Пятница, 26.04.2024, 12:21
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Төрт түлігім – ырысым

Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылы

«Ұзынкөл» балабақшасы

Тәрбиеші: Адилбаева Жулдыз Сансызбаевна

Төрт түлігім – ырысым

(Ұйымдастырылған ашық  оқу іс-әрекеті )

Тақырыбы: Төрт түлігім-ырысым

Мақсаты:Балалардың төрт-түлік және төлдері туралы білімдерін кеңейту.Төрт-түлікті күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Сөздік қорларын молайту,тілдерін дамыту.Төлдерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: Төрт-түлік малдың суреттері, дидактикалық материялдар

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

Сабақтың барысы: Жылулық шеңбері

Шеңбер болып тұрып, бүгінгі күнге жылы тілегімізді білдірейік.

                                          Сәлем бердік, алтын күн,

                                          Сәлем бердік, жер ана.

                                          Сәлем бердік ашық аспан,

                                          Сәлем бердің баршана..

-Бүгінгі күнге жақсы тілек айттыңдар.Менде сеңдерге бүгіңгі күндерің сәтті болсын деймін.

 -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың көктем мезгілі.

-Көктем  мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады.

-Қар еріп күн жылына бастайды, ағаштар бүршік жарады,адамдар жеңіл киінеді,құстар туған еліне орала бастайды.

-Ал, балалар көктем  туралы кім тақпақ айтып береді.

Гулжанат:                      Көктем қандай көңілді,

                                         Күміс жаңбыр төгілді.

                                         Мөлдір аспан ашылып

                                         Күн пердесі сөгілді

Алтынбек:                    Алақай-ау,балалар,

                                        Қандай жақсы көктемгі ай.

                                        Гүлге оранды кең дала,

                                        Келді ауылға көп торғай

Біз қай мемлекетте тұрамыз?

Қазақстан мемлекетінде.

Қазақстан қандай ел?

Егеменді, тәуелсіз мемлекет.

Ал балалар осы біздің елбасшымыз кім?

Н.Ә.Назарбаев

Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев қай қалада тұрады?

Астана қаласында

Елбасшымыз туралы кім тақпақ біледі?

Жандарбек:

Елімде бейбіт, тыныш, заман болсын,

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын.

Елімнің ел ағасы, елбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын

 

 

Ел рәміздерін атаңдар?

Әнұран, ту, елтаңба.

Ал, балалар рәміздер туралы кім тақпақ тбіледі?

Разия:

Рәміздерім -елдігімнің белгісі,

Білу керек бала- дағы ең кіші.

Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді- жатқа білген жөн кісі

Жандарбек:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Дильназ:

Елтаңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі

Мұнда да бар ерлігім

Халқымыздың бірлігі

Разия:

Ән ұраным жан ұраным

Айтар әнім,сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым

Жүрсем егер дүние кезіп.

Өте жақсы, балалар!

Ал, енді балалар мен сеңдерге жұмбақ жасырайын.

                Жұмбақ жасыру

1.Кішкентай ғана бойы бар,

  Айналдырып киген тоны бар.

                                                         Жауабы қой

2.Кезікті бір жануар,

  Үстінде екі тауы бар.

                                                          Жауабы түйе

3.Қамыс құлақ,тостаған тұяқ,

  Мінсең қанат,сүті дәрі,еті тамақ.

                                                          Жауабы жылқы

4.Екі айнасы бар,екі найзасы бар.

Төрт жылтырағы бар,бір шыбыртқысы бар

                                                                 Жауабы сиыр

4.Басында таяғы бар,

  Төрт аяғы бар.

  Иегінде сақалы бар,

  Бір сыпырғышы бар.

                                                                 Жауабы ешкі

Өте дұрыс, бұл жануарларды бір сөзбен қалай атаймыз?

Төрт-түлік мал немесе үй жануарлары деп атаймыз.

-Ежелден қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан.Малды көлік ретінде пайдаланамыз, сүтін ішеміз,етін жейміз,терісінен киім тігеміз.Сондықтанда қазақтар малды жақсы көрген.

-Балалар біз төрт-түліктен қандай тағам аламыз?

-Сүт, қаймақ,май, аран,құрт,ірімшік аламыз.

-Балалар, осы төрт-түліктің  төлдері болады.

-Сиырдың төлін не дейміз?

-Бұзау

-Жылқының төлін ше?

 -Құлыншақ

-Түйенің төлі?

-Бота

-Қойдың төлі?

-Қозы, қошақан

-Ешкі төлі?

-Лақ

Өте жақсы балалар!

Жарайсыңдар балалар.Шаршаған боларсыңдар бойымызды сергітіп алайық

                                            Сергіту сәті

                               Аспанға қарап бұлт көрдім,

                               Жерге қарап жер көрдім.

                               Оңға, солға бұрылып,

                               Егеменді ел көрдім

Төрт-түлікке байланысты тақпақ айту

Разия:

Қой сүйеді баласын: «Қоңырым!» -деп,

«Ештенені білмейтін момыным »,-деп.

Сиыр сүйеді баласын: « Торпағым!»- деп,

«Қараңғыға баспаған қорқағым!»-деп.

Түйе сүйеді баласын: «Тайлағым!» -деп,

«Жабу жапса,жарасқан жайнағым»,- деп.

Ешкі сүйеді баласын: «Лағым!» -деп,

«Тастан-тасқа секірген шұнағым!», -деп

Жылқы сүйеді баласын: «Шұбарым!»- деп

«Жүгіруден тарасын құмарың»-деп.

Дильназ:

Міңезім жайлы сиырмын.

Байлығымын бір үйдің.

Етім дәмді,сүтім бал,

Сырымды менің ұғып ал.

Гулжанат:

Құлыншағым,құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтылдайды жұлдызым,

Құстай қанат қағады

Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап »

         Ойын шарты: :  Әр малдың қастарына төлдерін дәл тауып  апару     

         Жарайсыңдар, балалар.

        Балаларды белсенділік орталығына шақыру.

         Шығармашылық орталық:1-топ  Сурет салу

          Шығармашылық орталық:2-топ жапсыру

         Шығармашылық орталық: 3-топ құрастыру

         Балалардың жұмыстарын қарап,бағалау.

Қорытынды:

Бүгін сабаққа барлығында жақсы қатыстыңдар!

Балаларды жұлдызшалармен марапаттау.

Категория: Уроки | Добавил: Kairat (17.02.2015)
Просмотров: 1100 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика