Суббота, 04.05.2024, 08:00
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Тәуелсіздік - еркіндік
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
Пески орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Нұртазина Бахтыгүл Ержанқызы

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік - еркіндік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін тиянақтай отыра тәуелсіздік туралы толығырақ мәліметтер беру арқылы ой -өрістерін кеңейту және грамматикалық тақырыпты байланыстыра отыра қайталап толықтыру.
Дамытушылық:оқушылардың ауызекі сөйлеу кезінде өз ойын сауатты жеткізе алуға дағдыландыру.
Тәрбиелік:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің белгілерін жоғары бағалауға , елімізді сыйлай да, құрметтей білуімізге, яғни осындай мемлекеттің арқасында саналы да білімді азамат болып шығуға тәрбиелеу, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, карта,үлестірмелі қағаздар
Сабақтың әдіс-тәсілі:ой бөлісу, сызбаны толықтыру,сұрақ-жауап, сөз, сөз тіркес, сөйлем құрастыру,тілек білдіру.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Пәнаралық байланыс:геграфия, тарих
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Қызғушылықты ояту кезеңі:
« Шаттық шеңбері»
-Балалар, мен әрқашан өзімнің туған жерімді, яғни тамаша балалық кезім өткен туған ауылымды, достарымды, әке-шешемді жиі еске алып сағынамын. Кіндік қаным тамған жерім мен үшін аса қымбат, себебі ол жерде атақты жазушылар Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Сафуан Шаймерденовтер де туып-өскен.
Балалар, Отан, туған жер дегенде көз алдарыңызға не келеді, кімді және нені өз Отаным деп атай аламыз?
1 -слайд туғандарым мектебім

мұғалімім достарым

ауылым отбасым

бауырларым көршілерім

ата-анам мемлекетім
табиғатым

Дұрыс, балалар, яғни «Отан» деген не?
(Балалар өздерінің ойларын айтады)
«Отан» деген адамның туып-өскен жері
Біздің бәріміздің туып-өскен жеріміз Отанымыз қай мемлекет?
-Қазақстан қандай мемлекет?
(тәуелсіз, егемен, еркін, көпұлтты, тату, бейбіт, бірлігі жарасқан,демократиялық, дербес, зайырлы ...)Қазақстан не себепті тәуелсіз , егеменді, еркін мемлекет, қалай ойлайсыңдар?
Ендеше осындай елімізге қалай қарау керекпіз?Слайд арқылы суреттерін көрсету (Ту, елтаңба , Ата заң, теңге, әнұран )

Құрметпен қарау керекпіз. 2-слайд
Ендеше, «Құрмет» деген тірек сөзбен «Дыбыстан –сөз, сөйлем, мағына, сөз тіркес» құрастырайық

Қазақстан Қазақстанның ұлттары ,
Ұлан-байтақ ұлыстары республиканың
Республика мәңгілік егемендігінің
Мақтаныш тірегі
Егеменді
Тәуелсіз

Қазақстанға 20 жыл
Құр,рет,ет,ұр, тұр,құм,құт,ұт,тер,ұрт ұлттар достығы

Республика мақтанышы
Менің елім
Егемендік тірегі
Тілек білдіремін
Мағынаны ашу кезеңі:
Картамен жұмыс, әр түрлі жұлдызшада жазылған тапсырмаларды орындап дұрыс жауап берілсе,картадан сол қаланы атап, орнын тауып орналастырады
Қазақстанның астанасы – Астана
сен қай облыста тұрасың? - Петропавлда
Көмірге бай өлке - Қарағанды
Оқжетпес қай өңірде орналасқан? –Көкшетау
Қазақстанның ең ірі қалаласы –Алматы
Байқоңыр қай облыста орналасқан - Қызылордада
Қазақстандағы ең суы мол Ертіс өзені қай қалаға жақын – Павлодар, Өскемен
Мұнай қай аймақта өндіріледі ? – Ақтау , Атырау
Шығыс Қазақстанның орталығы - Семей

Мына суреттерге қарап не айтамыз? Слайдтарға қарап өз ойларын айтады
1.Бұл Астана қаласы. Ол Қазақстанның астанасы , ол өте әдемі, үлкен.Онда көрікті жерлер көп.
2.Бұл Каспий теңізі . Ол өте үлкен. Қазақстанның батысында орналасқан.Суы мөлдір, таза.
3.Мынау Көкшетау тауы.Ол биік, әдемі
4Балқаш көлінің суы мөлдір,таза
5.Қазақстанның жері кең-байтақ, табиғаты тамаша, кенге бай, астығы мол

3-слайд
Жұлдызшалардағы сандарды сөйлетеміз, яғни «Сандар сөйлейді» стратегиясы
2, 16, 20, 14, 131;

4-слайд.
тәуелдік жалғауы бойынша тапсырма

менің сенің сіздің біздің оның
.... туған жерім
Отан- ... ата-анаң
... мақтанышы
... тәуелсіз еліміздің жетістіктері
... мақтанышымыз
... табиғаты өте тамаша

5-слайд
Берілген жағдаятты жалғастыр:
Жүргіншілер пойызында үш әйел адам және бір бейтаныс жігіт отырды.Бір әйел терезеден далаға қарап отырып: «Адамдар осындай жерде қалай өмір сүреді екен, мидай дала, тау да,тас та, орман да, су да жоқ» ,-дейді.
Бірер минуттан соң әлгі жігіт заттарын жинай бастайды, сонда ................................

Сабақты бекіту кезеңі:
6-слайд Күннің шуағы
«Жүректен-жүрекке»
Жұлдыздай жүрегіммен мен саған, туған елім, шын жүректен биіктерге самғауыңа тілектеспін (мұғалімнің тілегі)
Оқушылар өз тілектерін білдіреді
Жұлдыздай жүрегіммен мен саған ........ тілеймін.

(бақыт, жетістік, бейбіт өмір, ынтымақтастық, бірлік, жарастық ,байлық,тұрақтылық)

Сабақты бекіту: «Тәуелсіздік» өлеңін оқып, түсіну,сұрақтарға жауап беру
Тәуелсіздік – елім, жұртым, айналам,
Тәуелсіздік- тілім, жырым, бай далам.
Тәуелсіздік - өзен, орман, тау-тасым,
Көрік беріп Отаныма жайнаған
Ғ.Әбілқасов
-Өлең не туралы жазылған?
-Сонымен Тәуелсіздік дегеніміз не?
-Тәуелсіз Қазақстан биыл неше жаста?
-Қай жылы тәуелсіз мемлекет болды?
-Тәуелсіз Қазақстанның болашағы кімдердің қолында?

Үйге тапсырма :Нәтиже сабақ
1-тапсырма. 83-бет. Сұрақтарға жауап беріп білімдерін толықтыру.
Категория: Уроки | Добавил: Бахтыгул (13.02.2013)
Просмотров: 2009 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика