«Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев» Әдеби- сазды кеш - 8 Апреля 2015 - Сайт творческих учителей Казахстана

Воскресенье, 04.12.2016, 23:24
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 317
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Апрель » 8 » «Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев» Әдеби- сазды кеш
13:00
«Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев» Әдеби- сазды кеш
«Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев»
«Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев»
Әдеби- сазды кеш

МАҚСАТЫ:
Білімділік: оқушыларды поэзияда өзіндік із қалдырған ақиық ақын М. Мақатаевтың өмірімен, шығармашылық еңбегімен таныстыру;
Дамытушылық: М. Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралуының сыры неде екенін таныту, сезіндіру;
Тәрбиелік: ақынның шығармалары арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге үйрету, тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бейнежазба, өлеңдер, ақын туралы бейнебаян, көрініс

Әдеби кештің өтілу барысы

1. жүргізуші Ақнур
Қарасаз, қарашалғын өлеңде өстім,
Жақсы жыр жазсам,халқым,елеңдестің,
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
-Бұл кімнің өлеңі?
Иә, бұл қазақ поэзиясының алыбы-Мұқағали ағамыздың өлеңі.

2. Жүргізуші Влада Қош келіпсіздер, өлеңсүйер, өнерсүйер қауым! Біз бүгін сонау XX ғасырдың арман – қиялы ақ қарлы Алатау жаққа шарқ ұрған асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты талмастан биіктен-биікке самғаумен келген ақиық ақын М.Мақатаевқа арналған «Жыр жүйрігі- Мұқағали» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз

1-жүргізуші Ақнур
Әлем - дархан, саялаңдар,
Бәріңе де орын бар,
Қорған емес, салтанатты
Сәнді сарай соғыңдар.
Ей, адамдар, сендер тату,
Сендер тату болыңдар!- деп жырлап өткен ақын
Мұқағали Мақатаев өмірі туралы бейнебаян


Қазақ жерінің Райымбек бабамыздай киелі әулие батыр өмір сүрген таңғаларлық табиғаттың саф ауасын жұтып, өзінің өр талантымен, ұлылығымен танылған Мұқағали туған жерін тамсана жырлайды.


Мұкағалидың өз даусымен айткан өлеңін тыңдату

2-Жүргізуші Влада М.Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ.Ақын ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұның, әке зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Сонымен бірге, өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын.

Олай болса келесі кезекті ақынның өлеңдеріне берсек

1.Кулик Мария

Біздің көктем
Мұқағали Мақатаев
Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,
Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.
Көктем келді. Өмірдің келешегі -
Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Сағым қыздың ап қашып орамалын,
Асыр caп тентек жігіт - жел еседі.
Көктем келіп ауылға қыз көрікті,
Таң-тамаша дүние жүзге еніпті.
Асқар ала таулардан асып әрі,
Аяз атаң барады мұз бөрікті.
Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы
Өлең-жыр, әзіл-күлкі ауыл маңы.
Тиянақ таппай ұшқан көк көбелек,
Көк гүлге қонды-дағы дамылдады

2.Чекалина Маша

Көктем де келер
Мұқағали Мақатаев
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Көгеретін тіршілік көгереді.
Қу бұтағы арса-арса кәрі еменге,
Келер көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Көгереді ауылдың төңірегі.
Ерте кеткен досымның қабірі тұр,
Келер көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Барлық нұрын көл-көсір төгер енді.
Сағынышын сарыққан, жапа-жалғыз,
Менің жесір жеңгеме не береді?
Көгереді...
Барлығы көгереді:
Ой да, қыр да, даланың төбелері.
Әлі құрып баратқан ауру досқа,
Осы көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келіп қалар,
Есінетіп, есіртіп, ерікті алар.
Азан-қазан аспанның қоңырауы,
Жақсылықтан тұрса игі беріп хабар...

3. Қыдыралиева Адуа
Наурыз
Мұқағали Мақатаев
Ақпан кетті араз боп наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген,
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Көктем жетті көл-көсір шуақ қуып,
Қыс барады қиылып, жылап тұрып.
Шатырында үйлердің наурыз жүр,
Мұз көргісін ақпанның лақтырып.
Тозған тонын бойына кие алмай бір,
Қайда барса қарт Аяз сыя алмай жүр.
Асқар таулар атасын шақырады,
Ой мен қырын атасы қия алмай жүр.
Қарар емес наурыз атағына,
Алар емес ақпанды қатарына.
Күні бойы жылаған қарт пенденің,
Түні бойы мұз тоңды сақалына.

4. Улыбышев Александр

Нені аңсаймын
Мұқағали Мақатаев
Нені аңсаймын?..
Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын,
Heгe аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын
Ұл де, мейлің, адасқан құл де, мейлің,
Сені аңсаймын, туған ел, онан сайын!
Қуат берген дәмің мен тұзың маған,
Қаймағыңды аңсаймын бұзылмаған.
Гүлін сүйем, шалғынның бүрін сүйем,
Үнін сүйем масаңның ызыңдаған.
Сені аңсаймын, қайнаған ақ бастаулар,
Ақ бас таулар - самайын ақ басқандар.
Сені аңсаймын, қазіргі ақ бас шалдар,
Бұрынғы өреден құрт ап қашқандар,
Су кешіп, жалаң аяқ от басқандар

5. Бекмурзина Гузель
Қазақ Жері

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!
Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қардырған.
Көктемі - балауса, балдырған,
Ал күзі - алып бір ақ қырман,
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған.

6.Саннова Женя
Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
6. Шарабирдинов Айбек
ҮШ БАҚЫТЫМ
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

1-жүргізуші Акнур

«Жазылар естеліктер мен туралы…» деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағалидың көзін көріп, бірге жүргендер арасында бүгінде ақынның әр ісін аңыз қылып айтып, ақын жайлы естелік жазбағандары кемде-кем. Сол естеліктердің бірнешеуіне көз жүгіртсек…

Жары Лашын Әзімжанова ақын өмірінің кейбір сәттері туралы былайша әңгімеледі.

- Өмірінің марқайған кездері, қуанған сәттері де, қайғысы да басым болды. Ақкөңіл, ақкөңіл адам болатын. Құдай талант берген соң ептеген тік мінезі де болды. Біреу өзіне қарап болмас сөз айтса қайтарып тастайтын. Сонан кейін кек сақтау дегенді де білмейтін. Ол халқын қалай сүйсе, халық та солай сүйді.Тұрмысыз өте қарапайым болды. Бірде жұмыс істесе, бір кездері бос жүрді.
Таңды атыратын кездері де бар. Бір жазғанда өндіріп тастайтын. Ал үлкен дүниелерге әбден әзірленіп болған соң барып отыратын. «Ильич», «Райымбек, Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда» поэмалары осылай туған. Мұндайда ұйқыны да, тамақты да ұмытатын. Ертесіне жазған өлеңін шабыттанып, мақтанып, шай үстінде ең әуелі маған оқып беретін

Ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы әкесінің адамдық болмысы мен азаматтық бейнесі жайлы былайша әңгімеледі.

- Барлық жағынан өте ұқыпты болатын. Жазу столы әрқашанда ұқыпты тұратын. Әкем бірде менен балам, сенен кейін әкең қандай адам болған сұраса, сен не деп жауап бересің?-деп сұрады. Мен ол кезде жаспын не деп жауап берерімді білмей күмілжіп, тұрып қалдым. Сонда әкем маған: “Менің әкем өте сәби жанды адам еді”- деп айт деді. Түсінген адам түсінеді, түсінбегені өздері білсін, - деді.

“Жазылар естеліктер мен туралы...” атты естеліктер жазып, жарыққа шығарған ақынның нағашысы Әбіжан Құтпанбаев мырза ақын жайлы ойын былайша сабақтады.

- Мұқағали қайтыс болғаннан кейін, ол жайлы естелік жазғыштар көбейіп кетті. Ол естелік жазушы адамдар біреуі Мұқағалиды көрген, енді біреулері көрмеген, кейбіреулері оның өлеңдеріне сүйеніп жазады. Сонан Мұқағалидың нағашысы ретінде өмірбаяны, туған туысы, өскен ортасы жайлы сіз жазыңыз деген соң қолыма қалам алып өзінің сөзіне орай, “Жазылар естеліктер мен туралы...” атты естелік жаздым.
- Мұқағалиды халқы өзі бағалады, өзі насихаттады.

Мұқағалиды зеттеуші ақын Оразақын Асқар:
Мұқағали менімен танысқан кезінде 1955 жылы ауылда қазақ мектебінде орыс тілінен сабақ беретін мұғалім екен. Жасы жиырма бестерде. Темекі тартпайды, арақ ішпейді. Орыс тілін өздігінен меңгерген. Ауылда, ауданда, мектептерде кітапханалардың бәрін де оқып алған еді. Сонда Лашынның інісі Мәскеуде жұмыс жасайды екен. Сол жігіттен арнайы Ресейден кітаптар алдырады екен. Мұқағали өзін өзі оқытып, өздігінен білім алған. Бір қызығы, Казгудың филология факультетіне түсіп, екі жылдан кейін ол жақтан шығып кеткен. Одан кейін ақын шет тілін білуі керек деп, неміс тіліне қызығып, шет тілдері институтына оқуға түскен. Оны да солай тастап кеткен. Тіпті Мәскеудегі екі-ақ жыл оқытатын Горкий институтына түсіп, келесі жылы кетіп қалған екен. Өзінің күнделігінде жазады ғой, «білімім орташа, бірақ жоғарыдан кем емес» деп. Ол расында да артық білген. Алла оған дарын берген.
Достарына келер бослақ, Шәмілмен, Төлегенмен, Оспанханмен, Қадірмен, Тұманбайлармен дос болды ғой.

Бибігүл Төлегенова:
Әлі есімде, 1950 жылдың бас кезі. Мұқағали екеуміз Қазақ радиосында бірге жұмыс істедік. Мен – әншімін, ол – диктор. Біз секілді студенттер үшін бұл деген – үлкен олжа. Менің байқағаным, ол қашанда кеудесін тік ұстайтын. Көңіліне кір жасырмайды. Кімнің алдында болса да пікірін ашық, әрі нық айтады. Бірақ шуағы мол. Әдемі қалжыңдайды. Тектілігі көрініп тұрады. Әйтеуір өзіме деген сый-құрметінен басқа бөгде қылығын көрген емеспін. Талантты, өнерді өте жоғары бағалайтын.
Нұрғиса Тілендиев:
«Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім.Жүрегім әлсіреп, екі айға жуық емханада жаттым.Арада екі ай өткен соң жұмысқа киетін пешпенттің қалтасынан хат шықты.Мұқағалидың жазуы. «Аға, мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін? Мынаған назар аударып көрерсіз» -депті. Емханада қатты ауырып жатқанда маған жіберген сол өлеңі. «Есіңе мені алғайсың»екен.Жаным күйзеліп отырып, ақынінім көз жұмғаннан кейін әлгі өлеңге ән жаздым.
Міне,аяулы Мұқағалиымызды бүгін де еіміе алып отырмын.

«Есіңе мені алғайсың» әні орындалады.
1-жүргізуш Акнур
Мұқағали өлеңдерінің өзгеше қасиеттілігі, ондағы сезімнің сыршылдығы- өлең сөздің құдіретін Абайша сезіне білгеннен болатын.Ұлы Абай сынды айналасынан «Мұңдасар бір жан таппаған» сәтте, туған табиғатына табынып, тау тасына, мөлдір бұлағына, ақ қайыңына мұңын шақты.
Сен адам бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын
Келісесің бе, жас қайың? –деп әділетсіз өмірден түңілген ақын бір сәт ақ қайың боп өмір сүргісі келеді.

Митряшина Влада
• Өмір сүрейік алмасып
• Жапырақ жүрек жас қайың!
• Жанымды айырбастайын.
• Сен адам бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың?
• (Көрінер, мүмкін, кімге ерсі),
Өміріңді маған бір берші!
Дүрбелең мына дүниені,
Адам көзімен бір көрші.
• Қайың боп мен де бағайын,
Орманнан орным табайын.
Беймәлім маған өмірге,
• Қайың көзімен қарайын.
• Сен-дағы жерден нәр алдың,
Мен-дағы жерден нәр алдым.
Біреуден сен де жаралдың,
Біреуден мен де жаралдым.
Тілің жоқ, жанды қайың сен,
Айырмашылығым — Адаммын
• Мендегі бары бір жүрек,
Беріпті жүрек саған мың.
Сондықтан ұзақ жасайсың —
Құрдасы келер заманның.
• Бар-жоғы менде бір жүрек,
Ол өлсе — мәңгі кеткенім.
Сендегі семсе мың жүрек,
Келгенде жасыл көктемің,
Тірілер қайта дүркіреп.
• Жапырақ жүрек жас қайың!
Жанымызды айырбастайық.
Адам боп жүрсең қасқайып,
Тәуекел, айырбастайық!
• Өмірге өмір жалғасып,
Анамыз жерге жармасып.
Бірде адам, бірде қайың боп,
Сүрейік өмір алмасып

Ибескенова Ақнур Бейнебаян көрсете отырып,өлең оқылады
О, Поэзия!"Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да.
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл - жасыл шұғыла шашылганда,
Көк жиек пен көк жиек косылғанда.
Махаббаттан іздедім, сагыныштан,
Арманымнан іздедім алып ұшқан.
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім жадырау,жабығыстан,
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
Қуаныштан, түршигу,күрсінуден,
Сені іздедім жүректін дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттардан іздедим, сағаттан да.
Сені іздедім, іздеймин тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?"


2.Жүргізуші Влада М.Мақатаевтың өлеңдері, жыр-шумақтары ғасырдан-ғасырға жалғаса береді. Мұқағали Мақатаевтың есімі жалпы қазақ баласына, жырсүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай, оның өлең-жырлары өлген жоқ.Мұқағали Шекспир,Дантес, Лермонтов,Пушкин,Некрасовтың өлеңдерін де аударды. Мұқағалидың орыс тіліне аударған өлеңдері де аз емес.

У изголовья колыбели Маслов Валера

Присутствие покоя на земле
Подобно сну младенца в тишине.
Ты, пробудившись, сына не тревожь,
Пусть он ещё понежится во сне.

Спи, спи, сынок, малыш, ты видишь сны,
Твои, о мир, богатства не нужны!
Достаток мой и счастье – всё твоё,
Всё, чем мои хранилища полны.

Твой чудный смех – отрада для отца,
Не будет умилению конца.
Что ты лепечешь там, о светик мой,
Тем язычком, щекочущим сердца?

Бесік басында Диана
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге.
Ұйықта, ұлым, ұйықта, бөпем, қасыңдамын,
Керек емес, дүния, асылдарың!
Бақыт, байлық - барлығы менің үшін
Сенің бір кеп мойныма асылғаның.
Аймалайсың жанымды күлкіңменен
, Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.
«Менің анкетам»өлеңі көрініс түрінде көрсетіледі.

Дәрігер:№17 палатадағы Мұқағали жолдас, бері келіңіз, анкета толтырамыз.
Дәрігер: Туған жеріңіз?
Ақын: Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Дәрігер: Туған жылыңыз?
Ақын: 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Дәрігер: Шыққан тегіңіз?
Ақын: Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Дәрігер: Білімің ше?
Ақын: Орташа ғой. Алайда оны жоғарыға балаймын.
Дәрігер: Ана тілің?
Ақын: Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.
Дәрігер: Қайда істейсің?
Ақын: Мынау еңбек кітапшамнан тауып ал. Оқымаған дипломсыз демесең, бір бойымнан бар мамандық табылар.
Дәрігер: міндеттісің бе әскерге?
Ақын: Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, жанын қиған Мәскеуде.
Дәрігер: Шет елдерде болдың ба?
Ақын: Болғам жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, осы отырған орнымда - ақ.
Дәрігер: Мекен - жайың?
Ақын: Мекен - жайым - жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, мен өмірді жырлау үшін келгемін.
Дәрігер: Мұқағали жолдас, сіз әлі қаралып, дәрі ішуіңіз керек.
Ақын: Керегі жоқ, керегі жоқ, керегі жоқ бәрінің. Иненің де керегі, керегі жоқ дәрінің.
Дәрігер: Сіз қаралып, емделіп шығасыз, сіздей адам бізге қажет, тыңдап көрейін, әлі - ақ жазылып кетесіз.(тыңдап, дәрі жазып береді.)

«Сәби болғым келеді» әні орындалады.
“М” дегеніміз-Мұқағалидың азан шақырып қойған есімі-Мұхамедқали
“Ұ” дегеніміз- ұрпаққа ұлағатты ұлан-ғайыр жырларын Мұқағали
атамыз зор сеніммен аманат етті.
“Қ” дегеніміз-Қарасаз ,яғни Мұқағалидың туған жері Қарасаз ауылы , Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты ауыл.
“А” дегеніміз- “Аманат”, “Аққудың қанатына жазылған жыр” кітаптарының авторы Мұқағали Мақатаев .
“Ғ” дегеніміз-Ғасыр. Яғни Мұқағали Мақатаев “Ғасыр ақыны”.Ғасырдан ғасырға өз оқырманын тауып , жырларын мәңгілікке қалдырған.
“А” дегеніміз-Асқар Оразақын. Асқар-ақын , зерттеуші. Мұқағалидың бар шығармаларын зерттеп ,4 томдық шығармалар жинағын құрастырушы.
“Л” дегеніміз-Лашын,Мұқағалидың өмірлік жары . Шын аты Ләсима Әзімжанова .
“И” дегеніміз-имандылық .Адамзатқа ең бірінші имандылық керектігін Мұқағали “Дүние жүзі мұсылмандарына хат” деген өлеңінде жырлайды.
1-жүргізуші Ақнұр
Жалпы қазақ халқы наным-сенімге, ырымға сенетін халық. Сол себепті аққуды киелі санайды. Аққуды ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады., әрі оған ешқашан оқ атпаған. Аққу туралы ел аузында аңыз-әңгімелер көп. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасы, Қорқыт бабаның, Ықыластың, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу»күйлері. Ақын М.Мақатаев «Аққу»күйін тыңдауды жақсы көретін, олай болса ақынның сүйікті күйі «Аққуды» тыңдайық.
«Аққу» күйі орындалады.
Қорытынды сөз:
Мұғалім:
Көп адам дүниеге бой алдырған ,
Бой алдырып , аяғын көп шалдырған .
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы ,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?-деп Абай атамыз жырлағандай, 45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған ғасыр ақыны Мұқағали жырларынан біраз сусындағандай болдық . Әрине , ақынның мол , таусылмас мұрасын бір күнде , бір сағатта оқып білу мүмкін емес . Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап , жалғасын таба береді . Олай болса хантәңірі атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Жыр жүйрігі - Мақатаев» атты әдеби кещімізд» аяқтаймыз .
Просмотров: 1482 | Добавил: Манат_Сагинбаевна | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика