Воскресенье, 28.04.2024, 21:28
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Февраль » 13 » «Қызықты сәт» математикалық ойын сабағы (С)
10:44
«Қызықты сәт» математикалық ойын сабағы (С)

 

Шадетова Ақбота Кенесовна

математика пәнінің мұғалімі

 Қарағанды қаласы

"№16 ЖББОМ" КММ " 

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқыр-лығын, оқуға ынтасын арттыру. Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеу
Көрнекілігі:Интер белсенді тақта, нақыл сөздер, логикалық есептер
Түрі: Топтық сайыс
Типі: Ойын түрінде
Жоспары: 1. Топқа бөлу
2.Топтың өзін таныстыруы
3. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
4. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
5. Математикалық сұрақтар
6. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)
7. «Тез әрі жылдам» сайысы (топқа сұрақ)
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы (К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М.В.Ломоносов)
Қайырлы күн қадірменді ұстаздар, оқушылар! «Қызықты сәт» ойынына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Шеңбер», «Квадрат», «Төртбұрыш» топтарын шақырамыз.
Сайыскерлеріміздің білімі мен бағасын беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.
Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
1. Топқа бөлу кезеңі. Оқушыларды конфеттер арқылы үш топқа бөлу
1. Кезекте амандасу рәсімі
2. І топ «Шеңбер» тобы.
2. Сәлемдесуі: «Шеңбер» тобынан қарсылас топтарға сәлем.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
ІІ топ. «Квадрат» тобы.
Сәлемдесуі: Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
ІІІ топ. «Төртбұрыш» тобы.
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
«Төртбұрыш» тобынан қарсыластарға сәлем!
Жүргізуші: Әділқазы алқасынан І-сайыстың қорытындысын сұраймыз.
ІІ. Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).
«Шеңбер» тобына.
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
«Квадрат» тобына.
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
«Төртбұрыш»тобына.
1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
2. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
Әділқазылар алқасынан ІІ сайыстың қорытындысын сұраймыз.
ІІІ. «Біліктілік» сайысы. (тапсырма карточка бойынша беріледі).
«Шеңбер» тобына. АВСД параллелограмның периметрі 81см, ал АС = 30см. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.
«Квадрат» тобына.
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 16 см, ал бүйір қабырғасы табанынан 2 см ұзын. Бүйір қабырғасын табыңдар.
«Төртбұрыш» тобына. Егер А = 420 болса, онда АВСД параллелограмының бұрыштарын табыңдар.
IV. Математикалық сұрақтар. (әр топқа бес сұрақтан)
«Шеңбер» тобына. 1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)
2. Бұрышты тең екі бөлік кебөлінетін сәуле. (биссектриса)
3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)
«Квадрат» тобына.
1. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипо-тенуза).
2. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)
3. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)
«Төртбұрыш» тобына.
1. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты. (катеттері)
2. 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)
3. Параллелограмның 600-қа тең бұрышымен іргелес бұрышы неше градусқа тең. (1200)
V. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)
VІІ. «Тез әрі жылдам» сайысы (әр команда тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды)
1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)
3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
4. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)
5. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
6. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)
7. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
8. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
9. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
Әділқазының шешімі шыққанша көрермендерге сұрақ:
Қай айда 28 күн бар? Жауабы: Барлық айда
Бір пілдің үстінде 100 құмырсқа бар екен. Піл сілкініп қалғанда құмырсқалардың біреуі ғана қалып қалғандары жерге құлап түсіпті. Төмендегі құмырсқалар пілдің үстіндегі құмырсқаға қарап не деп айтқан? Жауабы: Ез оны
Үш үйрек қатар тізіп ұшып келеді екен. Бірінші үйрек “Менің артымда екі үйрек бар” депті. Екінші үйрек “менің артымда бір үйрек бар” депті. Үшінші үйрек “Менің артымда үш үйрек бар” депті. Бұл қалай болғаны? Жауабы: Үшінші үйрек өтірік айтқан

Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.
Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

Просмотров: 1400 | Добавил: Кенесовна3623 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика