Баяндама тақырыбы: "Би үйірмесіндегі мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері" - 21 Января 2015 - Сайт творческих учителей Казахстана

Суббота, 10.12.2016, 08:00
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 346
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Январь » 21 » Баяндама тақырыбы: "Би үйірмесіндегі мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері"
14:39
Баяндама тақырыбы: "Би үйірмесіндегі мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері"
Би үйірмесіндегі мүмкіндігі шектеулі балалармен жүмыс жүргізу ерекшелігі
Соңғы жылдары Қазақстанда балалардың денсаулық көрсеткіштерінде кемшіліктер байқалуда. Балалардың денсаулығының нашарлауына көптеген жағдайлар әсер етуде. Атап айтатын болсақ, жағымсыз экономикалық, экологиялық ахуалдар, сонымен қатар, балалардың күнделікті өміріндегі стресс, әлеуметтік жағдайы төмен жанұялардың көбеюі, дәрі-дәрмекті пайдаланудан болатын ашуланушылықтар.
Отандық дәрігерлердің және дефектологтардың бақылауы мен тәжірибесі көрсеткендей, балаларда қозғалыс белсенділігін жоғарылату қажет екенін көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі балаларда психомоторикасы аса дамымаған, жүйелі қозғалыстағы кемшілік, қозғалыстағы мазасыздық пен абыржу. Қозғалысы нашар, дөрекі, жеткіліксіз бірқалыпты, епсіз, олар жүгіріп, секіре алмайды. Әсіресе, нәзік жіне нақты қозғалыстары, қол сермеу мен ымдау нашар қалыптасқан. Үйлесімдегі кемшілік барлық жастағы балаларда байқалады. Кіші жастағы балалар берілген қалыпты қабылдай алмайды немесе оны 1-2 секундтан артық төзе алмайды. Тек 13-14 жастан бастап қана кейбір балалар бұл күйді 4—7 с сақтай алады, сонда да балалар орнында тербеліп, орнынан қозғалып кетіп жатады, жалпы алаңдаушылық байқалады, бет пішіндерінен қиналып тұрғандықтары байқалады. Олар бір қозғалыстан екіншіге ауысу кезінде қатты қиналады, тіпті қозғалыс баяу болса да.
Дамуында әртүрлі кемшіліктері бар балалармен түзету жұмысын ұйымдастыруда моторика, қозғалысты дамытуда, балалардың денсаулығын нығайтуда көтеген кемшіліктерді жеңу өте маңызды. Әрине, әртүрлә ауытқуы бар балалармен дене тәрбиесін ұйымдастыру бірдей болмайды. Ол үшін кешілік құрылымын, кешіліктің байқалу деңгейін, баланың денсаулы жағдайын ескеру өте қажет. Қозғалыс белсенділігі өсіп келе жатқан баланың ағзасының өмірлік табиғи функциясының ынталандырушысы. Мүмкіндігі шектеулі баланың моторлы, психомоторлы және дене дамуындағы кемшіліктерді жеңуде арнайы түзету сабақтары мақызды рөл атқарады: ырғақ және сауықтыру дене тәрбиесі(ЛФК). Хорегорафиялық өнер ырғақ және сауықтыру дене тәрбиесінен тұратын сабақ түрі. Хореография сабақтары ағзаның жұмыс істеу қабілетін жоғарылатады, денсаулықты сақтау мен нығайтуға ықпал етеді, дене дамуындағы кемшіліктер мен қозғалыс бұзылуын түзетуге көмектеседі, бұлшықет күші деңгейі бойынша қозғалысты саралау дағдысын қалыптастыру, өз қозғалысын музыка екпініне, кеңістікке, уақытқа сәйкестендіруге ықпал етеді. Балалардың кеңістікте бағдарлау әрекеті, қозғалыс аумағы, қимылдың жылдамдығын сезініп, бағалау қабілеті, бұлшықеттің босаңсуы мен күш салуына да би өнерінің әсері өте жоғары. Олар қимылға сәйкестік, сымбаттылық береді. Қимылдық даму ерекшелігін түзету арнайы жаттығулар мен дене тәрбиесінің жалпы көпшілік мақұлдаған әдістері арқылы жүзеге асырылады. Хореография сабақтары бұлшықет тонусын қалыпқа келтіруге, дұрыс емес қалыпты түзетуге, төзімділікті дамытуға, бірқалыптылықты, қозғалыс темпын реттеуге, қозғалыс пен сөз арасындағы өзара үйлесімді әрекетті, бірнеше қозғалыс әрекеттерін есте сақтауға, сөздік нұсқауларды жылдам қабылдай білуге тәрбилейді.
Хореография-балаладың жақсы көретін өнер саласы. Жыл сайын би өнерін жақсы көретін балалар студия, ансамбль, үйірмелерге келуге асығады. Негізінен балалар студиялары мен ансамбльдерінде жалпы физиологиялық тұрғыдан жақсы дамыған балалар келеді және егер осындай студияларға мүмкіндігі шектеулі балалар келсе оларды әлсіз балалар деп санайды, нәтижесінде бұл балалардан күтілетін нәтиже шықпайды, сондықтан сабаққа деген қызығушылығы төмендейді, сосын ол бала топтан кетеді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулық деңгейін ескере отырып, жекелей жұмыс қажет, бірақ үйірмелер нәтижеге жұмыс істегендіктен көп жағдайда бұл балалар еленбей қалады. Сондықтан біз былай есептейміз, бұл баларды барынша би үйірмелеріне тартып, топтан бөлмей, бірақ жаттығуларды жеңілдетілген түрде берілу керек. Бұл балалар топпен бірге қоғамдық ортаға сай ережені сақтауға, ой-өрісін кеңіту керек.
Хореография сабақтары балалардың психофизиологиялық кемшіліктерін түзету мен дамытудың ең тиімді тәсілдерін таңдауға көмектеседі.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, хореография сабақтарында мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизиологиялық кемшіліктерін түзету проблемасының өзектілігі анықталды.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен би сабақтары тиімді болады, егер:
• балалардың даму ерекшелігі ескерілсе.
• психомоторика ерекшелігінің дамуы.
• бұл балаларға музыкалық материал мен хореографиялық лексика дұрыс таңдалып, қол жетімді болса.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен хореография сабағын жүргізу әдістемесі.
Сабақ мақсаты – хорегорафиялық мәдениет саласы білімін қалыптастыру, балалардың орындаушылық қабілетін дамыту. Сонымен қатар, бұл балаларды би өнеріне қалыптастыру қозғалыс мәдениетін ұғындырумен қатар, психофизиологиялық бұзылуды түзету проблемасын шешуге көмектеседі.
Сабақ барысында балалар ортақ шығармашылық жұмысқа дағдыланады, шығармашылық қабілеттері дамиды. Балалар музыка-би табиғатын игереді, шығармашылық ынта, елестету, әуен мен қимыл бейнесінің мазмұны мен би түрін түсініп, жеткізе білуге үйренеді. Әр оқу жылында хоеографияның кейбір бөлімдері бойынша мәлімет беріледі, іскерлік, дағдының белгілі шегі ұсынылады:
• ырғақ
• классикалық би негіздері
• ұлттық би негіздері
• Модерн – джаз биі.
«Ырғақ» бөлімі.
Музыкалық сауаттылықтың қарапайым элементтерімен таныстыру. Кейбір музыкалық шығармалардың ырғақтық суретін қол шапалақтау, аяқпен тапылдатумен орындау. Айналма, арқаны түзу ұстауды, икемділікті, әуенділікті дамыту.
«Классикалық би негіздері» бөлімі балалардың сымбатының дұрыс болуына, икемділікке, қозғалыс мәдениеті мен үйлесімділікті қалыптастыратын би-жаттықтыру жаттығуларынан тұрады. Бұл күрделі би амалдарын орындауға қозғалыс аппаратын дайындауға ықпал етеді. Буын-бұлшықет аппаратын жаттықтырудың бастамасы. Жамбас және тізе буындары, аяқ табан беріктігі мен иілгіштігі, айналмалылығын шынықтыру.
« Ұлттық би негіздері» бөлімі лексика байлығын зерттеу, орындау шеберлігінің әртүрлілігін, ұлттық бидің әр түрлерін: қол ұстасып айналу, ұзақ билеу, жұптасып билеуді қамтиды. Қазақ халқының өміріндегі бидің маңыздылығы туралы мағлұмат беру.
«Модерн – джаз биі» бөлімі
1. оңашаланған ордағы қимыл;
2. қимыл мен дем алудың өзара байланысы;
3. stretch-сипаттағы жаттығулар;
4. кеуде жасушасын, жамбас буыны, тізе буыны, аяқ табанды дамыту.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен хореография сабақтарында дене, бас, қол қимылдарының аяқ қимылымен үйлесімділігіне үлкен мән беріледі. Әрбір сабақ кезектесу принципінде құрылады: созылмалы, жұмсақ жаттығулар тез, айқын жаттығулармен кезектеседі;
Хорегорафия сабақтары балалардың тұлғасының үйлесімді дамуына көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар, балалар би билеумен бірге басқа балалармен жақсы қарым-қатынаста болады, назар аудару, есте сақтау , ойлау үрдістерін дамытады, ұялшақтық, қысылу сезімдерінен арылады, өзінің және басқа балалардың жеткен жетістіктеріне бірге қуануға үйренеді.
Просмотров: 930 | Добавил: АлМа | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика