Пятница, 26.04.2024, 07:16
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Статьи

Физика пәнін оқытудағы экологиялық тәрбие

Байманова Бибіхауа Сәрсембайқызы
  Қызылорда қаласы,№136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейінің
                                       физика пәнінің мұғалімі


 Физика пәнін оқытудағы экологиялық тәрбие  


Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қажетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда. Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңді?
 ?тің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді.Токсиндік және концерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттігін төмендетеді.
Адамзат баласы қазіргі кезде шамамен 70 мыңға жуық химиялық қосылыстарды пайдалануда, осы көрсеткішке жылына 500-1000-ға жуық химиялық қосылыстар қосылып отырады.Әрине, бұл қосылыстар атмосфералық ауа, топырақ, су, өсімдік арқылы адам ағзасына қайта жинақталып, белгілі бір мөлшерде әсір ететіні белгілі. Табиғи ортаны зиянды заттармен ластайтын орындардың бірі – ғарышқа зымырандар ұшыратын әскери-өндіріс кешендері.
Қорғаныс министрлігінің негізгі экологиялық мәселелер жөніндегі тізімі бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару-жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады.
Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі – «Байқоңыр».«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың км2 жерді алып жатыр.Аймақтың рельефі – тұздытопырақты, жылжымалы құмды төмпешіктерден тұрады. Өсімдік түрлері көп, бірақ сирек орналасқан, негізінен эфермелерден тұрады, шілде айының ортасына дейін сақталып, сонан соң күйіп кетеді. Бір жылдың үш жүз күнінде жел соғып, оның 17-38 күнінде шаңды борандар тұрады.
Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуін, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгеруін ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа айналу процесі. Сондықтан ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.
Ғарыш ұшу аппаратының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ауа ағынын (циклон) күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3,2 тоннадан – 16,2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жанармай қалдықтары құрамында химиялық токсидті қосылыстардың болуында. Ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран жеткізгіштердің двигателіне пайдаланылатын жанармайына нақтырақ тоқталсақ:
Азоттетраоксиді (АТ) және азот қышқылы тотықтырғыштарымен симметриясыз диметилгидрозин (СДМГ);
Сутегі асқын тотығы мен сұйық оттегі тотықтырғыштарымен көміртегі (РТ-1, РГ, Т-1) жанармай, бұл қосылыс жұмысын аяқтаған бөлшектің жерге құлауы кезінде буланып оттегі және сутегіне айналып кетеді. РТ-1 және осы тектес басқа қосылыстар қоршаған ортаға керосин және бензин тәрізді әсер етеді, ал симметриясыз диметилгидрозин (гептил) қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын химиялық токсинді қосылыс.
Симметриясыз диметилгидрозин және оның алкилгомологтарының тез тотығуы тотықтырғыштардың түріне және концентрациясына байланысты. Мұндай тотықтырғыштардың қатарына (су, ауа, топырақ, температура) активті металдар Cu, Fe, Cr, Mn және олардың оксидтері, пассивті металдар Al, Ni, Mg және олардың оксидтері жатады.
Бұл металдарға аймақтың топырағы бай екенін ескеруіміз қажет.
Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді:
-         ұшу процесінен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады;
-         атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарыман ластайды;
-         атмосфераның озон қабатын бұзады;
-         территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен, сынықтарымен зақымдайды;
-         қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;
-         ауқымды масштабта температураның жоғарлауына әсерін тигізеді.
Қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын симметриясыз диметилгидрозиннің биологиялық объектілерге әсері жөніндегі қазіргі түсініктер толық мәліметтер бере алмайды.
Лабораториялық жағдайда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі өсімдіктердің бойының қысқа болып, кейбір морфологиялық өзгерістер байқалып, ауылшаруашылық өсімдіктерінің сапасы нашарлап және өнімділігінің төмендейтінін көрсетеді.
Байқоңыр ғарыш айлағының тұрған жері ғалымдардың болжамы бойынша космостық аппараттың өз орбитасына шығу кезеңіндегі жылдамдығының мәні үшін қолайлы нүктеде деп түсіндіріледі.
Космодромда 9 зымыран ұшыру кешені, 15 зымыран ұшыратын қондырғылар бар. Зымырандарды отынмен қамтамасыз ететін 3 станция, косманавтардың денсаулығын бақылайтын медициналық орталық, 1 – класқа жататын екі аэродром, сұйық оттегі, сұйық азот өндіретін завод, электр жылу жүйесі, газ құбырлы (газ турбиналы) электр станциясы, 470 шақырым темір жол, 1280 шақырым автомобильдер жүретін магистрал, электр, жылу, сумен қамтамасыз ететін жүйелері бар.

 Ресей Байқоңырды жалға алғанына Қазақстан бюджетіне 1994 жылдан бері 115 миллион доллар төлейді. Келісім шарт 2010 жылдан 2050 жылға дейін ұзартылды. Аралдың азабы аздай, Байқоңыр ғарыш айлағы да осы аймақтағы ағайынның денсаулығына зала- лын тигізіп келеді. Әйтсе де, 6717 шаршы шақырымды алып жатқан әлемдегі тұңғыш һәм ең үлкен ғарыш айлағы.  
Аспан аясынан тажал боп төніп, жер бетіне сіңіп жатқан аса қатерлі гептилді залалсыздандыру химиялық жолмен негізінен гипохлорид кальций ертіндісімен жүргізіледі. Шындығында гептил С7Н15 алкильды радикал. Оның әскерилер арасындағы бүркеншік аты – диметилгидразин. Ол ракеталық техникалар - ресейлік РН “Протон”, ресейлік-украиналық РН “Днепр”, “Космос”, украиналық РН “Циклон”, америкалық “Титан”, франциялық “Ариан”, ғарыштағы кемелер мен спутниктердің, орбиталық және планетааралық станциялар мен баллистикалық ракеталардың қ
 озғаушы қондырғыларында пайдаланылады. Химиялық формуласы - С2 H8 N2. Сұйық күйінде, молярлық салмағы – 60,1 г/моль. Су, мұнай қоспалары, органикалық сұйықтармен тез араласады. Азот қышқыл мен тетраокись азотымен байланыста тез 3500С дейін жанады. Диметилгидразин термикалық шыдамды. Ал 3500С пен 10000С ыстықтықта аммиак¬, аминдер, синил қышқылы, сутегі, азот, метан¬, этан, смола басқа да химиялық заттар түзеді. Мұның бәрі де ғылыми-тәжірибелік дерек көздерінен¬ алынған айғақты мәліметтер.
Байқоңыр ғарыш айлағында болған ірі апаттар:
2006 жылдың 27 шілдесінде 1 сағат 43 минутта Байқоңыр ғарыш кешенінен Беларусьтың «Белка» жер серігі 18 ғарыш аппаратын арқалай ұшқан «Днепр» зымыран ұшырғышы жақын орбитаға енуге 10 секунд қалғанда, яғни, ұшудың 73-секундінде Сарыарқа үстін басып өтетін траекториясынан ауытқып, Сыр өңірінің 189,6 шақырым қашықтықтағы жатқан Тәйімбет Көмекбаев және Қуаңдария ауылдарының жанына құлап түсті. 2013 жылдың 2 шілдесінде таңертең сағат 9 шамасында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған «Протон-М» ЗТ қозғалтқышының бірінші сатысының штаттан тыс жұмыс
 істеуі салдарынан бірінші минутта-ақ жарылып, зымыран ұшыру кешенінен 1 шақырым жерге құлап түсті. Зымыран құлаған жерде өрт шыққан.  «Протон-М» ЗТ-тің  жарылып кетуі салдарынан ұшыру кешеніне зиян келмеген. Ғарыш айлағындағы қызмет көрсетушілер зардап шекпеген. Бортында шамамен 600 тонна гептил, амил, керосин мен оттегі болған
Табиғат бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние.Табиғаттың пайда–болуы адамның пайда болуына әкелді. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.Табиғаттың тамаша бір қасиеті ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз-ақ өзін тазартып ала алады.Ол адам баласының іс-әрекетінің қалдығынан өзін-өзі тазарта  алмайды, табиғат уланып, ластанады.Бұл жерде адам көмегі керек-ақ!
Таза табиғат үшін күрес – өмір үшін күрес, келешек үшін күрес.Туып өскен ортаның табиғатын қорғау үшін әрбір адам өз жерінің табиғатын оның ерекшеліктерін білу қажет, неден зардап шегіп тұрғанын анықтап өз көмегін бере білу қажет деп те ойлаймын.

Категория: Статьи | Добавил: Kairat (09.10.2014) | Автор: Бермаханова Рая E
Просмотров: 1048 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика