Суббота, 27.04.2024, 04:37
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Статьи

Жаңа әдіс - жаңа білім беру негізі

Жаңа әдіс - жаңа білім беру негізі
"Шәкіртім - бақытым" – деп соғатын ұлы жүрегі бар ұстаздар қауымына бас имейтін жер бетінде, сірә, пенде жоқ шығар... Ел тұтқасын ұстаған ел ағалары да, сөзінен бал тамған ұлы ақын -жазушылар қауымы да, білімнің "жілігін шағып, майын сорған" ғалымдар да осы ұстаз деп аталатын қауымның алдын көріп, білім алған. Алғаш рет мектепке барып, қолына қалам ұстап, әліппедегі 42 әріпті танытқан ұстазын ешкім де ұмытпақ емес.
Әрине, қазіргі заманда мұғалімнің болмысына қойылатын талап өте жоғары. Елбасымыз Н.Назарбаев: "Білімді сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші " - деп атап көрсетіп отыр. Ал қазіргі қоғамымыздың қарыштап, дамыған кезінде мұғалім мен оқушының білімі мен тәрбиесі аса маңызды. Өйткені ел тұтқасы жан-жақты білімді, тәрбиелі жанның уысына түскенде ғана өркениетіміз алға дамымақ. Қазіргі өзгеріп отыратын қоғамның мұғалімі - сол өзгерістерге ілесе алатын,өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыратын, рухани дамыған, шығармашыл құзіретті тұлға. Жүрегінде ұстаздық ұлы мамандыққа деген шынайы сезімі бар әрбір азаматты оқытып отырған шәкіртінің келешегі мен болашағы толғандырмай қоймасы хаһ. Осы орайда өзім оқып, меңгеріп жатқан Кембридж тәсілдері оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан. Біздің халқымыздың менталитетіне мұхият назар салар болсақ, жаратылысымыздың өзінде ақын М. Жұмабаев:
"Алдындағы малымен ,
бірге жусап, бірге өрген.
Момақан ғана елім бар,
Неге екенін білмеймін
Сол елімді сүйемін!" дейтін момақан елміз. Бірақ бүгінгі күн талабы үндемей ел соңынан ере беруді қаламайды. Қазір Қазақстан - 30 елдің қатарына ілінуге талпынып отырған өнегелі ел, сондықтан да болашақ ұрпағымыз үшін алға ұмтылып, өркениетті елдердің тобынан артта қалмауымыз керек. Ал Кембридждік әдіс-тәсілдерді оқуда осы өркениетке барар жолдың үлкен тармағы жатыр. Бұл жолда ұстаздар қауымының артар жүгі аз емес. Жеті модульді сабақтастыра отырып оқытатын сабақ барысы тек теорияны ғана меңгертіп қоймай оны өмірде қолдану жолдарын көрсетеді. Жалпы айтқанда бұл бағдарлама - жас ұрпақтың білімін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда, жаңалықтар ойлап, ғылымға үлестерін қосуда бірден-бір тиімді бағдарлама. Ең әуелі сабақтарымда ынтымақтастыру атмосферасын ұйымдастырып аламын. Бұл әдістің оқушы түгілі мұғалімді де сабырлы қалыпқа түсіретініне көзім жеткендей... Сабақ басталмас бұрын бұрынғыдай "Үйге не тапсырма берілді?" немесе "Қане, үй тапсырмасын кім орындап келді ?" деп оқушыны да мұғалімді де бір сарыннан шығармайтын, жалығуға әкелетін бірсарындылықтан құтылғандай болдым, себебі оқушылар сабаққа кіре салысымен жақсы көңіл-күймен бір-біріне, кейде мұғалімге деген тілектерін айтып жатады. Кішкентай да болса үлкен тілектер айтқандарына риза болып, алдыңдағы шәкірттіңді тани түсесің, кейде сырттан алып келген жаман көңіл-күйің көтеріле кетеді. Оларға деген ұстаздық махаббатың арта түседі. Ал топқа бөлуде алғашқыда қиналғаныңмен кейіннен топтастыру әдісінің тиімділігіне көзің жетеді. Оқушылар бірлесе отырып , өзара іс-әрекет арқылы бірін- бірі үйретіп, ешкіммен араласпай отыратын оқушылар да сабаққа белсене араласып, өз ойларын айтуға тырысып жатады. Ынтымақтасып, бірлесіп , ұйымшылдықпен жұмыс жасауға тырысады. Оқушы мұғалімнің күштеуімен емес өз қызығушылығымен оқуға талпынады. Жеті модульді қолдануда ептілік, сабырлылық, табандылық сияқты қасиеттер өз бойыңнан да оқушы бойынан да орын ала бастайды.
"Адамның білім алып, тәрбиеленуі дүниеге келген сәттен бастап, соңғы күніне дейін жалғасады,"- деген Платонның сөзін оқи отырып мен ұлы ақын Абайдың "Адамның мінезін жөндеу мүмкін емес деген адамның тілін кесер едім" деген ойын еске түсірдім. Қандай керемет сөз еді десеңізші... Яғни мына оқушы нашар деп ешқашан ой түюге болмайды, қазіргі білім беру жүйесінің жаңалығы, білім жүйесіне ендіретін өзгерісі де осы.
Төлендиева Клара Бекмұрат қызы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
Қаржан жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Үшінші (базалық) деңгей біліктілік арттыру
курсының сертификатталған мұғалімі

Категория: Статьи | Добавил: DIM (25.09.2014) | Автор: Төлендиева Клара Бекмұрат қызы E
Просмотров: 934 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика