Пятница, 26.04.2024, 16:43
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

«Бағдаршам»

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Шағалалы ауылы

«Балдырған» балабақшасы

Тәрбиеші: Исламханова Г.Ш

«Күншуақ» тобы

2014-2015 оқу жылы

 

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: «Бағдаршам»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға бағдаршам туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілетін, қол моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Сақтыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: бейнетаспа, бағдаршамның суреті,түрлі түсті қағаздар,үлестірмелі материалдар,кубиктер.

Кіріспе:

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Жарқырап шықты күн бүгін!-деп, балалар қолдарын жоғары созады.

 

Негізгі бөлім:

-Балалар бүгін біз бағдаршаммен танысамыз.Бағдаршам қалада көшенің

бойында тұрады. Оның үш көзі бар. Қызыл,сары,жасыл. Сендер қалаға барғанда көшенің бойында тұрған бағдаршамды көріп жүрсіңдерме?

Балалар жауабы: Иә көрдік.

-Балалар,сол бағдаршам жол тәртібін реттеп тұрады. Көліктер мен адамдар жолдан өтерде бағдаршамға қарап,өзінің тәртібімен өтеді. Қазір біз бейне таспадан бағдаршамның жол тәртібін қалай реттеп тұрғанын көреміз.

-Балалар, сендерге бейнетаспадағы бағдаршам ұнады ма?

Балалар жауабы: Иә, ұнады.

Тосын жағдай:

Есік қағылып, топқа бағдаршам келеді.

Бағдаршам:

Сәлеметсіңдерме, балалар!

Сендер мені танисыңдар ма?

 

Балалардың жауабы:

Сәлеметсіз бе!

Бағдаршам!

 

Бағдаршам:

Мен сендерге қонаққа келдім. Сендер жаңа ғана бейнетаспадан мені көрдіңдер, менің үш көзім бар екенін білдіңдер,енді маған айтыңдаршы сендер осы көздерімнің қайсысы жанғанда жүрмейсіңдер,қайсы көз жанғанда дайындаласыңдар, ал қайсы көзім жанғанда жүресіңдер, соны маған айтып берсеңдер мен қатты қуанар едім.

Тәрбиеші:

Жарайды бағдаршам, біздің балалар бәрін біледі.

Балалар,қараңдаршы бағдаршамның қызыл көзі жанды, жүремізбе?

Балалардың жауабы:

Жоқ.

Тәрбиеші:

Балалар,сары көзі жанды,жүремізбе?

Балалардың жауабы:

Жоқ, дайындаламыз.

Тәрбиеші:

Балалар, жасыл көзі жанды, жүремізбе?

Балалардың жауабы:

Иә, жүреміз.

Бағдаршам:

Балалар, сендерге көп-көп рахмет,бағдаршамның жолда жүру тәртібін біліп үйреніпсіңдер.

Тәрбиеші:

Балалар, қазір біз бағдаршамды құрастырайықшы. Алдарыңда тұрған

бағдаршамның үш көзі жарты шеңбер болып тұр, соның жартысын

тауып, дөңгелек етіп құрастырамыз.

Құрастыру сабағына отырады. Үстелге алдын ала дайындалған бағдаршамның жарты шеңбері тұрады, соны балалар толықтырып құрастырады.

 

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ!

Сол қолымда бес саусақ!

Болады екен он саусақ!

 

Ойын: «Топтастыру»

Мақсаты: Балаларды түсті ажырата білуге үйрету.Қол маторикасын дамыту.

Барысы: Үстел үстіне қызыл, сары, жасыл түсті кубиктерді қою.

Әртүрлі түстегі кубиктерді бөлек қою.

Балалардың әрқайсысын біртіндеп шақырып, қызыл

кубикті қызыл кубиктің үстіне,сарыны сарыға,жасылды

жасыл кубиктің үстіне қою керек.

 

Қорытынды:

Балалар, сонымен бүгін біз не үйрендік,қайталап өтейікші. Бағдаршада үш көз бар екен. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда жүрмейміз,сары көзі жанғанда дайындаламыз,жасыл көзі жанғанда жүреміз.Дұрыс айтасыңдар, сендерге көп-көп рахмет,бәрің жақсы жауап бердіңдер! 

Категория: Уроки | Добавил: Kairat (18.03.2015)
Просмотров: 2061 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика