
- қызығушылықты ояту;
- мағынаны тану;
- ой-толғаныс.
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.
Сабақтың қай құрылымында болмасын оқушы осындай стратегияларды қолданғаны дұрыс “Мен не ұқтым?” және “Мен нені білгім келеді?” деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.
“Мағынананы тану” кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны мазмұны, стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылады немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда “Жуан және жіңішке сұрақтар” стратегиясын мұғалім жүзеге асырады.
Осы кезең бойынша жұмыстану арқылы қорытынды шығаруға болады:
Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда “Венн” диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни, пікір-сайыс өткізуге немес “5 жолдық өлең” жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол 5 жолдық өлеңді жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 3,4 сөз тіркестерін құрастырып өз ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз деп білемін.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы. 2009, № 12
2. Т.М. Артықова. «Қазақ тілі бойынша тірек – сызбалар».
3. В.Ф. Шаталов. «Тірек – сызба нұсқасы».
4. Ж. Адамбаева. «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері». 1993.
5. Е.И. Пассов. «Коммуникативный метод обучения иностранному говорению».
6. М.А. Аманбаева. «Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану».
Просмотров: 560 | Добавил: Галия7957 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика