«Сөз мәйегі- мақал- мәтел» - 22 Апреля 2015 - Сайт творческих учителей Казахстана

Воскресенье, 04.12.2016, 23:22
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 317
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Апрель » 22 » «Сөз мәйегі- мақал- мәтел»
16:13
«Сөз мәйегі- мақал- мәтел»

Курмангалиева Кумисжан Оралбековна,

Астана қаласындағы

№ 27 мектеп- лицейінде

 қазақ тілі пән мұғалімі.

Сайыс: «Сөз мәйегі- мақал- мәтел»
Мақсаты: мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы , өмірден түйген қорытындысы , тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі, сурет.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер жинағы, суреттер,флипчарт.
Түрі:сайыс
Сайыстың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
- Бүгінгі сайыстың жақсы өтуіне тілектеспіз.Сайыстың алдында тіл туралы белгілі адамдардың айтқан сөздерін еске түсірейік.
Шыңғыс Айтматов: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.»
Максим Горький: «Тіл аспап сияқты,оны жақсы білу керек,оны меңгеру керек.»
Бауыржан Момышұлы: «Тіл дегеніміз-қай халықтың болмасын,кешегі,бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.»
Махмұт Қашқари: «Игі істің басы-тіл, тәрбие басы-тіл.»
Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ.»
Ал енді сайысымызды бастайық.
І.Үй тапсырмасын тексеру
Шарты:Топтың атын және ұранын дайындап келу.
Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын , үй тапсырмасын тексерейік.Әр топқа топтың атын , ұранын дайындап келу тапсырылған.
І топ «Сұңқар». Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз!
ІІ топ «Тұлпар». Ұраны : Тұлпардай жүйрік болу арманымыз,
Жетуге соған тырысамыз !
ІІІ топ «Тапқырлар». Ұраны : Тапқырмыз деп ұрандап,
Өмірде біз келеміз жарқылдап!
ІІ. Сұрақ-жауап сайысы.
Шарты: Қойылған сұрақтарға тез жауап беру.
- Мақал-мәтелдер деген не?
- Мақал-мәтелдердің адам тәрбиелеудегі ролі қандай?
- Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай?
- Мақал-мәтелдер нені сынайды?
- Мақал-мәтелдердің көлемі қандай?
- Мақал-мәтелдер қалай айтылады?
- Мақал-мәтелдер қалай таралған?
- Мақал-мәтелдерді кім шығарады?
ІІІ. Білгіштер сайысы.
Шарты : Кім қанша мақал айтса , сонша фишка алады.
ІҮ.Аудармашылар сайысы.
Шарты: Берілген мақал-мәтелдерді орыс тіліне аудару. (Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.)
Тазалық- денсаулық кепілі . (Чистота –залог здоровья.)
Еңбек оздырады. (Труд прославляет.)
Не ексең, соны орасың .( Что посеешь ,то и пожнешь.)
Отан - оттан да ыстық. (Родина –жарче огня.)
Оқу –білім бұлағы, білім- өмір шырағы. (Учение- родник знаний,знание - лучик жизни.)
Отансыз адам ормансыз бұлбұл.(Человек без Родины, что соловей без леса.)
Ү.Мақалдың жалғасын тап:
Шарты: Көп нүктенің орнына керекті сөздің баламасын қазақ, орыс және ағылшын тілінде табу. (Әр дұрыс жауапқа екі фишка беріледі.)
………. – инемен құдық қазғандай. (оқу, учеба,study)
Оқусыз ……. жоқ , білімсіз күнің жоқ. (білім, знание,knowledge)
Ашу дұшпан, ақыл - ……… (дос,друг,friend)
Не имей сто рублей, а имей сто ………(друзей,досың, friends)
Білекті бірді жығады , білімді ….. жығады. .(мыңды,тысяч,thousand)
Учение –……. ,а не ученье- тьма. (свет,жарық,light)
ҮІ. Берілген мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру.
(Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.)
Бұрысы
1.Құрмет, тілге ,құрмет-елге.
2. Жерде, тіл ,жоқ ұлт, жоқ.
3. Тас жарады,тас, тіл жармаса, бас ж
1.Тілін біл,жеті түрлі, жеті жұрттың, білім біл.
2.Ұяда, ұшқанда ,соны іледі, не көрсе
3. Мектеп, білім- теңіз кеме .
1.Мыңды жығады ,білекті ,жығады , бірді, білімді.
2.Ыстық ,отан , оттан да.
3.Жау алмайды, досы көпті ,ақылы көпті дау алмайды.
Дұрысы
 1.Тілге құрмет-елге құрмет.
 2.Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ.
 3.Тіл тас жарады,тас жармаса, бас жарады.
 1..Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл.
 2.Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
 3.Білім- теңіз, мектеп- кеме .
 1.Білекті бірді жығады , білімді мыңды жығады
 2.Отан - оттан да ыстық.
 3.Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.
ҮІІ. Сурет сайысы.
Шарты : 1.Берілген мақал-мәтелдер бойынша сурет салу.
2.Сурет бойынша мақал-мәтелдің мазмұнын ашу.
(Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.)
 Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты.
 Білім-өмір шырағы.
 Білім- теңіз, мектеп- кеме.
ҮІІІ. Қорытынды. (толғаныс)
1.Бүгінгі сайыс сендерге ұнады ма?
2.Сайыс қалай өтті?
3.Мемлекеттік тілді үйренуде мақал-мәтелдерді білу не үшін қажет?
Осымен сайысымыз аяқталады.Сөзді қазылар алқасына береміз.

Просмотров: 336 | Добавил: Жанна3231 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1  
Бұл сайыс- сабақты құрастырған: Курмангалиева Кумисжан Оралбековна, Астана қаласындағы № 27 мектеп- лицейінде  қазақ тілі пән мұғалімі.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика